СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ БАЛА ТІЛІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ

0

Білім беру үрдісінде Білім беру үрдісінде Білім беру үрдісінде Білім беру үрдісінде ұстаз да, шәкірт те жеке тұлға болып қарастырылатын болды. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жөн сілтеп, адам дәрежесіне келтіру керек. Демек, оқытудың жаңа технологияларын пайдалана отырып, білім сапасын арттыру, мазмұнын байыту, оқу үрдісін жетілдіру, жан-жақты дамыған, рухани дүниесі бай жас ұрпақты тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі. Бұның өзі оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау, даму, тәрбиелеу, әр баланың қабілетін, дарынын ашу мұғалімдер қауымына зор міндеттер жүктейді.

Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты роль атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Выготский, Пиаже, Эльконин-Давыдовтардың, басқа да ғалымдардың еңбектерінің ең құнды идеялары көрініс тауып, бір жерге тоғысып, біріктірілген.

Бірнеше жылдан бері ағарту саласында жұмыс істеп келемін. Сонда байқағаным, олар өз ойларын толық жеткізуде қиналатындықтары. Мен енді тіл дамыту жұмысына көп көңіл бөле бастадым. Осы жерде маған көмекке сын тұрғысынан ойлау (СТО) жобасы келді.

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л. Ситл, Куртис С. Мередит, Чарльз Темпл. Жобаның негізгі Ж. Пиаже, Л.С. Выготский теорияларын басшылыққа алады [24].

Мақсаты барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға сабақтарда үйрету. Біздің елімізде Джордж Соростың ашық қоғам институты, «Сорос-Қазақстан» қоры арқылы келген бұл технология орыс және қазақ тілдерінде мектеп тәжірибелеріне ене бастады.

«Сыни тұрғысынан ойлау» ұғымын белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар.

Сын тұрғысынан ойлау деңгейіндегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғары сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс түсінік емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз.

Сын тұрғысынан ойлау жобасының әдіс-тәсілдері оқушыларды тынымсыз ізденімпаздыққа баулиды. Баланың еркін де терең ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады. Оқушының ізденісі жеміссіз болмақ емес. Дәстүрлі білім беру кезіндегі оқушыны сын тұрғысынан ойлайтын оқушымен салыстырғанда нәтижесі жақсы болды.

Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. Оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулитын бағдарлама.

Сын тұрғысынан ойлауды үйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

1) сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

2) оқушыларға ойланып-толғануға, ойын ашық айтуға рұқсат беру;

3) әртүрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

4) үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

5) кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айна-лдырмау;

6) оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

7) сын тұрғысынан ойлауды бағалау.

Ал оқушылардан осыған байланысты:

— сенімділікпен жұмыс жасау;

— бар ынтасымен оқуға берілу;

— пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

— өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

— мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

— осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкес пе?

— осы ақпаратты үйрене отырып мен бірдеңе жасай аламын ба?

— маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Осы шараларды орындай отырып жұмысты әр баланы зерттеуден бастадым. Зерттеу нәтижелерін сараптай отырып алдағы уақытқа жұмыстар жоспарладым: ата-анамен, кітапханамен байланысты жандандырып, қоршаған ортасы, сабақ процесі арқылы тіл дамыту [25].

Балаларды мектепте зерттеген соң ата-аналармен пікірлестім. Оларды алға қойған жұмыс жоспарыммен таныстырып, көмек беруге шақырдым. Баланы ата-анадан артық ешкім білмейді ғой. Сол себепті олардың пікірлерін тыңдап, бала туралы ата-аналардан мәлімет алдым. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, баланың отбасындағы орны, бейімділігін анықтадым. Ата-аналарды балаларын баспасөзге жазылуға, оны баласымен бірге оқып, талдап, пікірін тыңдауға шақырдым. Кейінірек ата-аналар жиналысында пікірлері тыңдалып, кеңестер беріліп отырды. Бала сөйлеуді алғашқыда отбасынан үйренеді. Сол себепті ата-аналардың өздерін мәдениетті, көркем де әсерлі, жүйелі сөйлеуге шақырдым. Ата-ана жиналыстарында сөйлеу мәдениеті төңірегінде пікірлесу өткіздім.

Екінші жұмыс түрін кітапханамен байланысты нығайтудан бастадым. Оқушыларды кітапханаға келген жаңа кітаптармен таныстыра отырып, жас ерекшеліктеріне сай оқитын кітаптар тізімі жасалды. Сыныптан тыс оқу сабақтарында оқыған кітаптар талданып, оқу күндерін ұйымдастырып отырдым.

Келесі жұмыс достарымен, айналасындағы адамдармен сөйлесу мәде-ниетін қалыптастыру мақсатында жүргізілді. Амандаса білу, қонақ қарсы алу, телефонға жауап беру, жөн сұраған адамға жауап беруге сабақ, тәрбие жұмысы про-цесінде үйретіліп, мектептен тыс жағдайларда да жүргізіліп отырды.

Сол сияқты теледидардан балаларға арналған қандай бағдарламалар берілетінін көрген, үйренгенін өмірде қалай қолданып, пайдаға асыру жолдары туралы пікір алмастық. Осы жұмыстарды сабақ процесінде жалғастыра түстім.

Еліміз өркениеттілікке ұмтылып отырған кезде ойыма еріксіз Эдисонның мына сөздері оралады: «Өркениеттіліктің басты міндеті – адамды ойлай білуге үйрету» [26].

Ал ой жоқ жерде жүйелі сөйлеу жоқ. Олай болса ойлауға үйрете отырып бала тілін дамытуға жол саламыз.

Қазір Сын тұрғысынан ойлау сабақтарында оқушыларды оқуға, жазуға ғана емес, ойлауға үйренуді өзіміз де үйрене бастадық. Сын тұрғысынан ойлау жобасымен бір жыл көлемінде ғана жұмыс істегеннің өзінде біраз жетістіктерге қол жете бастады. Оқушыларды ойлауға үйретуде, тілдерін дамытуда бес жолды өлең, эссе, елес құшағында, торлы талқылау, раундробинг, РАФТ, INSERT, болжау, қосжазба күнделігі, еркін жазу, кубизм, дөңгелек үстел, қолжазба, дәлелді эссе сияқты стратегиялардың берері         көп [27].

Жоғарыда аталған стратегияларды қолдана отырып өткізген бірнеше сабақтарымнан мысалдар келтірейін. 4 сыныптағы ана тілі сабағы бойынша Қ.Мырзалиевтің «Күз» өлеңін оқыған соң торлы талқылау стратегиясын пайдаландым. Мақсатым өз пікірін дәлелдеуге үйрету (Кесте 4 ).

— Саған күз мезгілі ұнай ма?

— «Иә немесе жоқ» кестесін толтыруды ұсындым. Қаншалықты нақты дәлел келтіретіндіктеріне назар аударып, бағаладым.

Кесте  4

«Торлы талқылау» стратегиясы бойынша тапсырма үлгісі

Иә Жоқ
Маған күз мезгілі өте ұнайды. Айналаңнан бояудың барлық түсін көре аласың.

Ағаштан үзіліп түсіп жатқан жапырақтар көбелек сияқты. Барлық жеміс, көкөніс пісіп, тоятын мезгіл

(Назым)

Маған күз мезгілі ұнамайды.                           Жазғы каникул бітіп қалады. Жиі ауа райы бұзылып, батпақ болады. Ойнағанда киімің былғанса, анаң ұрсады. Бақшада да жұмыс көп. Ойнауға уақыт аз қалады (Еркебұлан)

4 сыныпта ана тілі сабағында «Аяулы Жақаң» тақырыбынан кейін оқушыларға Міржақыпқа 5 жолды өлең арқылы мінездеме беру тапсырылды:

1.Міржақып

2.Білімді шапшаң

3.Армандады, талпынды,оқыды

4.Міржақып қазақты білімге шақырды

5.Ойлы.

(Егей)

Міржақып

Ақын, оқымысты

Шақырды, оқыды, жазды

Халқын өнер, білімге    шақырды

Қайраткер

(Айым)

Синквейн құруда балалар зат есімге қандай мәндес сөз таңдайтындығына назар аудардым. Уақыт өткен сайын балалар қуанта бастады. Мұндай жұмыстар баланың сөздік қорын молайтуға көп көмек етеді.

3 сынып дүниетану пәні «Алғашқы қоңырау» тақырыбында сабақ қорытысында РАФТ стратегиясы қолданылды. Оқушыларға рөл, аудитория, форма, тақырып таңдау ұсынылды. Олар көптеген қызықты ой толғаныстарын ұжымға ұсынды.

Кітапханашының алғысы.

Мен көп жылдар балалармен жұмыс істеп келемін. Жиі-жиі сыныптарды аралап, оқулықтардың ұсталуын тексеремін. Оқулықтарын жақсы ұстаған 3 сынып оқушыларын алғыс хатпен марапаттадым. Осындай жақсы балалар тәрбиелегені үшін ата-аналарға алғыс айтқым келеді (Елдар).

Кітаптың қорқынышы.

Мені биыл алған бала қаптамады. Кір қолымен ұстай береді. Беттерімнің арасына қарындаш салып қояды. Үйінде кез келген жерге тастай салады. Келесі жылғы балаға жете алмай қаламын ба деп қорқамын (Еңлік).

4 сынып ана тілі сабағында «Ғажайып бақ» ертегісін оқи отырып, Асан мен Қасеннің дала қарияға келген жерінен мәтінді үзіп, оқушыларға қарияның шәкірті рөлін ұсындым. «Сендер қандай билік айтар едіңдер?» дей отырып пікірлері тыңдалды. Олар билік айтып, өз билігінің дұрыстығын дәлелдеуге тырысты.

4 сынып ана тілі «Ағаштар неге ашуланды» тақырыбы. Жаңа сабақты бастамас бұрын «Орманда жүрміз деп елестетіңдер» деген тапсырма бердім. Жерімізде орман болмағандықтан оқушылар естіген, оқыған, теледидардан көргендерін пайдаланып, сезімдерін былай жеткізді:

«Мен орман ішінде келемін. Айналамда әр түрлі әсем ағаштар өсіп тұр. Ағаш жапырақтары желмен жайқалады. Сылдырап бұлақ ағып жатыр. Құлағыма құстардың сайраған дауысы келеді. Мен орман ішінен тоқтамай жүре бергім келеді».

Міне, осы сияқты жұмыстар оқушыларды ойлануға, дәлелдер айта білуге жетеледі. Ойлауды үйрене бастаған балалардың тілі де дами бастады. Белгілі тақырыптағы ойды сын тұрғысынан қарай отырып, ой-толғау, суреттей алу, еске түсіру, болжау оқушыны да, жаңа бір әлемнің жаңалығын ашқандай қалыпқа жеткізеді. Әрі қарай ойын айтуға ынталандырады. Бұрынғы қолданылған оқыту әдістерінде мұғалім басты орын алып оқушы тек тыңдаушы ғана болса, қазіргі сын тұрғысынан шыңдалған ойлаудың арқасында оқушы білім негіздерімен толығып, болашақты ойлауға құлшыныс алады. Сондықтан сын тұрғысынан ойлау — өте күрделі маңызды құбылыс.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ