Бизнес-жоспардағы маркетингтің бағыттары мен орны

0

Аннотация: Кәсіпорынның  бәсекеге қабілеттілігін арттырудың алғы шарттарының бірі маркетинг, менеджмент және стратегиялық жоспар бойынша жұмысты ұйымдастыру және басқару  болып табылады.Мақалада осы алғышарттардың  экономикалык тиімділігі бағаланып арттыру жасауда айқындалған.

Атаулы сөздер: кәсіпкерлік, бизнес – жоспар, өндіріс жоспары, маркетинг, қаржы, материалды ресурс, пайда, пайдалылық  деңгейі.

Ключевые слова: бизнес, бизнес – план, план производства, маркетинг, финансовые и материальные ресурсы, прибыль, рентабельность.

Оңтүстік Қазақстандағы көптеген шаруашылықтар негізінен мақта өсіруге мамандандырылған. Бұл аймақта жұмыс істейтін шаруа қожалықтары мақта өсіруді жалғастырып келеді. Себебі бұл сала экономикалық тұрғыдан тиімді, көп табыс алуға мүмкіндігі бар, мақта-шикізаты өңделіп, мақта талшығы, линт, улюк және шит алынады. Осы аймақта аталған саланы дамыту үшін білікті мамандар, суармалы сапалы жер, өңдейтін және мақта жинайтын технологиялар, тұқымдық шит, басқа да қажет материалдар ресурстар жеткілікті.

Дегенмен бұл ресурстар мақта өсіруге ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану мен жаңа технологияны ендіруге, мақта өнімділігін жоғарғы деңгейге жеткізуге жетерлік мөлшерде емес. Сондықтан жаңа техника алу, айналым қорларын тұрақты деңгейде қалыптастыру мен жердің бір тегістігін, су жолдарының техникалық жағдайын жақсарту қаржылық салымды қажет етеді. Шаруа қожалықтарындағы экономикалық қиындықтар, жанар-жағар майдың, тыңайтқыштардың жетіспеушілігі, ауыл шаруашылығына бөлінген несиенің шектеулі мөлшерде екендігі, мақта баптаудың агротехникалық ережелері мен оның орындалу мерзімдерінің бұзылуы, аймақта мақта өндірісінің бір деңгейде дамуына қолбайлау болып тұр. Технология бойынша агротехникалық шаралардың қатаң сақталмауы өнімді жоғалтуға, зиянкестердің көбейіп мақта сапасының едәуір төмендеп кетуіне алып келуде.

Оңтүстік аймақта мақта шикізатын өңдейтін өнеркәсіп орындары-мақта тазалау зауыттарының қуаттары жетерлік дәрежеде. Тек мақта талшығын, оның шитін терең өңдеу, олардан дайын тұтыну тауарларын өндіру концепциясын жасау қажет.

Облыстың оңтүстік өңірлерінде бақша, көкөніс, жеміс-жидек өндірісін толығымен жолға қойып, бұл өнімдердің шеттен алып келінуі көлемін қысқарту мен рыноктағы бағасын төмендетуге мүмкіндіктер мол. Бұл салаларды өркендету бизнесі өте тиімді болар еді.

Бәсекелестік.

Қазіргі нарықтық заманында көпукладты қайта құрылған агроқұрылымдар – меншік иелері бәсекелестікке түседі. Бұл тұрғыдан шаруа қожалығы қолайлы жағдайда деп баға беруге болады. [1]

  • мақта өсіретін шаруа қожалығы кепілдігі бар суармалы және құнарлы жерге ие, ең қолайсыз хылдың өзінде мақтадан орташа өнім алуға болады.
  • шаруа қожалықтары агротехникалық шараларды дер кезінде өткізуге керекті құралдармен біршама жабдықталған.
  • көптеген ірі ауыл шаруашылық тауар өндіруші құрылымдардан оның ерекшелігі – шаруа қожалығының бюджет, банк және серіктестіктер алдында қарыздары жоқ.
  • шаруа қожалығының жер учаскесінің мөлшері зиянсыз өндіріс жүргізіп, барлық шығындардың орнын толтыруға, табыс алуға мүмкіндік береді.
  • Шаруа қожалығы нарық жағдайында өз бетінше жұмыс істеп, субъект ретінде мақта өңдеу зауытымен 0, селолық су пайдаланушылар қауымдастығымен , биозертханамен және тасымалдау – көлік нифрақұрылымдарымен келісім — шарт жасай алады.

Нарық стратегиясы

        Шаруа қожалығының мүшелері өздеріне тиімді әріптестер іздеуге , яғни ең жақын және жоғары баға қалыптасқан қабылдау пунктімен, сапалы тұқым , биоматериал өндіріп шығаратын зауытпен, зертханамен, өз уақытында ағын сумен қамтамасыз  ететін су пайдаланушылар қауымдастығымен мүмкіндігінше тиімді қарым – қатынаста болулары керек.

Ұйымдастыру жоспары және менеджмент

Ұйымдастыру жоспары және менеджмент тарауы бизнес-жоспардың негізгі бөлімі болып есептеледі, ол мыналардан тұрады:

  • фирманың ұйымдық құрылымы;
  • басқару жүйесі;
  • еңбек ресурстарын басқару.

Басқаруды дұрыс ұйымдастыру – жұмысы дұрыс жолға қойылып, алға басқан бизнеске жақсы ойларды енгізудің кілті. Негізгі құжат болып кәсіпорынның жарғысы есептеледі, оның ішінде көректі ақпараттың бәрі бар: үлескілер-құрылтайшылар мен акция иелері, бөлімшелер саны, олардың функциялары мен өзара бағыныштылығы, т.б. туралы мәліметтер. Фирманы ұйымдастыруда кімнің немен айналысатыны, барлық қызметтердің бір-бірімен байланыс-қатынастары, олардың іс-әрекеттерін үйлестіру және бақылау жолдары анықталады.

Ұйымдастыру мәселесінде кадрларды іріктеу, орналастыру және пайдаланудың үлкен мәні бар. Бұл жағдайда кадрлардан біліктілігі талап ету, лауазымдық нұсқаулықтар және басқа да барлық құжаттардың, сондай-ақ жалға алу тәртібі, пайдалану, жұмыстан шығару, еңбек-ақы төлеу, кадрлар даярлау жөніндегі іс-қағаздардың дұрыс болуы басты мәселе саналады. Басқарма қызметкерлердің, арнаулы  мамандық бойынша кәсіби жоғарлату және ынталандыру жүйесін қолдану оларды фирманың жоғары экономикалық нәтижеге (акция иемдену, табытан үлес алу және т.б.) жетуіне мүдделі етеді.

Стратегиялық жоспар. Стратегия дегеніміз – ұйымның міндетті ісін және мақсатына ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспар

жиынтығы болып саналады. Стратегиялық жоспарлау дегеніміз басшы әрекеттер мен шешімдер жиынтығы, сол арқылы ұйымның өз-мақсатына жетуі үшін басшы арнайы стратегияны іздестіреді.

Стратегиялық жоспарлау басқару шешімін қабылдауға қажетті талап болып саналады. Оның басты міндеті – ұйымдағы жаңадан енгізгендерді жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету. Стратегиялық жоспарлау басқару қызметінің төрт түрін қамтиды: ресурстарды бөлу; сыртқы ортаға бейімделу; ішкі үйлестіру және ұйымдық стратегиялық болжау.

Стартегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері:

  1. Стратегияны көпшілік жағдайда жоғары басшылары тұжырымдайды және жасайды, алайда оны жүзеге асыруға барлық деңгейіндегілердің қатысуы көзделеді.
  2. Стратегиялық жоспар жеке бір ұйымға ғана емес, бүкіл корпорацияның болашағы үшін жасалады.
  3. Стратегиялық жопар көлемді зерттеулерден және нақты деректермен негізделуі тиіс. Қазіргі әлемдегі бизнеспен тиімді бәсекелесу үшін фирма сапа, рынок, бәсеке және басқадай факторлар туралы толып жатқан ақпаратты ұдайы жинауы, әрі талдауы тиіс.
  4. Стратегиялық жоспар фирманың айқындылығын, дербестілігін білдіреді, мұның өзі олардың бір жұмыскерлерді тартуына ықпал етеді.
  5. Стратегиялық жоспарды жасағанда, ұзақ уақыт бойы тұтастығын сақтаумен қоса, қажет болған жағдайда жетілдіруді және қайта бағыттауды жүзеге асыратындай икемді болуы тиіс.

Басшы қызметкерлердің басқару мәдениеті жоғары деңгейде болған жағдайда ғана тәуекел стратегиясы жүзеге асады. Мұндайда мынадай стратегиялық сұраққа жауап беруге тура келеді: “Болашақта біздің бизнес қандай болу керек?”. Басты бөлінген капиталды немесе қосымша қаржы заемын қайта бөлуі ұйым ішіндегі дау-дамайды алдын-ала болдырмауы, стратегиялық жоспарларда шеберлік таныту, қызметкерлерді сүйемелдеп көтермелеп отыруы тиіс.

Нарықты экономика жағдайында нарықты зерттеу, нарықтық баға, қаржы және несиенің ынталандырушы рөлдерін жоғарлату, қаржылық тепе-теңдік пен тұрақтылықты, экономикалық қауіпсіздік пен өтімділікті қамтамасыз ету, нарықтық экономика негізінде кәсіпорын бөлімшелерінің өндірісішілік экономикалық қатынастарын тереңдету жатады. Бұлар реттелмейтін нарықтық қатынастар жағдайында жаңа мазмұнға ие болған әдістер. Бәсекелестер мен нарық жағдайын маркетингтік зерттеу нарықтағы сатушы-кәсіпорынның тауар және баға саясатын құруының негізі болып табылады. Мұндай зерттеулердің нәтижелері негізінде маркетингтік бағдарлама жасалынады, мұнда маркетингтің мақсаты мен стратегиясы тұжырымдалады, маркетингтік зерртеу жоспарланады, сату көлемі болжамданады, маркетингтік зерттеулерге жұмсалатын шығындар сметасы анықталады және кәсіпорынның маркетингтік бақылау жасалады.

Кәсіпкерлік іс-әрекетті жоспарлау бұл алдына өзара байланысты кешенді шешімдер қабылдау үдерісі, ол шешімдер оңтайлы нәтижеге қол жеткізуге бағытталады.

Жоспарлау – жоспарларды әзірлеу және практикалық шараларды жүзеге асыру арқылы кәсіпорынның болашақтағы экономикалық жүйесін айқындау болып табылады.

Микроэкономикалық деңгейге жоспарлау – микроэкономиканың субьектілерін саналы негізделген  еркін шешімдерін жүзеге асырудың жолы және тәсілі, осы механизм бағаны және рынокты алмастырады.

Фирманың іс-әрекетін жоспарлаудың екі түрі бар:

– фирманың рыноктағы іс-әрекетін жоспарлау;

− фирмалық жоспарлау.

Кәсіпорынның іс-әрекетін жоспарлау мынадай мүмкіндіктер береді:

  • алға қойылған міндеттерге қол жеткізу үшін жүзеге асырылатын шараларды нақты үйлестіруге;
  • басшылардың алға қойған мақсаттарды айқындауға ұмтылдыру және оларға жету жолдарын анықтауға;
  • фирманың іс-әрекетінің көрсеткіштерін анықтап келесі кезеңде бақылауға алуға;
  • кәсіпорынның кенеттен рыноктың коньюнтураны өзгертуіне әзір болуына;
  • фирманың менеджерлерінің міндеттері мен жауапкершілігін нақты белгілеуге.

Қазіргі заманғы рыноктың қатынастар жоспарлаудың қағидаларын, мақсаттарын, әдістерін және түрлерін қайта қарап өзгерістер енгізуді талап етеді. Басқа да басқару іс-әрекеттері сияқты жоспарлауда белгілі қағидаларға негізделеді. Сол қағидалар жоспарлаудың құрылымын, жоспарлау жүйесінің мазмұнын және жоспарлау үдерісінің сипаттамасын анықтайды. Ол қағидалар  мыналар:

  1. Үзілісіздігі. Тұрақты жоспарлау және жоспарға өзгерістер енгізіп отыру қажет болады, себебі мақсаттар және жағдайлар өзгеріске ұшырауы мүмкін.
  2. Үйлестіру. Интерграциялау, немес үйлестіру бір деңгейдегі ұйымдық бірліктердің өзара қарым-қатынасына қажет, ол интерграция әр түрлі деңгейдегі бірліктердің өзара келістіруге қажет.
  3. Жүйелілік. Кәсіпорын сыртқы ортада кешенді есепке кіреді.
  4. Ғылыми негізі. Жоспарлауда ғылыми әдістерді пайдалану қажет.

Әрбір кәсіпкер өзінің іс-әрекетін бастағаннан оны жақын келешекте қандай жағдай күтіп тұрғанын анық білу керек. Атап айтсақ: қаржы, материалдық, еңбек және интелектуалдық ресурстардың қажеттілігі қандай, оларды қайдан алады және оларды пайдаланудың тиімділігін есептеу қабілетінің болуы. Сонымен қатар тұрақты түрде ақпарат қорын жасап рыноктың жағдайын, бәсекелестердің жағдайын  және өзінің болашағы мен мүмкіндіктерін бағалап отыруы керек.

Кәсіпкерлік жобаны жүзеге асыру жоспары.

Бизнес жоспардың негізгі қызметі шеттен алынатын қаржы көздерін бизнеске тарту, инвестиция яғни қарызға алынатын қаржы, несие, инвесторлардың қаржысын тарту үшін әзірленеді. Сонымен қатар бизнес жоспар фирманың шаруашылық іс-әрекетін жоспарлау яғни қадағалау үшін қажет. Жоғарыда аталған бизнес-жоспардың екі түрі құрылымы және мазмұны бойынша айырмалары бар. Бизнес-жоспар бизнес операцияларды жүзеге асырудың жоспары, онда фирманың іс-әрекеті, фирма және оның шығындары туралы мәліметтер, өндірісі және сату немесе жеткізіп беру рыногы, маркетнигі, мәліметтерді ұйымдастыру және олардың тиімділігі ақпараттар жинақталады.

Бизнес – жоспардың мақсаты – қысқа және ұзақ мерзімдік фирманың шаруашылық іс — әрекетін рыноктың талабына және қажетті ресурстарды алу мүмкіндігіне сәйкестендіріп жоспарлау. Бизнес – жоспардың міндеттері:

  • фирманың ұзақ мерзімділік және қысқа мерзімділік мақсаттарын және оған қол жеткізу тактикасы мен стратегиясын айқындау.
  • фирманың іс — әрекетінің нақты бағыттарын, мақсатты рыноктарын және фирманың сол рыноктағы орнын анықтау.
  • фирманың тұтынушыларға ұсынатын тауарлар мен қызметтерінің сапалық көрсеткіштерін, ассортиментін таңдау.
  • өндірістік және өндіріс емес шығындарды бағалау.
  • рынокты зерттеу бойынша маркетингтік іс – шаралардың құрамын, сатуға қызықтыруды анықтау және баға белгілеу.

Фирманың қаржылық жағдайын және қолда бар қаржылық емес материалдардың ресурстары мен алға қойған мақсаттарға қол жеткізу мүмкіндігін бағалау.

Бизнес – жоспар мына финкцияларды атқарады:

— кәсіпкердің өз іс — әрекетінің белгілі мерзімдегі нақты нәтижелерін бағалау үшін пайдаланатын құралы.

— бизнесті жүргізу концепциясын әзірлеу және болжамды мақсаттарды анықтау үшін қолданады.

— қаржылық ресурстар алу құралы болып табылады.

— кәсіпорынның стратегиясын жүзеге асыру құралы.

Бизнес – жоспардың түрлері.

Рыноктағы қалыптасқан жағдайға және мақсаттарына байланысты бизнес – жоспардың әр түрі болады.

  • бизнестің бағыты: өнім, жұмыс, қызметтер және техникалық шешімдер.
  • Тұтас кәсіпорын бойынша: жаңа немесе жұмыс істеп тұрған.

Бизнес – жоспар кәсіпорынды дамыту және қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталуы мүмкін. Кәсіпорынның кейбір бөлімдері сондай – ақ тұтас қарастырылуы керек. Бизнес жоспарды түзу және әзірлеу әдісі.

Бизнес – жоспарды әзірлеуде мынадай талаптар есепке алынуы қажет.

Бизнес – жоспардың  құрылымының  манызы бар, едәуір күрделі құжат. Бизнес – жоспардың бөлімдерді кәсіпорын іс — әрекетін жан – жақты қамтуы қажет. Халықаралық әдіс талабы бойынша бизнес-жоспарда мына көрсеткіштер және кіріс ақпарат түрлері болуы керек:

1)инвестициялық шығындар;

2)өндіріс бағдарламасы және жеткізіп беру, сату;

3)жұмысшылардың орташа саны;

4)жалпы шығармаларын көлемге ағымдағы шығындар.

  • материалдық шығындар;
  • еңбекке ақы төлеу және әлеуметтік қажеттіліктерге аудармалер;
  • жабдықтарды көлік құралдарын жолдау және қызмет көрсету;
  • әкімшілік үстеме шығындап;
  • өнімді өткізу шығындары.

5)жалпы шығындардың құрылымы және өнімдер түрі бойынша бөлінуі;

6)айналма капиталға қажеттілігі

7)қаржыландыру көздері  — акционерлік капитал, несие б. б.

Осы көрсеткіштер мен ақпараттар инвестициялық жобаны моделдеу жүйесінде қолданылады.

Бизнес – жоспардың құрылымы:

  1. Концепция, шолу, түйін;
  2. Кәсіпорынның қақазіргі жағдайы туралы қысқаша ақпараттар;
  3. Бизнес обьектісінің сипаттамасы;
  4. Рынокты зерттеу және талдау;
  5. Ұйымдастыру жоспары;
  6. Өндіріс жоспары;
  7. Маркетинг жоспары;
  8. Әлеуетті тәуекелдіктер;
  9. Қаржылық жоспар;
  10. Қосымшалар.

Бизнес – жоспардың титулдық бетінде жобаның атауы, қашан және қай жерде түзілгендігі туралы ақпарат болуы керек. Титулдық беттен соң бизнес-жоспардың құрылымы және мазмұны келтіріледі.

Концепция, шолу және түйін: Бұл қысқа, тез оқылатын кәсіпорын жобаланған бизнес және мақсаттары туралы ақпарат. Былайша концепция бизнес-жоспардың қысқартылған нұсқасы.

Түйінде мына негізгі мәселелер көрініс табуы керек:

  • бизнестің мүмкіндіктері; бизнестің тартымдылығы; өңірге және кәсіпорындағы маңыздылығы;
  • қажетті қаржылық ресурстар
  • жобаның қайтарым мерзімі;
  • қарыз қаржыны қайтару мүмкін болатын мерзім;
  • инвестиция жасау шарты;
  • күтілетін пайда және оның бөлінуі.

Бизнестің концепциясы еркін жазылады, бірақ негізгі мақсаты көрініс табуы керек. Концепция бизнес-жоспардың соңында жасалады, бірақ басында келтіріледі.

Кәсіпорынның қазіргі жағдайы туралы қысқаша ақпарат.

Бұл мәселе бойынша мына мәселелер қамтылуы қажет:

  • бизнес-жоспарды әзірлеуге ықпал жасаған басты оқиға мен ой-пікір;
  • менеджерлердің алдына қойылатын басты жағдайлар мен проблемалар;
  • рыноктағы жағдай, қол жеткізу қажет болған жағдай;

Қысқаша түрде: кәсіпорынның құрылу күні, ұйымдық-құқықтық формасы, құрылтайшылар, заңды мекен-жайы т.б.

Бизнес обьектінің сипаттамасы.

Бизнестің бағыттылығы: өнімі, жұмыстар, қызметтер, жаңа кәсіпорын құру,  жұмыс істеп тұрғанын дамыту, қаржылық жағдайын жақсарту. Сонымен қатар тұтынушыларға ұсынылатын тауардың маңыздылығы, ерекшелігі, соңында бизнестің жетістігін қамтамасыз ететін шешуші факторлар келтіріледі.

Рынокты зерттеу және талдау. Бұл бөлімде тұтынушының басымдық беріп өнімді сатып алуда басшылыққа алатындары: сапа, баға, жеткізіп беру уақыты және дәлдігі, сервистік қызметтер рынокты сегментация жасау қажет, оның кәсіпорын шығаратын тауарға мөлшерін және сыйымдылығын анықтау қажет. Сонымен қатар тауардың және қызметтің өз орнын табу мерзімін, оның әрі қарай кеңейту мүмкіндігін оған ықпал жасайтын факторларды қарастыру қажет.

Бәсекелестерді анықтау және оларды бағалау қажеттілігі бар. Олардың күшті әлжуаз жақтарын талдау. Сату көлемін мүмкіндігін натуралды және ақша мәніне анықталған дұрыс.

Ұйымдастыру- құқықтың түрін   басқаруды ұйымдық құрылымын, басқару құрамының сипаттамасы, персаналымен жұмыс алып баруды, басқарудың материалды – техникалық қамтамасыз етілуін жазып шығару. Мұнда жетекші менеджерлердің лауазымдық міндеттерін, олардың басқару үдерістегі рөлін және қызметтердің бөлімдердің өзара байланыс айқындалады.

Өндіріс жоспары. Мұнда жабдықтаушы технологиялық цикл жабдықтарға қызмет көрсету, технологияны жетілдіру мүмкіндіктерді ескеріледі. Өндіріс жоспарында өндіріс үдерісі көрініс табады, оның құрылымы еңбек сыйымдылықтары  бойынша келтіріледі. Сонымен қатар өндірістік ғимараттар, олардың алаңдары, кәсіпорынның өндірістік алаңдары қосымша жабдықтар мен материалды ресурстардың қажеттілігі анықталады.

Маркетинг жоспары. Жобаны іске асыру үшін қажет кешенді рыноктың зерттеу бағдарламасы:

  • өткізілетін өнімнің жалпы көлемі, ассортименті жобаны іске асыру мерзімдері сәйкес жазылады.
  • өнімді жетілдіру бағыттары оның өмірлік циклден өтуіне байланысты,
  • баға саясатын негіздеу, өткізуді жоспарлау және оған қызықтыру жарнамалық компанияның сервисті және маркетингтік бақылауды жоспарлау.

Бизнес — жоспар өндірістің тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін арттыруда компанияның, фирманың  және агроқұрылымдардың негізгі құралы болып табылады.                                                                  

Резюме:

В статье проанализировано экономическая эффективность бизнес – плана и его составляющий маркетинг менеджмента и стратегии фирмы. Предложены  пути совершенствования  планирования, в часности бизнес – плана для повышения эффективности  производства и конкурентноспособности производимой  продукции.

Summary:

Article analyzed the economic effectiveness of business-plan and its rate of marmeting management and strategy of the firm. Suggest ways to improve planning, in particular business plan to increase efficiency and competitiveness of their products.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ