Жарнама тарату құралдары Жарнама агенттіктігінің қызмет түрлері

0

Жарнама агенттіктері әдетте үот ұсынылатын қызметтер көлемі бойынша және өздері маманданатын бизнес бағыты бойынша классификацияланады. Агенттік қызметтері, әмбебап және маманданған болып бөлінеді. Мамандану бағыты тұтынушы немесе өндірістік секторда тандалуы мүмкін.

Толық циклды қызметті агенттік (немесе әмбебап). Жарнамалық бизнесте толық секторлы қызметті агенттік — бұл клиентпен жұмыс, шығармашылық қызметтер, медиа жоспарлау және тапсырысты орындау үшін зерттеулер жасауды өз міндетіне алатын ұйым. Мұндай агенттіктің әдетте клиенттер мен жұмыс бойынша жеке қызметі, тапсырыстардың өтуін бақылау бөлімі, кең таралымды және баспа өнімдерін өңдеуге арналған бөлімшелері және кадрлар бөлімі болады.

Маманданған агенттіктер. Белгілі бір қызметтерде (мысалы, шығармашылық) немесе белгілі бір аудиторияда (ұлттық топтар, жастар) немесе салаларда (мысалы, денсаулық сақтау, компьютерлер, ауылшаруашылығы, т.б.) маманданады. Сондай-ақ маркетингтің әр түрлі салаларында (мысалы, тікелей маркетинг, өтімділікті ынталандыру, қоғаммен байланыс, қоғамдық және спорттық маркетинг, қаптама дизайны, корпоративті символика дизайны, т.б.) маманданған агенттіктер бар.

Қазіргі заманғы әмбебап агенттік клиенттерге ақпараттық және жарнамалық қызметтің барлық салаларында қызмет көрсетуге бағытталған. Оның қызметтері шартты түрде екі категорияға бөлінеді — жарнамалық және жарнамалық емес. Жарнамалық қызметтерге мыналар кіреді: жарнама материалдарын жоспарлау, өндіру және жасап шығару, сондай-ақ зерттеулер жүргізу бойынша  және бұқаралық ақпарат құралдарын таңдау қызметтері. Жарнамалық емес қызметтерге қаттаудан бұқарамен байланыс (паблик рилейшнз) және жарнамалық бұйымдарды жасау, жылдық есептер, көрмелік үлгілер және коммерциялық персоналды оқыту бойынша материалдар даярлауға дейінгі қызметтер кіреді.

Жарнамалық бизнесте әмбебап агенттіктердің екі негізгі түрі болады, олар тұтынушылық жарнама агенттігі және өндірістік жарнама агенттігі.

Тұтынушылық жарнама агенттігі — бұл өз қызметін тұтынушылық жарнама, яғни ең бастысы тұтынушылар сатып алатын тауарларды, мысалы, сабын, жармалар, автомобильдер, үй жануарлары үшін жем шығаратын компаниялар бағдарламаларында шоғырландыратын агенттік. Тұтынушылық жарнама агенттіктерінде жасалатын жарнамалардың көп бөлігі БАҚ-та жарияланады. Олар агенттіктерге комиссиондық төлем төлейді. Нәтижесінде тұтынушылық жарнама агенттіктерінің өз кірістерінің үлкен бөлігі дәстүрлі түрде бұқаралық ақпарат құралдары төлейтін комиссиондық төлем түседі.

Өндірістік жарнама агенттіктері басқа мекемелермен жүзеге асыратын өнім шығаратын фирмалар мүддесін қорғайды. Мұндай тауарларға ЭЕМ-нің бағдарламалық және ақпараттық қамтамасыз етуі, локомотивтер және ақпараттық есептегіштер мысал бола алады. Іскерлік және өндірістік жарнама — жарнамалық қызметтің кең техникалық білімдерді дәл және көз жеткізерлік ақпараттық материалдарға айналдыру қабілеттілігін талап ететін маңызды саласы болып табылады.

Өндірістік жарнаманың көп бөлігі арнайы маманданған журналдарда және басқа да іскерлік басылымдарда жарық көреді. Мұндай ақпарат құралдары жарнама агенттіктеріне комиссиондық төлем төлейді, алайда олардың таралымы аз болғандықтан, жарнамалық орын үшін төлем көлемі жалпы ақпараттық құралдарға қарағанда әлдеқайда төмен болып келеді. Нәтижесінде комиссиондық төлем жарнама агенттігінің қызметінің құнын жабуға жетпей қалады. Көбінесе тұтынушылардан жасалған қызмет үшін қосымша төлем алынады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ