Шағын және орта бизнесте несиелік қатынастардың механизмдерін дамыту

0

Шағын және орта бизнестің дамуына кедергі проблемалар: қаржы қиыншылықтары, бастапқы капиталдың жеткіліксіз мөлшері, банк кредиттерінің қолжетімді еместігі, оларды алу үшін қажетті кепілдіктердің болмауы тауар нарықтарындағы жағдайды сипаттайтын ақпараттың болмауынан тауарлар өткізу мен қызметтер көрсетудің қиындығы; шикізатқа, материалдарға, энергияға бағалардың өсуі, кәсіпкерлердің кәсіби дайындығының жеткіліксіз деңгейі.

ҚР жеке кәсіпкерлік  туралы заңының 7 тарау 29-бабында мемлекеттік әкімшілік етудің мақсаттары мен түрлері келесідей:

  1. Жеке кәсіпкерлікке мсмлекеттік әкімшілік етудің мақсаттары жеке кәсіпкерлік субъектісі өндіретін және сататын өнімнің адамдар өмірі мен денсаулығына кауіпсіздігін, олардың  мүлкін қорғауды, қоршаған  ортаға кауіпсіздігін, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, алдау практикасының алдын алу, табиғи және энергетикалық ресурстарды үнемдеу, ұлттық өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.
  2. Мемлекеттік әкімшілік етудің түрлері:

1) Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсіпкерлік өнімдеріне;

2) сәйкестікті, тексеру, калибрлеу және сынақ зертханаларын  растау;

3) өнімнің жекелеген түрлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігі міндетін растау;

4) жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік бақылау;

5) жеке кәсіпкерліктің жекелеген түрлерін лицензиялау;

6) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің азаматтық-құқықтық жауаптылығын міндетті сақтандыру;

7) Қазақстан Республикасының заңдарымен жеке кәсіпкерлік субьектілсрінің, мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының жауаптылығын белгілеу.

Мемлекет экономикасын біртұтас ағза деп санасақ, шағын кәсіпкерлік сол ағзаның өмірлік маңызды мүшелерінің арасын жалғап жатқан сансыз көп, бірақ маңызы зор қан тамырларының жүйесі секілді. Олар болмаса, өзге мүшелердің өнімді жұмыс істегенінен пайда жоқ. Қазақстан ес жиып, алды — артын шамалаған сәттен бастап-ақ, орта және шағын кәсіпкерлікті дамытуға күш салып, бұл саланы мемлекет басшысы үнемі назарында ұстап келеді. Ол биылғы жолдауында осы салаға арнайы тоқталып, шағын кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажеттігін айтты. Ал содан бір айдан кейін өткен Қазақстан кәсіпкерлерінің конгресінде мемлекеттік органдардың алдына нақты тапсырмалар қойды.

Біз жоғарыда орта және шағын бизнесті кәсіпкерлікті ағзаның ұсақ қан тамырларының жүйесіне телідік. Өйткені, ағзаның түкпір-түкпіріне қажетті материалдарды жеткізіп, алыс беріс жасайтын, жаңартып отыратын осы ұсақ тамырлар. Сондықтан олардың жұмысында кедергі болмауы тиіс. Кедергінің арты белгілі, оның атын медицина тілінде «ауытқулар» дейді. Ал, экономиканың ағысындағы «ауытқулардың» соңында «артқы есіктен кіру» пара беру деген секілді тең мүмкіндік пен әділ бәсекені тежейтін көрінбейтін ықпалдар бар. Қандай бизнесті болмасын, тізгінін тартып, «көкесі» кім екенін танытып қоятын, тіпті болмаса, қағазбастылыққа салып, сандалтып коятын әкімшілік кедергілер бізде жетерлік. Шағын кәсіпкерлік өрісін ұзартып, қанатын қатайту үшін соның бәрі жойылып, заңнама реттеліп, дамуға қолайлы алғышарттар жасалуы қажет. Бұл бұған дейін ештеңе жасалмады деген сөз емес. Орасан зор жұмыстар атқарылып, қаншама заңнамалық негіз қаланды. Тек соңғы жылдары ғана лицензияланатын қызметтердің 350 жуық түрлері қысқартылды. Кейбір лицензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымдандырылды. Қазір еліміздің 1.5 млн-нан астам адамы шағын кәсіпкерлік саласында жұмыс істейді. Олардың 500 000 көбі шағын кәсіпорындарда еңбек етсе, 900 мыңнан астамы өз напақасын жеке кәсіптен тауып жүр. Соның бәрі осы уақытқа дейін тындырылған істің жемісі. Кәсіпкерлер конгресінде сөйлеген Елбасы осы жайтқа баса назар аударып, биылғы жылдың соңына дейін бизнестің алдындағы әкімшілік кедергілерді оңтайландыру, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне арнаулы салық режимін қолдану аясын кеңейту, кәсіпкерлік нысандарына әкімшілік шаралардың жазалаушылық сипатын жою жөнінде заңнамалық шараларды қабылдауды тапсырды. Жыл ортасына дейін кәсіпкерлік саласында біртұтас заң әзірлеп, оны жыл аяғына дейін қабылдау керектігін айтты. Шағын кәсіпкерлікті қолдау қорына 2007 жылы 10 млрд теңге қосымша бөлінді. Елбасының айтуынша, бұл қаржының 3 миллиард теңгесі микрокредиттік ұйымдарды құру мен олардың ресурстарын ұлғайтуға, 4 миллиарды шағын бизнес субьектілсрі үшін банк кредиттері бойынша кепілдіктер беруге, 3 миллиард қаржы лизингін, франчаизингті несиелеуді, халықаралық стандарттарды енгізуді қоса алғанда, жобалық несиелеуге бөлінбек. Нәтижесінде шағын бизнесті несиелеу мүмкіндігі 25 миллиард теңгеге дейін артпақ. Бұл да мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қолдау.

Жалпы жоқтан бар жасап, барды көбейту үшін де бір қозғаушы күш қажет. Сол секілді шағын кәсіпкерліктің өркендеп, дамуы үшін де қаражат керек екені бесенеден белгілі. Біздің елімізде қазір шағын кәсіпкерлік өкілдері екінші деңгейдегі банктер арқылы несие алып, өз шаруаларын жолға қоюда. Алайда, мұндай мүмкіндік кезінде кәсіп қылсам дегеннің бәріне бірдей тимеді. Оған әртүрлі себептер бар. Мысалы шағын несие алу үшін де кепілге қоятын капитал иемесе жұмысы жүріп түрған кәсіп керек болды. Екіншіден, несиелердің пайыздық қайтарым өсімі де жоғары болып, кәсіпкер бөлігінің бір бөлігін сорды. Дегенмен, бүгін де мемлекеттік қолдау шаралары мен мемлекеттік кәсіпкерлердің өз еңбектсрінің нәтижесінде елімізде 493 мың шағын және орта бизнес орындары ашылып, оларда 1 млн 34 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылып отыр. Бірақ шағын кәсіпкерлік өкілдерінің, нақтырақ айтқанда ауылдық жерлердегі жеке кәсіпкерлердің кредит алуы әлі де қиын шаруаның бірі, өйткені банктен кредит алу мәселесінде толып жаткан кедергілер мен тежеуші тұстар, қитұрқы әрекеттер баршылық.

Қазір аймақтарда орта және шағын бизнесті қолдау инфракұрылымы кәсіпкерлік белсенділіктің деңгейіне пропорционал түрде дамуда. Демек, аймақтардағ, яғни облыстардағы бизнес-иифрақұрылымдарды дамытуда олардың әрбірінің күшті әрі әлсіз жақтарын есепке алатын арнайы саясат қажет.

Кәсіпкерлік саласында агенттік түріндегі арнайы өкілетті орган керек. Оның міндеті орта және шағын бизнесті жоспарлы түрде қорғау мен дамыту үшін қолайлы ахуал қалыптастыру болып табылмақ. Бұл Жауазксршілік тетігін жасауға және мемлекеттік органдардың орталъқ әрі дергілікті деңгФйде кәсінкерлікті қолдау мәселелерін шешуде оперативті қимылдауына мүмкіндік береді.

Банк компанияға несие беру туралы мәселені шеше отырып, қарыз алушыларды үш категорияға бөледі: семімді (несиеге қабілетті), тұрақсыз (несие қабілеттілігі шектеулі), сенімсіз (несиеге қабілетсіз, сөйтіп оларды бағалау жүйесін қалыптастырады. Сенімді қарыз алушы жалпы жағдайларда несиеленеді, бұл жағдайда несиелеудің жеңілдікті тәртібі қолданылуы мүмкін.. Егер қарыз алушы сенімсіз клиент болса, онда оны несиелеуді жүзеге асыру орынды болмайды. Банк тек несие келісімінде қарастырылған ерекше шарттарға сәйкес несие бере алады.

Шағын және орта бизнестің несиеге қабілетсіздігінің басты себептері анықталмаған дебиторлық борыштардың болуы, клиенттер алдында міндеттемелерді бұзу, артық өндірістік және тауар қорларын жинау, шаруашылық қызметінің төмен дәрежедегі тиімділігі, айналым қаражаттарынын айналымдылығының бәсеңдеуі болып табылады.

Металлургияда, банк саласында, сақтандыруда, химия өнеркәсібінде және басқа салаларда сақталып қалған «‘жасырын» монополияларды құрту қажет. Мұны монополияға қарсы заңнаманы реформалау арқылы, сондай-ақ отандық және шетелдік жаңа компаниялардың экономиканың осы секторларына кіруі үшін тартымды әрі ашық жағдайлар туғызу арқылы, яғни осы секторлардағы бәсекелестікті арттыру арқылы жасау керек.

Шағын және орта бизнес туралы Жапония, Германия, Бельгия, Италия сиякты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90 пайыздан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар жалпы ішкі өнімнің 50 пайыздан астамын береді. Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірімен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек. Әрбір іскер қазақстандық осы ортаға кірігіп, инновациялық эконюмикадағы өз орнын табуға тиіс. Қазақстандықтардың бастамашылығына кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білуі тиіс. ҚР Президенті Н.Назарбаев өңірлерді экономикада өршіл болуға шақырады. Ендігі жерде жаңа идеологияға сәйкес заңнаманы сапалық жағынан жақсарту міндетті болып табылады. Қысқасы мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үйлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы біз бизнеске тың тыныс ашамыз. Бұл ретте бірқатар стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет. Әлбетте бұл шараларға қарсыласу да, сөз бұйдаға салу да болмай қоймайды. Бастапқы кезде кәсіпкерлікке тікелей қатысы бар заңнамалардың солқылдақ болуына байланысты бизнес өкілдері салық комитетінің, қаржы полициясының, басқа да қадағалаушы органдар тарапынан жиі-жиі тексерістерге ұшырап, біраз тепеурін көрді. Алайда әлемдік тәжірибеге сүйене отырып аталған саланың мемлекет дамуында ерекше орынын жіті түсінген үкімет біртіндеп кәсіпкерлікке қатысты заңдарды реттеп, жөнге сала білді. Ал, қолға алынған экономикалық реформалар жыл өткен сайын өз жемісін бере бастағасын, кәсіпкерлікке қатысты бұрын қабылданған заңдар мен құқықтық-нормативтік актілер мемлекет мүддесі мен қорғау-игілігін толық жауап бере алмайтын болғандықтан, оларға біртіндеп өзгертулер мен толықтырулар енгізіле бастады. Қазір елімізде 400 мыңға жуық орта және шағын кәсіпорындар жұмыс істейді. Қазіргі таңда Республикада шағын несие беретін 326 ұйым жұмыс істейді. 326 шағын несиелеу ұйымдарының 60% астамы әрекетсіз отыр. Ағымдағы жағдай қор бұл мәселені қаржыландыру көлемін ұлғайту есебінен несиелеу мерзімін 7 жылға ұзартып жылдық үстемені 6% етіп қою арқылы шешуді жоспарлап отыр.

Еліміздегі орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2007 жылға бағдарламаның жүзеге асырыла бастағаны және «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамының нәтижелі жұмыс оң ықпал еткен. Орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі бағдарламаға сәйкес, «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ капиталдандыруға алдағы үш жылға республикалық бюджеттен 11,3 миллиард теңге бөлінетін болады. Бұл қаржы шағын несиелеу ұйымдарын дамытуға жұмсалады. 2008 жылғы желтоқсанның 1-індегі жағдай бойынша орта және шағын кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында жалпы сомасы 1 миллиард 296 миллион 800 мың теңге болатын 37 шағын несие ұйымдары қаржыландырылған. Оның ішінде 756,8 миллион теңге қазір рыноктағы шағын несиелеу ұйымдарының экономикалық позициясы күшейтуге, 540 миллион теңге қордың қатысуымен 30 ұйым құрған.

ҚР-да орта және шағын бизнесті несиелеу механизмін жетілдіру арқылы экономикамыздың, мемлекетіміздің дамуының қазіргі кезеңінде кәсіпкерлікті одан әрі дамыту алдымызда тұрған ең үлкен міндеттердің бірі. Ел экономикасының бүгінгі бағыты кәсіпкерлікті барынша дамытуға барлық мүмкіндіктер туғызуды талап етеді. Алдымызға қойған мақсаттар, экономикамызды әрі қарай индустриялық жағынан дамыту мәселесі, елбасының халыққа жолдауында елдің алдына қойылған міндеттер, монополияның төңірегінде жүрген бизнестің бәрін кәсіпкерлікке беру, қабылданған бағдарламалардың бәрін орындау әрі оларды аяғына дейін жеткізу мәселелері талап етіледі.

Кәсіпкерлікті дамытуға, орта және шағын бизнесті, ішкі сұранысты кеңейту мен нығайтуға қолдау білдірудегі мемлекеттік саясаттың жаңа, рынокқа бағынған тетіктерін ұсына отырып, мемлекеттік салық режимін индустриялық саясаттың көптеген құралдарының бірі ретінде ғана пайдалануға тиіс екенін ескерген жөн. Бәсекелестікті дамыту кәсіпкерлікті дамыту үшін басымдыққа айналуы тиіс.

Мемлекеттік саясат орта және шағын бизнестің жұмыстың айқын жағдайларында шағын бизнес үшін тапсырыс беруші және «локомотив» рөлінде бола алатын әртараптандырылған, қаржы жағынан тұрлаулы ірі кәсіпорындармен ынтымақтастық үшін әкімшілік және нормативтік алғышарттар тұрғызуды көздеуі тиіс.

Қоғамдық мүдделер мен пайда табатын қызметті үйлестіретін бірнеше ірі өңірлік холдингтер құруға болады. Мемлекеттің қатысуымен құрылатын мұндай жекеменшік корпорациялар — өңірдің Әлеуметтік дамуы мен кәсіпкерлігінің қоры немесе корпорациясы — өңірдің даму мүдделері тұрғысынан активтерді басқара алады, жобаларға бастамашы болып, қосымша инвестициялар тарта алады. Олардың қызметінің басты бағыты — өңірде пайда табатын ұзақ мерзімді негізде шағын және орта кәсіпорындардың тауарлары мен қызметтеріне деген сұранысты туғызу.

Қазір Қазақстанда кәсіпкерлікті дамытуға барлық жағдай жасалуда деп айтуға толық негіз бар. Өйткені, аталған саланы реттейтін құқықтық нормативтік актілер мен заңдар заман талабына сай жетілдіріліп жатыр. Бақылаушы-қадағалаушы органдардың жөн-жосықсыз тексерістеріне заң жүзінде шектеу қойылды. Мұнымен қоса, рұқсат берумен, лицензиялаумен айналысатын органдардың саны айтарлықтай қысқартылды. Елбасы жанынан кәсіпкерлер кеңесі құрылып, жергілікті жерлерде сарапшылық кеңестер ашылып, жұмыс жасауда. Мұнымен қоса «Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңда мәртебесі бекітілді. Бұдан былай кәсіпкерлікке қатысты заң жобаларының барлығы осы сарапшылық кеңестің сүзгісінен өтетін болды. Сонымен қатар қазір парламентте шағый кәсіпкерлік туралы заңның жаңа жобасы талқыланып жатыр. Республикамызда кәсіпкерлер ден берушігердің «Атамекен» жалпыұлттық одағы құрылып, жұмыс істеуде .

Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, тауардың мейлінше тапшы, гиперинфляция мен халықтың тұрмыс деңгейінің күрт төмендеген жылдарынан өзінде-ақ отандық кәсіпкерлікті құру жұмыстары басталды. Ол қиын шешімдер кезеңі еді. Экономикада мемлекеттік меншік басымдықта болды. Осы жылдар ішінде мемлекет экономиканы ырықтандыру бағытында бірізділікпен әрі берік алға басты, ал ол бизнестің дамуы үшін нақты негізді қамтамасыз етті. Бірінші кезекте экономикадағы құрылымдық жаңғыруларды жүзеге асыруға мүмкіндік берген қажетті заңдар қабылданып, нарық қатынастарының қисынына қайшы келетін құқықтық нормалар күшін жойды. Келесі ірі қадам мемлекеттік меншікті сатылап жекешелендіру болып табылады. Соның нәтижесінде бүгінде өнеркәсіп өндірісі көлемінің 85 пайызы жеке секторда өндіріледі. Елдің ІЖӨ-дегі орта және шағын бизнестің үлесі шамамен 25 пайыз құрайды, экономиканың жеке секторында еңбекпен қамтылған халықтың 60 пайыздан астамы еңбек етеді. Кәсіпкерлікті қолдау үшін бес мемлекеттік бағдарлама қабылданып, жүзеге асырылуда. Бизнес құру жолындағы бюрократиялық кедергілер айтарлықтай азайтылды.Тек соңғы жылдары ғана лицензияланатын қызметтердің 350-ге жуық түрлері қысқартылды. Кейбір лицензияларды беру өңірлік деңгейге көшіріліп, процедуралар айтарлықтай қарапайымдандырылды. Бүгінде біздің елімізде кәсіпкерлікті дамытудың перспективасы айқын көрініске ие. Жеке бизнесті, ең алдымен орта және шағын бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттағы түйінді мәселелердің бірі. Ол «Қазақстан 2030» Стратегиясы, «2010-стратегиялық жоспары» және Қазақстанның 2015 жылға дейінгі индустриялық инновациялық даму стратегиясы тәрізді негізгі құжаттарда бекітілген. Кәсіпкерлік ортаны одан әрі нығайту мәселесіне Қазақстан халқына арналған таяудағы Жолдауда да айрықша көңіл бөлінген.

Оның басты міндеті — ұлттық экономиканы инновациялық технологиялар негізінде диверсификациялауды жүзеге асыруда жеке бизнеске біз жетекші рөл береміз. Бірлесе отырып бізге экономиканың шикізаттық емес салаларын дамытуға қол жеткізу қажет. Болашақта экспорттық әлеуетті ұлғайтатын басты көз де дәл солар болуға тиіс. Ол мақсатқа жету үшін қажетті ресурстар жинақталған. Арнайы құрылған даму институттары Қазакстанның инвестициялық қоры, Қазақстанның даму банкі, инновациялық қор, экспортты сақтандыру жөніндегі корпорация, Инжиниринг және технологиялар трансфертті орталығы осы жылды қоса есептегенде 120 миллиард теңгеден астам қаржы жинақтауға жағдай туғызды. Өзі өмір сүрген қысқа мерзім ішінде даму институттары жалпы сомасы 1 триллион 570 миллиард тенге болатын 760-тан астам жобаларды қарады. Қазіргі уакытта сомасы 60 миллиард теңгеден асатын 90-ға тарта жоба қаржыландыруда. Шағын кәсіпкерлікті дамытудың арнайы қоры жұмыс істейді, ол шағын және орта бизнеске атаулы көмектер көрсетуде. Қорға республикалық бюджеттен қосымша 10 миллиард тенге бөлінетін болды. Ол қаржылар біріншіден, микрокредиттік ұйымдарды құру мен олардың ресурстарын ұлғайтуға — 3 миллиард тенге, екіншіден, шағын бизнес субьектілері үшін банк кредиттері бойынша кепілдіктер беруге — 4 миллиард теңге, үшіншіден, қаржы лизингі, франчайзингті несиелеуді, халықаралық стандарттарды енгізуді қоса алғанда, жобалық несиелеуге 3 миллиард теңге көлемінде бөлінеді. Нәтижесінде шағын бизнесті несиелеу мүмкіндігі 25 миллиард теңгеге дейін артады. Одан соң Елбасы ұлттық экономиканың отандық кәсіпкерлердің білімдері мен тәжірибелерін барынша қажет ететін шешуші мәселелеріне тоқталды. Бірінші — ол отандық кәсіпкерліктің бәсекеге қабілеттілігі мен өнімділігін арттыру. Қазіргі уақытта қазақстандық кәсіпорындардағы өнімділік деңгейі қанағаттанарлық дәрежеде емес.

Қазіргі уақытта әлемдік тәжірибеде қаржы — ұйымдарының қызметі туралы жеткілікті түрде деректер бар (Әлемдік банк, Еуропалық банк қайта құру және даму банкі т.б.) және әр түрлі инвестициялық жобалардың ерекшеліктерін бағалауға мүмкіндік беретін қатаң құрылған сандық талдау құралдары қалыптасқан.

Қаржы нәтижесін талдаудың қорытындысы мен кәсіпорынның жалпы қаржы жағдайын бағалаумен келісілген болуы қажет, яғни кәсіпорынның қаншалықты пайда тапқанына қарамастан өз қарызын уақытылы төлей алу қабілетіне байланысты, яғни активтердің жойылуы болып табылады. Кәсіпорынның өз қарызын уақытылы төлей алу қабілеті — оның есеп шоты мен басқа да шоттар арқылы өтетін түрлі есептеулер мен ақша төлемдері ағымымен нақтылы ақша айналымына байланысты.

Сондықтан  шаруашылық қызметінің тиімділігінің мақсаты — қоры, айналым капиталы және пайданың қозғалысын жеткілікті бақылау арқылы қаржы жағдайының тұрақтылығына қол жеткізуге болады. Қорыта келе, кәсіпорын қызметін жоспарлауды жетілдіру мақсатында  кәсіпорын жұмысын жақсартуға бағытталған келесі шараларды ұсынамыз:

—  басқару аппаратын қысқарту;

— жоспарлау — бақылау қызметтерін орталықтандыру;

— шығындарға қатаң бакылау орнату;

— қызметкерлерді қайта даярлауды, кәсіпорында психологиялық бағдарлау жұмысын жүргізу;

— көрсетілген  қызмет түрлерін — және өнімдер атауларын мейлінше қысқарту;

—  маркетинг қызметін талапқа сай жоғары деңгейде ұйымдастыру. Бюрократияның өндірістік активтерге бақылау жасауға ұмтылған әрекеттеріне жол бермеу керек.

Кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік қолдаудың қозғаушы құралдарының бірі кәсіпкерлікті шағын кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай көмек көрсету болып табылады. Облыста кәсіпкерлік құрылымдарын қаржылай қолдау 3 деңгейде — екінші дәрежелі банктер, қоғамдық қорлар мен, микрокредиттік ұйымдар арқылы жүргізілуде.

Экономиканы бюрократиясыздандыру және әкімшілік тосқауылдарды жоюдың тиімді механизмдерін әзірлеу мақсатында шағын кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі заңдардың және басқа да республикалық, облыстық деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ұсыныстар әзірленді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ