Қауымдастықпен байланыс (Public relation – PR) (паблик рилейшнз).

0

ПР шығу тарихы. Қауымдастықпен байланыстың негізгі нысандары. Қауымдастықпен байланыстың дамуы және оның пайда болуының әлеуметтік, экономикалық және саси себептері.

Public Relation — деген не? PR( немесе Public Relation) – бұл қызмет  қолдануданған амалға  сендіру, бағыттау, құру, түзету және өзгерту, ортақ пікірмен берілген бағыттың мақсаты бәсекеқабілеттілікті бір оймен  қатайту.

ПР амалын қолдану адамдардың мәліметтерді қабылдануына байланыс.

Анықтамдан көрінеді, 1-шіден,ПР- дың коммерциялық теориясы  және тәжірибесі төрт «магестральдан» тұрады : психология, менеджмент, маркетинг, жарнама. 2-ші құралдарды және амалдарды қолдануда,ПР-дың төрт моделдерін ерекшелеуге болады. Бұлардың көпшілігі біздің оқырмандарымызға айқын. Және де, ПР қызмет сферасы ретінде, тарау секілді, жергіліктіден жаһандық дәрежедегі есептерді шешеді.

  1. Қоғаммен байланыс түсінігі, мәні

Қоғаммен байланыс  (Public relations, PR) – релайтерлердің (пиармен мен пиарвумен) арнайы мамандандырылған қызметі. Яғни корпорациялар мен персоналдардың, мемлекеттік мекемелердің, қайырымдылық қоры мен сауда бірлестіктерінің жағымды имиджін қалыптастырушы, олардың өкілдері мен мен нақты бір тұлғаның немесе тауардың қоғам алдында жақсы көзқарас қалыптасуы үшін  қоғаммен байланыс жасайтын мамандар. Бұл қызмет көбінесе баспасөз құралдары, теледидидар, радионың көмегімен іске асады.

Негізгі мағынасында PR қызметі арқылы сенім мен өзара түсіністік тудырып, билік пен қоғам арасында көпір құруға арналған. PR – қоғам мен билік арасындағы кері байланысты орнату, халықтың сеніміне ену, қоғамдастықты ақпараттандыру құралы болып табылады. Бірақ бүгінгі күнде осы терминнің әртүрлі аударылуына байланысты сан алуан мағынада қолданылып келеді.

PR аббревиатурасын  екі-ақ әріппен PR десе, яғни ағылшынша «public relations» сөзінің қысқартылған түрі, оны орыс тіліне аударғанда кирилицамен ПР дейді, сондай-ақ пиар, пи-ар, қоғаммен байланыс деп, ал біздің қазақстандық зерттеушілер оны қоғаммен байланыс, бұқарамен байланыс, қоғамдастықпен байланыс, бұқарамен қарым-қатынас, жұртшылықпен байланыс, паблик рилейшнз деп айтып жүр.

«PR» түсінігі (немесе «қоғаммен байланыс») алғаш рет бизнес саласында пайда болды. Бірақ, қазіргі таңда саяси агитацияның түсінігі ретінде қалыптасып, қолданылуда.

PR ең алдымен мемлекетті басқаруды тиімді жүзеге асыру институттарының бірі ретінде демократияның дамуына әсер етіп, қоғамдастықтың ақпараттануының кеңеюіне септігін тигізеді. Сондай ақ PR посткеңестік елдерде сайлауды, насихатты еске түсіреді, себебі кеңес үкіметі кезінде коммунистік идеологияның негізгі құралдары ретінде насихат құралдарын, ұрандарды пайдаланған болатын.

Әлеуметтік қатынастар арнайы саласы ретінде ПР ды психология, логика, информатика, менеджмент және маркетинг сияқты салалар зерттейді.

  1. Қоғаммен байланыс саласының даму тарихы

Қоғаммен байланыс — бұл тек ХХ ғғ феномені емес, түп тамыры ерте тарихта жатыр. Бұл байланыстар адамдар арасындағы байланыс сияқты өте ертеден бастау алады. Тіпті Шумер, Китай, Вавилон, Ежелгі Греция және Ежелгі Рим өркениеттерінде адамдарды өз елдерінің билігін және дінін қолдауға көндірген. Мұндай практика қазіргі күнге дейін сақталған: адамдар арасындағы байланыс, сөйлеу шешендігі, арнайы іс шараларды ұйымдастыру, паблисити және тб.

Ағылшын әлеуметтанушысы Сэм Блэктің айтуы бойынша: «Пиар – шындыққа және толық ақпаратқа негізделген өзара түсінісушілікпен үйлесімділікке жетудік ғылымы мен өнері».

Пиардың негізгі міндеті болып фирма репутациясының қоғамда жоғары дәрежеге ие болуы. Пиарды жарнамадан бөліп қарауымыз керек. Пиар да жарнама да іскерлік коммуникацямен қатамасыз етеді, бірақ жарнама тауар туралы айтса, пиар– өндіруші-фирма жайында айтады.

  1. Қоғаммен байланыс саласының даму кезеңдері
PR даму кезеңдері
Кезең аттары PR-іс шараларының мақсаты Коммуникация сипаты
1. «Эра манипулирования» (19 ғ.) пропаганда Бір жақты
2. «Эра информирования» (20 ғ. басы) Ақпарат тарату және шыншылдық
3. «Эра убеждения» (20 ғ. ортасы) Қоғамдық пікір мен іс әрекетке ықпал ету Көп жақты
4. «Эра взаимовлияния» (20 ғ. соңы) Өзара түсінісушілік және қақтығыстарды шешу
Источник: Smith R. Public Relations History (www.snybuf.edu/~ronsmith/rdshistory.htm)

  1. ҚР қоғаммен байланыс

Ал PR Қазақстанда өз мағынасында 1990-шы жылдары пайда болғандықтан, үгіт-насихат, ұран сөздері бірден қоғаммен байланыс терминдерімен алмастырылды және қоғаммен байланыс бизнес құрылымдарда емес алдымен мемлекеттік органдарда дамып, бастау алды. Себебі, посткеңестік елдерде қоғаммен байланысты алғаш рет қоғамның басқа салаларында емес, сайлау процесінде қолданған болатын. Адамдар алғашқыда паблик рилейшнздың мәнін түсінбеді, бұл саланың мамандары да болмады, ол кездері қоғаммен байланыспен филологтар, журналистер, тарихшылар, философтар, саясаттанушылар, психологтар айналысқан болатын. Өйткені, қоғаммен байланыстың мәнін кім қалай түсінсе, солай пайдаланған болатын. Мемлекеттік органдар PR-ды бұрынғы идеологиялық құрылымнан қалған ескірген, көнерген әдістердің жалғасы ретінде қабылдады. Міне, сондықтан да PR-ды посткеңестік елдерде мемлекетпен байланыстыратыны осыдан. Ал бүгінде PR биліктің бөлінбес коммуникативті аспектісі болып табылады. Қазір еліміздегі барлық атқарушы биліктің қоғаммен байланыс орнататын бөлімдері немесе баспасөз қызметі бар. Осы арқылы олар өз ұйымдарының бұқара үшін мейлінше ашық екенін көрсетуді көздейді. Бұл ашық қоғам үшін аса қажет.

Мемлекеттік институттардағы PR-құрылымдары қызметі тиімсіз. PR-қызметін баспасөз орталықтары ауыстырып, тек жаңалық пен баспасөз релиздерін таратып, журналистермен байланыс орнататын құрал деңгейінде танылып отыр.

Көпшілік арасында PR-ды алдау, өтірік айту, елес, арман, манипуляция ретінде қабылданады. PR-дың келісімге келу, коммуникативті байланыс орнату, делдалдық қызметін атқару сияқты игі мақсаттарына қарамастан ол басынан бастап лас технологиялар, алдау-арбау ретінде көпшіліктің көңілінде орын алды, мәселен, «бұл жай ғана пиар ғой», «қара пиарды қолданған», «кәдімгі пиар», «пиарлау» деген сияқты ойлар бұқара санасына сіңісіп қалған. Яғни халық арасында PR аббревиатурасын оқығанда жарнамалау, алдау сияқты негативті ой-пікір туындайды.

Бүгінде «PR-мәтін», «PR-акция», «PR-қызметтері», «PR-бөлімі», «PR-зерттеу», «PR-жоба» сияқты сөздерді жиі қолданатынымыз да белгілі.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ