Боксшының қаблеттілігімен, әрекеттілігінің және қозғалысының маңызы

0

Боксшының жекпе-жек кезінде өзіне сенімділігі ғана оның тәсілдік ойын жүзеге асыруына жол ашады. Шыдамды және әдіс шеберлігі жетілген боксшы ғана жекпе-жек үстінде ез қисындарына бақылау жасай алады. Жекпе-жектің әр кезеңіндегі жағдайды дүрыс бағалап, езінің әр қимылын бір жүйеге бағындырып, қарсыласының шабуылын тойтара отырып, жекпе-жек тізгінін өз қолынан шығармайды.

Қарсыластың дайындығының қандай деңгейде екеніне қарамастан әр жекпе-жекте өте сақ болған дұрыс. Қарсыластың мүмкіндігін дәл анықтай білу керек. Рингке шыққан қарсыласты әлсіз деп менсінбеуге немесе күшті деп қорғауға болмайды. Қандай жекпе-жек болмасын тыңғылықты дайындалып, күшті және әдіс-айлаларды дұрыс пайдалана білу қажет. Сонда ғана боксшы көздеген мақсатқа жетеді.

Бокс тәсілі дегеніміз рингтегі жекпе-жекте бар шеберлікті көрсетіп. жеңіс үшін барлық мүмкіндікті барынша пайдалана білу. Боксшының әдісқойлық шеберлігі қаншама жетілген болғанымен жекпе-жекті дұрыс ұйымдастыра білу, қарсыластың ерекшелігіне қарай тактикалық дұрыс шешім табу ғана оны жеңіске жеткізеді. Бокста әдісқойлық тәсілқойлықпен тығыз сабақтасып жатуы керек. Сонда ғана боксшының болашағына үлкен үміт артуға болады.

Бокс тәсілі жекпе-жектің ерекшелігіне байланысты. Шаршы алаңда екі боксшы сынға түсіп жатыр делік. Олардың екеуі де жарысқа жақсы дайындықпен келген, екеуі де жылдам, епті, күшті, шыдамды. Әдісқойлық шеберліктері де шамалас. Соққылары дәл, қорғаныстары берік. Екі боксшы да рингтегі жекпе-жек үстінде тәсілдік дұрыс шешім тауып жүр. Сонда бұлардың қайсысы жеңіске жете алады?

Жекпе-жектің жүргізу тәсілі боксшының жалпы дайындығына, оның әдістерінің әртүрлілігіне, спортшының жігерлігіне, шыдамдыпығына, өзіне сенімділігіне, жекпе-жек үстіндегі тездігіне, соққыларының дәлдігіне және күшіне тығыз байланысты.

Жігерлілік

Боксшының жекпе-жек кезіндегі мінез-құлқы оның жігерлілігіне байланысты. Бірдей дайындықпен келген және шеберлігі де бір-бірімен тең қарсыластардың жекпе-жегінде, жеңіске деген жігері басым боксшы ұтады.

Өз күшіне және  шеберлігіне сенімділік үздіксіз, ұзақ жаттығулардан кейін ғана келеді. Әдістік және тәсілдік шеберлігі, уақытты және арақашықтықты дұрыс есептей білу, жігерлілік, сенімділік жекпе-жекті табысты өткізуге мүмкіндік береді .

Бәсеке үстінде жекпе-жек тізгінін өз қолына алу және қарсыласын өз ыңғайына бағындыру боксшының ең негізгі міндеті. Рингтегі жекпе-жекте қарсыласын бас көтерпеудің, сөйтіп оның өзіне сенімсіздігін туғызудың маңызы зор. Рингтегі әр қимылдың жетілгендігі, қарсыласының шабуылға шығар кезін дәл анықтап, оған қарсы әдістер қолдану, күтпеген жерден және батыл шабуылға шығу боксшының айқын басымдылыққа ие болуына жағдай жасайды.

Әдістердің ерекшеліктері

Әдіс-айла ерекшеліктері, әр түрлі жан-жақты қимыл боксшыны жеңіске жеткізетін ең дұрыс жол. Мұндай кезде боксшы уақытты дәл есептей білуі керек. Шабуыл және қорғаныс әдістерін қолданғанда бір сәт кешігуге болмайды. Оның үстіне бүкіл жекпе-жек бойы өзіне ыңғайлы арақашықтықты ұстап жүрген жөн. Бұл да шабуыл мен қорғанысты ұйымдастыруда басты міндет атқарады. Әдіс-айлалардың кемшілігі жекпе-жек кезінде туған жағдайға байланысты ең дұрыс шешім таба білу әрбір қимылды дұрыс пайдаланып, пайдасыз қимылдарға күшті босқа жоғалтпау боксшының ең басты міндеттері болып есептеледі.

Бокстасу тәсілдерін әдіс негіздерімен бір кезде үйренген дүрыс. Боксшы арнаулы қимылдарды (соққылар мен қорғанысты) үйренген сәтте уақыт пен арақашықтықты дұрыс анықтай білуге дағдыланғаны жөн. Боксты үйретуді бастаған алғашқы қадамдардан-ақ әдіс пен тактиканы бірге пайдалануды ұмытпау керек. Бұл жаттықтырушы үшін де, боксшы үшін де басты қағида.

Боксшыға тек қана әдістерді үйретіп қоюға болмайды. Себебі әдістік шеберлігі толысқан спортшының үйренгендерін жекпе-жек кезінде дұрыс пайдалана алатынына көз жеткізу қиын. Ол жете меңгерген әдістерін үздіксіз қайталай беруі мүмкін. Бірақ мұндай әдістердің оны жеңіске жетелеуі де екіталай. Оның үстінде мұндай қимылдар бокстың спорттық көркіне де нұқсан келтіреді .

Боксшының тәсілдік дайындығы жаттығулар үстінде жетілуі керек. Ол үшін жаттықтырушы әр жаттығу алдында шәкіртіне әр түрлі тәсілдік есептер беріп, оның дәл орындалуын қадағалап отыруы қажет.

Шапшаңдылық

Рингте өтетін жекпе-жектегі жеңіс, боксшының бәсекені қарқынды өткізуіне байланысты. Ол бастапқыдағы қарқынды қимылдарын жекпе-жектің соңғы секундына дейін сақтауы керек. Себебі жекпе-жек уақыты ережеге сәйкес санаулы. Осындай қасиеттерді әр боксшының бойына сіңіруге күш салған дұрыс. Рингтегі жекпе-жек жылдам және үздіксіз қимылдардан құрылуы қажет. Әр кездесуде боксшылар жекпе-жек тізгінің өз қолына алуға, қарсыласын өз ырқына көндіру үшін бар күшін салады. Мұндай тез қимылдар, жан-жақты әдіс айлалар ерекше роль атқарады.

Шеберлігі жетілген, дәл соққылармен ұпай жинап жүрген қарсыласты талдырып жеңем деп күш салу мүмкін емес. Қазіргі бокста жекпе-жек үстінде туған жағдайды дәл анықтай білу, шабуыл мен қорғанысты жылдам ұйымдастыра алу ең басты құрал болып отыр. Бәсеке үстіндегі шапшандық боксшыға бірден келе қоймайды. Оған ұзақ жаттығулардың және тәжірибе жинақтаудың арқасында ғана қол жеткізуге болады. Шапшандық, тездік керек деп боксшыны асықтыруға, састыруға болмайды. Лажсыздан шапшандық керек деп түсінген боксшы рингте сасқалақтап, бәсекені жөнді өткізе алмайды. Боксшы әдіс-айлаларды толық меңгеріп болмай, жекпе-жек үшін қажетті шапшандылық керсете алмайды. Сондықтан мұндай жағдайда боксшының да, жаттықтырушының да асықпағаны дұрыс.

Боксты үйренуді жаңадан бастағандар алғашқы жекпе-жектерін өз мүмкіндіктеріне қарай еткізеді. Олардың осы кезде әдістік және тәсілдік әдістерді толық пайдалануын қадағалау қажет. Шеберлігі толысқан сайын оның жылдамдығы да артады, әр әдісті тез қолдана алатын халге жетеді. Осындай шыдамдылық боксшының әдісқойлығына ешқандай нұқсан келтірмейді,

Дәл соққылар

«Соққы бәрін шешеді!». Өз тәсілінде қатты соққыларға ерекше мән беретін боксшылар бұрын осылай дейтін. Уақыт өтті, онымен бірге бокс та өзгерді.

Бокс жекпе-жегіндегі ереженің өзгеруі «шешуші соққылар» тәсілінің маңызын төмендетті. Ауыр қолғаптардың орнына салмағы 250 және 300 грамдық қолғаптардың енгізілуі және жекпе-жек уақытының қысқартылуы (екі минуттан бес раунд) бәсекенің талып түсумен аяқталу мүмкіндігін де азайтты.

Әуесқой боксшылар жарысының статистикасы жекпе-жектің мезгілінен бұрын талып түсіп аяқталуының азайғандығын керсетті. Қазіргі кезде көп жағдайда жеңімпаз ұпай санымен ғана анықталады.

Жекпе-жек үстіндегі соққылардың күші маңызын жойды деуден аулақпыз. Күшті соққы әр боксшының басты қаруы болып қала берді. Бірақ оның өте дәлдігі аса қажет, Дәл соққылар боксшының ұпайды көп алып, жеңіс-ке жетуіне мүмкіндік береді.

Күшті соққылар кебіне боксшыға басымдық әпереді. Нысанаға дәл тиген ауыр соққылар қарсыласының басын айналдырып, оның күшінің азаюына, сөйтіп бақылауының әлсіреуіне жағдай жасайды. Сондықтан да боксшы мұндай соққыларды дарытпау үшін шебер қорғана білуі, осындай қиын сәттерде де ұпай ала білуі керек.

Бокстың әдістері тарауында кейбір соққы әдістеріне қысқаша тоқталып өттік. Соққылар негізінен үш топқа бөлінеді. Оның біріншісі төте (түзу) соққылар. Бұл топ; Сол қолмен басқа төте соққы жасау; сол қолмен денеге төте соққы жасау; оң қолмен басқа және денеге төте соққы жасау болып белінеді. Соққылардың екінші тобы: сол қолмен басты қапталдан ұру; сол қол-мен денені қапталдан ұру; оң қолмен басты қапталдан және бүйірден ұру.

Соққылардың үшінші тобы басты және денені сол және оң қолмен төменнен жоғары кетеріп ұру.

Жекпе-жектердегі қарсыластардың әр түрлілігі рингте болатын жағдайларды күні бұрын анықтауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан боксшыға тәсілдік әдістерді үйреткен кезде, бәрін бір жүйеге келтіріп, осылай істеу керек деп ашып айту мүмкін емес. Мұндай алдынала жасалған болжаулар боксшының мүмкіндігіне шек қойып, оның жеңіске деген үмітін де азайтуы мүмкін

Шабуыл және қорғану

Рингтегі жекпе-жек шабуыл және қорғаныс әдістерінен тұрады. Бұл әдістердің қалай қолданылуы бәсеке үстіндегі жағдайға байланысты. Өзінің әр қимылын тез пайдаланған боксшы күшін үнемді, пайымды жұмсауға күш салады. Шабуыл соққыларын, қорғанысты және қарсы соққыларды ең қолайлы сәттерде ғана пайдалануға тырысады.

Шабуыл дегеніміз боксшының жекпе-жек кезінде қарсыласына бір немесе бірнеше соққы беруге ұмытылуы. Әр шабуылды сәті келген кезде ғана жасау керек. Бірақ осындай сәттің тууын күтіп жүре беруге де болмайды. Боксшы, батыл қимылдармен тәсілдік әдіс-айлаларды үздіксіз қолдану арқылы осындай сәтті өзі жасауға міндетті.

Шабуыл былай дамиды. Қарсыласының алғашқы қимылдарын байыптағаннан кейін боксшы алдымен шабуылға тыңғылықты дайындалуы керек. Сонан кейін алғашқы соққы беріледі. Ол осы соққыны дамытуға міндетті. Көздеген мақсаты орындалғаннан кейін шабуылдың қызығына түсіп кетпей, қорғанысқа көшкен дүрыс.

Шабуылға дайындық жасағандағы негізгі міндет қарсыластың қорғанысының болуы. Боксшы жалған қимылдар жасап, қарсыласының назарын басқа жаққа аударуы керек. Алғашқы соққы бергенге дейін боксшының ойы қарсыласына жүмбақ болғаны жөн. Шабуыл кенеттен жасалғанда ғана көздеген мақсатқа жеткізеді. Көздеген мақсат орындалып, қарсыластың назары басқа жаққа ауып, сәтті кезең туғанда ғана боксшы тез қимылдармен шабуылға шығады.

Жалған соққыларға көп күш жүмсалмайды. Бірақ осындай жеңіл соққылардың өзі де қарсыластың осы бағыттарға қорғанысты күшейтуін талап етеді. Бұл боксшының шешуші соққыны басқа, өзі көздеген бағытта жасауына мүмкіндік береді. Жалған соққылар негізінен сол қолмен жасалады. Бұл боксшының өзінің қауіпсіздігіне жағдай жасайды.

Жекпе-жек кезінде әсіресе қапталдан жасалатын жалған соққылар көп пайдаланылады. Бұл қарсыластың назарын төте соққыдан аударып, қорғанысын әлсіретеді. Мұндай кезде оң қолды соққы жасауға дайын ұстау керек. Қарсылас мұның оң қолын басты қорғап жүр деп ойлау керек. Қарсылас басын ашық қалдырған кезде оң қолмен басқа төте немесе қапталдан соққы жасалады.

Дайындалған негізгі соққы тез жасалуы керек. Әйтпесе дайындық жұмыстарға босқа жасалған болып шығады. Негізгі соққыны жасау мүмкіндігі екінші рет тумауы мүмкін. Себебі осыдан кейін қарсылас жалған соққыларға назар аудармай, боксшының негізгі ойын біліп қояды. Оның үстіне бір рет қолданылған жалған әдісті қайталауға да болмайды. Алғашқыда соққының астында қалған қарсылас мұнда да боксшының ойын алдын ала біледі.

Боксшы жалған қимылдар жасауға да дағдылануы керек. Ол жаттығу кезінде «көлеңкемен» жекпе-жекте, айна алдында, немесе жаттығу кезіндегі жүптасқан жекпе-жектерде жалған соққыларды үйренуі қажет.

Жекпе-жекті алыс арақашықтықта өткізуді жақсы көретін боксшылар шабуылға дайындық жасаған кезде бір орыннан екінші орынға көп қозғалады. Сәтті кезең туғанда алға қарай тез адымдайды. Негізгі соққы да осы қадаммен бірге, қабаттаса жасалуы керек. Егер соққы көздеген нысанға дәл тисе, онда боксшы шабуылды ары қарай дамытады. Ол қарсыласын қуып жүріп қысқа соққылар береді. Ал шабуыл сәтсіз басталса, онда артқа қарай бір қадам жасап, бұрынғы арақашықтықты сақтайды.

Жақын арақашықтықты жақсы көретін боксшылардың алға қарай жылжуы бүдан өзгеше. Мұнда кеуде шешуші міндет атқарады. Ол қарсыласының соққысынан кеудесін жалтара қорғап, ілгері ұмтылады. Боксшы өзіне қажетті арақашықтыққа жеткен кезде ғана қарсыласына шабуыл жасайды. Шабуылды бастаған сәтте негізінен сол қолмен қапталдан қысқа соққы беріледі. Содан кейін  басқа немесе кеудеге қапталдан қатты соққыләр және төменнен төте соққылар жасау арқылы шабуылды әрі дамытады.

Шабуыл кезінде соққылар төте, қапталдан, ал қарсылас еңкейген жағдайда теменнен жасалуы да мүмкін. Шабуылдың біткен және көздеген межеден шыққан бар элементі қосылып, қимылды анықтайды.

Шабуыл жасаған кезде боксшы өзіне-езі сенімді болуы керек. Егер оның қимылында сенімсіздік байқалса, қарсылас қарсы әдістер қолданып үлгере алады. Шабуыл жігерлі, шебер, күшті боксшының ең басты тәсілі.

Қорғану

Өзімен терезесі тең қарсыласпен жекпе-жек өткізгенде шебер боксшы өзіне басымдылық әперетін жан-жақты тәсілдік шешім таба алады. Ол бокс әдістерін да жан-жақты пайдаланады, өз күшін үнемді жүмсап, жекпе-жекті бір қарқында өткізеді, ол қарсыласының соққыларын өзіне дарытпайды,

Осындай жекпе-жек кезінде шабуыл тәсілін жүзеге асырған боксшы үнемі шабуылдай береді деген ой тумауы керек, Егер шабуылдың басталуы мен аяқталу сәттері, оны жалғастыру жинақы болмаса, онда ол қарсыласының қарсы соққыларының астында қалуы мүмкін. Сондықтан алғашқы жалған соққылар жасаған кезде, қарсыластың шама-шарқын, оның шеберлік деңгейін байқап керген абзал.

Боксшы жеңіске ұмтылғанда негізінен шабуылда болатыны даусыз. Сонда да ол үздіксіз шабуылдардың арасында бір сәт қорғанысқа кешіп, шабуылды немесе шабуылдар тізбегін қорытындылауы, жекпе-жек үстінде қорғанысқа көшетін кезеңді сезінуі керек.

Шебер боксшының басқалардан артықшылығы жекпе-жек кезіндегі жағдайды дұрыс байқап, шабуылдан қорғанысқа немесе қорғаныстан шабуылға көшу сәттерін дәл білуінде. Мүндай кезде шебер боксшы шабуыл мен қорғаныс әдісін қарсыласының әр қимылына қарсы қойып, өз ойын жүзеге асырады. Мысалы, боксшы жақын арақашықтықты ұнатпайды делік. Онда оның қорғанысы негізінен қарсыласпен арақашықтықты жақындатпауға арналады. Ол үшін боксшы бір қадам артқа, оңға немесе солға қарай кетіп қалды. Ал егер боксшының өзі жақын арақашықтықты жақсы көрсе, онда ол жалтарып, еңкейе қорғанып, жұдырығын қарсыласының соққыларына қарсы қойып, жақын арақашықтықты сақтауға тырысады

Боксшы әр кез шабуыл жасаған сәттерде өз қауіпсіздігін естен шығармауы керек. Мұндайда алдын ала дайындалған қорғаныс боксшыны қарсыласының жауап немесе қарсы соққыларынан сақтайды. Сондықтан да боксшы өзі жасайтын әр соққыны қорғаныспен ұштастыра білуі қажет. Қорғаныс әр кезде шабуылмен сабақтасып, боксшының шеберлік деңгейін толық көрсетуі тиіс. Мысалы, қарсыласының қиғаш соққыларды сол қолмен басқа берілетін төте соққымен жалғастырып, оң қолмен де соққы беретінін білетін боксшы өзі де осы соққыларды пайдаланғанда, оң қолының алақанын және сол иығын қарсыласына қарсы қоюы керек. Ал керек кезінде оңга қарай еңкейген де жөн.

Жеңіске жетуге ұмтылған боксшы көбіне шабуылда болады. Сондықтан қарсыласының қарсы соққыларынан қорғана білу және оны жаттығуларда, байқау жекпе-жектерінде жете меңгеру боксшының негізгі міндеттерінің бірі.

Қарсы шабуыл қорғаныстағы боксшының шабуылға шығуы деген сөз. Бұл әр боксшының ең басты тәсілдік әдістерінің бірі. Қарсы шабуылды қорғаныспен сабақтасқан қарсы соққылар арқылы жасауға болады. Мұндағы негізгі міндет дұрыс құрылған қорғаныстың көмегімен қарсыластың алғашқы соққысын қайтарып, сол сәтте қарсыласына соққы беру арқылы жекпе-жек тізгінін өз қолына алу болып табылады. Қорғанысты дұрыс құрып, соның кемегімен қарсы шабуылды жүзеге асыру боксшыдан ептілікті, әдістік шеберлікті талап етеді.

Әдісті жете меңгеру және боксшының жігерлілігі қарсы шабуылға өзіндік ерекшелік береді. Күтпеген сәтте қарсы шабуылға шыққан боксшы қарсыласын састырып, жекпе-жек тізгінін ез қолына алады.

Қарсы шабуылдың қолданылатын сәттері көп. Ол қарсыласқа жасалатын шабуылдың басы. Сонымен қатар оны берік қорғаныс ұйымдастыруға да пайдаланады. Бұл басымдылығын сақтауға тырысқан немесе шешуші шабуылға ұмтылмаған боксшылардың тәсілдік құралы. Мұндай боксшылардың жекпе-жек.еткізудегі негізгі тәсілі — қарсыластың үздіксіз шабуылға шақырып, өздері берік қорғаныс пен қарсы шабуыл арқылы ғана ұпай жи-найды. Егер шабуылға шыққан қарсыласының соққысы нысанаға дарымаса, онда боксшы мұны қарсы шабуыл үшін пайдаланады. Осындай қорғанысқа және қарсы шабуылға құралған тәсілқой боксшыдан жоғары шеберлікті талап етеді.

Тәжірибелі боксшылар қарсыласының қателігін дер кезінде пайдаланып, қарсы соққы беруді ұнатады. Олар жекпе-жек үстінде қорғанысын сәл босаңсытып, қарсыласы соққы беретін жағдай жасайды. Бұл — қарсыласын шабуылға шақыру. Егер қарсылас тәжірибелі боксшының осы жалған қорғанысына сеніп, шабуылға шықса, онда ол ез қорғанысын әлсіретіп алады. Тәжірибелі боксшы мұндай сәтті қалт жібермейді, дереу қарсы соққы жұмсайды. Сол жақ шеке мен бетті сол қолдың жұдырығымен жапқан боксшы бір қарағанда басын қарсыласының оң қолынан қорғағандай болып жүреді. Демек қарсыласының сол қолмен басқа қапталдан соққы беруге мүмкіндігі туғандай әсер қалдырады. Ал дәл осы кезде боксшы оң қолымен қарсы соққы дайындайды. Қарсылас сол қолмен басқа соққы жұмсағанда, боксшы басын солға қарай жалтыратады. Сонда қарсыластың жұдырығы оң иықтың үстімен кетеді. Қарсыласы жалған қорғанысқа сеніп, қателескен сәтте боксшы сол қолмен басқа срққы жұмсағанда, боксшы басын солға қарай жалтарады. Сонда қарсыластың жұдырығы оң иықтың үстімен кетеді. Қарсыласы жалған қорғанысқа сеніп, қателескен сәтте боксшы сол аяғымен алға қарай тез аттап, қателескен сәтте боксшы сол аяғымен алға қарай тез ат-тап, оң иықтың үстімен кетеді. Қарсыласы жалған қорғанысқа сеніп, қате-лескен сәтте боксшы сол аяғымен алға қарай тез аттап, оң қолымен қарсы-ласының басына қысқа соққылар береді. Бұл кезде қарсыласы сол қолын жиыл үлгере алмайды.

Боксшының жылдамдығын арттыруға, бұлшық еттерін жетілдіруге ар-налған гимнастикалық жаттығуларды  жалпы дамыту жаттығулары деп, ал спорттың осы түріне байланысты жаттығуларды арнаулы жаттығулар деп атайды.

Боксшының жан-жақты дайындығы, оның бұлшық еттерінің жетілуі спорттың басқа түрлеріндегі дей, жетістіктердің негізі болып табылады. Арнаулы дайындық боксшыға спорттың осы түріне байланысты ерекшелі-ктерді  меңгеруге толық мүмкіндік береді.

Бұлшық еттердің нығаюына, жылдамдықтың артуына арналған жаттығулардың боксшының спорттық ерекшелігіне тікелей қатысы жоқ. Олар боксшының жалпы дамуына және оның жаттығу кезіндегі спорттық бабын сақтауына гана көмектеседі. Арнаулы жаттығулар боксшының ерекшелігіне, әдісқойлығының жеті-луіне, оның спорттық бапқа енуіне, шеберлігінің артуына комектеседі. Арнаулы жаттығуларға қарсылас жоқ кезде келеңкемен  немесе айна алдында өткізілетін жаттығу жекпе-жектері жатады.

Боксшының спорттық жетілуі кезінде жаттықтырушы оз шокіртінің кушті. сонымен қатар осал жақтарын анықтап, оның шеберлігіне нұқсан келтіретін кемшіліктерді жоюға арналған жаттығулар белгілеуі керек. Жаттықтырушы бұл кезде нақты жаттығулар белгілеп, оның орындалу мерзімін анықтайды. Егер ауыр салмақтағы боксшы икемсіз болса, жаттықтырушы оның жыл-дамдығың ептілігін арттыратын арнаулы жаттығулар белгілейді. Егер жеңіл салмақтардағы боксшылардың бұлшық еттері әлсіз болса, оған бұлшық етті жетілдіріп, күшті толтыратын жаттығулар тағайындайды. Шәкіртінің қорғаныстағы осал жақтарын байқаған жаттықтыруы, оған тәжірибелі боксшымен арнаулы жаттығу жекпе-жектерін өткізуді тапсырады. Боксшыларда мұнан да басқа кемшіліктер байқалуы мүмкін. Олар бокс жабдықтарымен және әріптестерімен өткізілетін жаттығуларда жойылуы керек.

Боксшының спорттық шеберлігін арттыруға дұрыс басшылық жасау үшін жаттықтырушының езі де осы шеберліктің сырын толық меңгеруі жоне түсінуі, сондай-ақ жаттығулардың жүйелерін жете білуі қажет. Жаттықты-руіііы мен боксшы бірлесе жұмыс істеп, бірін-бірі жақсы түсінгенде ғана боксшы өзінің күшті және осал жақтарын жақсы білетін болады. Сонда ғана сол олқылықтардың орнын толтыруға күш салынады.

Боксшыға арнап белгілеген жаттығуларды жаттықтырушы жаттығу жүйе-сінде кездесетін педагогикалық мақсаттарымен ұштастыруы қажет. Бұл арада ұсынылып отырған жаттығулардың боксшы белгілі бір қасиөтін да-мытуға ғана бағытталуын қадағалаған дұрыс.

Жаттығулардың көбі құрал-жабдықтардың көмегімен жасалса, онда бұл боксшының жан-жақты дамуына көмектеседі. Мысалы, түрлі қашықтықтарға жүгіру боксшының жылдамдығы мен шыдамдылығын арттырады. Бірақ мұның бәрі, эрине, жаттықтырушы арнайы жоспар жасап, онда жаттығудың мсрзімін және қашықтықты дәл белгілеуі керек. Егер боксшы жаттығу-дың өсерін сезінбесе немесе шаршаса, онда оның пайдасы аз болып шы-ғады. Сондықтан арнаулы жаттығу болгілегенде де спортшының мүмкіндігін естен шығармаған жөн.

Егер боксшының ептілігін арттыру қажет болса, онда күрделі жаттығуларды пайдалану керек. Шыдамдылықты қажет болса, онда ұзақ қашықтықтарға жүгірген дұрыс. Мұндай да қашықтықтың әр жаттығу сайын есіп отыруы қадағаланады. Жылдамдықты арттыру үшін қысқа қашықтықтар пайдаланылады. Осындай қашықтықтарда ғана шапшандық, тездік керсетуге болады. Осындай қашықтықтарда ғана шаншандық, тездік корсетуге болады. Боксшының күшін арттыру үшін салмақ көтеру қажет. Ол үшін ауыр атлетикалық жаттығулар жасалады.

Пайданылған әдебиеттер тізімі

       1 Қазақстан Республикасы үкіметінің 1996 ж. 24 маусымдағы №774, ҚР халқының Президенттік сынаққа дене дайындығы туралы қаулысы.

         2 ҚР халқын дене тәрбиесі мен спорт жабдықтарымен сауықтыру бағдарламасы. Алматы қ., Республикалық баспахана кабинеті-1997ж.

  • Қазақстан Республикалық Президентінің 12-наурыздағы №1570, 2001-2005

жж. ҚР дене  тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы үкіметі.

  • 2001-2005 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы спорт резервтерін

дайындау жүйесін жүзеге асыру, республикалық мақсатты кешенді бағдарламасы.

  • Ашмирин Б.А. Дене тәрбиесінің ілімі мен әдістемесі М. 1979 ж.
  • Матвеев Л.П. Спорт жаттықтырушының негіздері М. 1987 ж.
  • Матвеев Л.П. Спорттың жалпы ілімі М. 1997 ж.
  • Романов В., Жасөспірім боксшыларды дайындау М, Д және С, 1979 ж.
  • Чудинов В.А. Бастаушы боксшының дене тәрбиесі М., Д және С, 1986.
  • Қазақ боксшылары (Тарих деректі басылым) Ер-Дәулет, Алматы-1999ж.
  • Остьянов В.Н. Гайдамак И.И. Бокс. Оқу мен жаттығу. Киев,

Олимпиадалық әдебиет. 2001 ж.

  • Бокс. Энциклопедия. М., 1998 ж.

      13  Сафьянов Н. Цхвирашвили Б. Қазақстан Рингінің жұлдыздары. Алматы «Қаржы-қаражат», 1998 ж.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ