Қашықтан оқытудағы ақпараттық -коммуникациялық пәндік орта

0

Елімізде қашықтан оқытуды дамыту үшін Білім саласын басқару жүйесінің ақпараттық инфроқұрылымын жасау ұсынылған [1].

Ол Қазақстан республикасының білім жүйесіне қатысты қабылданған бірнеше нормативті құқықтық құжаттар осы саладағы жұмыстың актуальды екендігін дәлелдейді. Ол құжаттарға Қазақстан республикасының конститутциясы, Қазақстан республикасының білім туралы заңы, Қазақстан республикасының 2010 жылдарға дейінгі дамуының стратегиялық жоспары, Қазақстан республикасы Өкіметінің 2003-2006 жж. арналған    бағдарламасы, Қазақстан республикасы Білім жүйесінің 2015 жылға дейінгі даму тұжырымдамалары (12-жылдық білім беруді енгізу, кредиттік оқыту жүйесіне өту, т.б.). Бұдан басқа да білім беру жүйесінің барлық деңгейіндегі түбегейлі өзгерістер оның реформалануының, ақпараттандырылуының дәлелі.

Осылайша еліміздегі ЖОО-да қашықтан оқыту жүйесінде желілік оқыту моделін таңдаудың тиімділігін сипаттай келе  оған техикалық мүмкіндіктердің жетерлігін де айтқымыз келеді. Желілік оқыту моделі бойынша қашықтан оқыту жүйесінде ақпараттық-коммуникациялық пәндік орта ұғымын қолданамыз.

Ақпараттық-коммуникациялық пәндік орта – пәндік облыстың ақпараттық ресурстарымен ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың интерактивті құралдары көмегімен, сондай-ақ қолданушылар арасындағы ақпараттық әрекеттестік, ақпараттық-коммуникациялық технология құралдарымен орындалатын әрекеттестік көмегімен орындалатын іс-әрекеттерді жүзеге асыруды қамтамасыз ететін жиынтық [2].

Қашықтан оқытудағы ақпараттық-коммуникациялық пәндік орта сызбасы 1-суретте көрсетілген.

1-сурет. Қашықтан оқыту жүйесінің ақпараттық-коммуникациялық пәндік ортасының жалпы сызбасы.

Бұл сызбада білім беру процесінің субъектілері ретінде ұйымдастырушы-басқарушылар, оқытушылар мен студенттер келтірілген. Қашықтан оқытуда білім берудің ақпараттық ресурстарына пән бойынша даярланған электронды оқулықтар, компьютерлік тестілеу және рейтингтік бақылау жүйесі кіреді.

Ұйымдастырушы-басқарушылар білім берудің ақпараттық ортасында білім беру стандарттарын, оқу процесінің графигін, хабарландырулар және басқа да материалдарды желі арқылы таратады. Оқытушылар қашықтан оқытуда әрбір пән үшін студенттер қолданатын оқу-әдістемелік материалдарды, компьютерлік практикумдарды даярлап, жинақтайды.

Ал оқытушы-тьюторлар оқу процесінде студентпен телекоммуникациялық байланысқа шығады және пән бойынша рейтингтік бақылауды жүргізеді. Компьютерлік тестілеудің ағымдық, аралық, қорытынды нәтижелерін жариялайды. Әрине электронды оқулық, компьютерлік тестілеу, рейтингтік жүйені ұйымдастыру ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар көмегімен орындалады.

Қашықтан оқытудың желілік моделін тұрғызуда негіз ретінде бірнеше параметрлер қолданылады.  Алғашқы негіз ретінде білім беру процесіндегі оқытушы мен студенттің педагогикалық қарым-қатынастарының жиілігін сипаттайтын параметр, екінші негіз ретінде студенттің белгілі бір білім беру бағдарламасы бойынша алған теориялық білімін практикалық тұрғыда қолдану, қоршаған ортаға сай интеграциялау деңгейінің параметрлерін алады. Үшінші негіз  ретінде ұйымдастырушылық — әдістемелік тұрғыдағы жабдық және білім беру мекемесінің  студенттің өзіндік жұмыстарын бақылау деңгейін сипаттайтын параметрлер алынады. Білім беру ортасында оқыту процесін ұйымдастыру моделін классификациялауда осы 3 критерийге негізделген көзқарас білім беру процесін ұйымдастыру формаларын, технологиясы мен әдістерін қажетті деңгейде сипаттайтын нормативтерді құрастыруда ұсыныс енгізуге ықпал еткен. Қашықтан оқытуда осы нормалардың  түрлі көлемді оқу бағдарламаларындағы мәнін оқу процесін ұйымдастыру әдістеріне, қашықтан оқыту жүйесіндегі білім берудің ақпараттық ортасына, оларды жүзеге асыру технологиясына сәйкес  анықтауға мүмкіндік береді.

Оқу жоспары — оқыту процессін ұйымдастыруға қажет негізгі құжат екені белгілі. Онда оқу жалпы мақсатты көрсетеді. Ал бұл мақсатқа жету үшін оқытылатын әрбір пәннің мазмұны, орны мен ролі анықталады. Әрбір жеке пәндердің ерекшеліктері ашылып қана қоймай, оған ұқсас (туыстас) басқада пәндер циклға біріктіріліп топтастырылады. Оқу жоспарында негізгі және арнайы пәндердің жетекші компонентке кіруі және пән аралық байланыстың мүмкіндігі мен қажеттілігі ескеріледі.

         Сонымен, қашықтан оқыту жүйесі бар жоғары оқу орындарында білім берудің ақпараттық ортасы құрылымы 2-сызбадағыдай ұйымдастырылады.

2-сызба. Қашықтан оқыту жүйесіндегі білім берудің

ақпараттық ортасының сызбасы

         Жоғары оқу орындарындағы қашықтан оқыту жүйесінде білім берудің ақпараттық ортасының білім беру модулін жеке сызба түрінде 3-сызбадағыдай ашып көрсетуге болады.

ЖОО қашықтан оқыту жүйесінің біріктірілген ақпараттық білім беру  ортасының жалпы ресурстары

 

                                                            ..

Ақпараттық-коммуникациялық пәндік орта

3-сызба. Білім беру модулінің құрылымы

Оқу жоспарына сай оқу бағдарламасы негізінде қашықтан оқыту жүйесінің мәселесін тиімді шешу үшін, әрбір пәнге электронды оқулық даярлау қажет. Өйткені оқу-әдістемелік материалдардың ішіндегі ең негізгі қолданыста болатын оқулық болатын болса қашықтан оқыту жүйесінде электронды оқулық болып табылады.

Оқу жоспарына сай оқу бағдарламасы негізінде қашықтан оқыту мәселесін тиімді шешу үшін, әрбір пәнге электронды оқулық даярлау қажет. Өйткені оқу-әдістемелік материалдардың ішіндегі ең негізгі қолданыста болатын оқулық болатын болса қашықтан оқыту жүйесінде электронды оқулық болып табылады.

Қорыта келе айтарымыз, қашықтықтан оқыту жүйесінің рөлі білім саласы үшін өте жоғары, себебі бұл жүйе арқылы оқытушы-тьюторларымыз бен студенттеріміз әлемдік ақпараттармен байланысуға, ғылыми және шығармашылық жұмыстарын жетілдіруге, әлемдік ақпарат кеңістігінде өздерінің білімдерін шындауға зор мүмкіндік алады.

Пайдаланған әдебиеттер:

Қашықтан оқытуды ұйымдастыру негізгі ережелері. ҚР  МЖМБС  5.03.004 -2006.

Роберт И.В. Современные информационные технологии в образовании. -М.:  Школа-Пресе, 1994. с.205

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ