ЕСІРТКІ ЖӘНЕ ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ЗАҢСЫЗ АЙНАЛЫМЫ: ҚЫЛМЫСТЫҚ- ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТ

0

Халықтың денсаулығына қарсы қылмыстардың аса қауіпті түрі есірткі, психотроптық, күшті әсер  ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруімен байланысты іс-әрекеттер болып табылады.Есірткі, психотроптық заттар, күшті әсер ететін және улы  заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыстардың тікелей обьектісі-халықтың денсаулығы болып табылады.Қылмыстың заты есірткі заттар және  психотроптық  заттар.

                Есірткі заттар-адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы. ҚР-сы Үкіметінің  1998 жылғы 9 наурыздағы № 186 қаулысымен бекітілген тізіміне  медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған есірткі заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш,наша, героин,кокаин,каннабис,апиын және т.б. заттар жатады[1].

            Психотроптық заттар –адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин т.б. жатады. Есірткі, психотроптық заттарды оларды дайындауға пайдаланатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекусорларды көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе  басқа да әр түрлі тәсілдермен  арнайы рұқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кез келген қасақана  әрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасымалдау деп түсіну керек. Бұл әрекеттерді есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсорларды заңсыз тасымалдауы мүмкін.Белгілі бір есірткі немесе психотроптық заттың күшін көтеру үшін арнайы  рұқсатысз тазарту заңсыз ұқсату болып табылады.Құрамында есірткі зат бар өсімдіктерді кептіру, ұстау, кейбір бөлшектерден ажырату және  басқа да түрлендіру заңсыз қайта өңдеу деп есептелмейді.  Мұндай әрекеттер  жеке қылмыс болып табылады[2].

               Есірткі немесе психотроптық заттарды, оларды дайындайтын құрал-саймандарды, прекусорларды бір жаққа заңсыз  жөнелту дап оларды кез келген байланыс құралымен, арнайы адам арқылы, санымен қатар құстар мен жануарларды пайдалану арқылы, жіберуді айтамыз.Есірткі заттар мөлшері ірі емес мөлшер, ірі мөлшерде және ас ірі мөлшерде болады.

Психотроптық заттарда есірткі заттар сияқты ірі емес мөлшерге, ірі мөлшерге және аса ірі мөлшерде болады.

              Есірткі психоторптық заттарды оларды дайындауға пайдаланылатын аспаптар немесе құралдарды, сонымен қатар прекурсоралардың көлік құралдарын пайдалану арқылы немесе басқа да әртүрлі тәсілдермен арнайы рұқсатсыз орнынан ауыстыру үшін жасалған кезкелген қасақана әрекеттерді, осы заттарды заңсыз тасмалдау деп түсіну екрек.Бұл әрекеттердің есірткі, психотроптық затты, аспаптарды, құралдарды, прекурсоараларды заңсыз иесі ғана емес, оның тапсырмасы бойынша басқа адам да тасмалдауы мүмкін. Мұндай ретте көрсетілген заттарды заңсыз тасмалдауды басқаларға тапсырған тұлға осы қылмыстың ұйымдастырушысы болып табылады.Егер есірткі, психотроптық заттың, аспаптардың, құралдардың, прекурсоралардың заңсыз иесі- өзіне тапсырылған жүктің сипатын анық білмейтін адамдар арқылы көрсетілген заттарды, аспаптарды, құралдарды тасмалдауды жүзеге асырса, онда ол қылмыстың ұйымдастырушысы емес, тікелей орындаушысы ретінде жауапқа тартылады. Осы көрсетілген әрекеттер (иемденіп алу, тасымалдау немесе сақтау)  заңсыз болуы қажет. Яғни мұндай  әрекеттер құзіреті органдардың немесе лауазымды адамдардың  тиісті рұқсатынсыз жасалуы тиіс. Осы қылмыстың обьективтік жағының міндеті белгісі заңда көрсетілген  заттар мен нәрселерді ірі  мөлшерде өткізу мақсатының орын алмауы болып табылады.

            Есірткі бизнесіне  қарсы әрекет  етудің  төмен  тиімділіг  ең алдымен, қатты әсер ететін өсімдікті және  синтетикалық текті есірткілерді әкелуге құқық қорғау  орындарының қарсы тосқауыл құра алмауынан көрінеді. Тап осыған байланысты оларды елге әкелудің барлық жаңа  каналдары түсіндіріледі[3].

Қалыптасқан мұндай жағдайлардың негізгі себептері төмендегілерден көрінеді:

Біріншіден, есірткі тасымалдаудың көлемін азайту үшін мемлекеттік  шекараны нығайту қажет болады. Бұл орайда  әңгіме шекарадағы  кеден және құқық қорғау орындары  қызметінің тиімділігін арттыру туралы болып отыр;

Екіншіден, ұйымдасқан қылмысты қалыптастыру қызметіне  кедергі жасайтын  құқық қорғау орындары жұмысының нәтижелілігі, қанша бақылауда болса да төмен;

Үшіншіден, бұл саладғы келелі мәселелердің бірі сыбайлас  жемқорлық,  соның ішінде құқық қорғау жүйесі өкілдерінің есірткі бизнесімен айналысушы ұйымдасқан қылмыспен бірігуі.

Есірткілер –бұл оларды қолданғанда ерекше психикалық жағдайды туғызатын заттар.Адам ол жағдайда өте тез әдеттенеді және оны үнемі қолдануға душар болады, нәтижесінде ол әдет нашақорлық ауруына және орталық жүйке жүйесінің өзгеруіне әкеліп соғуы мүмкін.Осыған байланысты есірткі заттарын медициналық емес және ғылыми  мақсаттарда пайдалануға заңмен тыйым салынған. Ол заттардың тізімі 1961 жылғы есірткі заттары туралы бірегей конвенцияға сәйкес есірткілерді бақылау бойынша тұрақты комитетімен белгіленген. Ол заттар үш тізімге бөлінген:

күшті әсер етіші есірткі заттары;

улы заттар;

есірткі заттары мен психотроптық заттардың заңсыз  айналымына   қарсы күресу.

Жаратылысы бойынша есірткілерді екі топқа бөлуге болады: өсімдік және синтетикалық есірткі заттары.

Біздің елде апиынды мак пен құрамында есірткі бар сора түрлерінен қолдан жасалған есірткілер мен апиын тобына жататын медициналық дәрі дәрмектер кең тараған.Сорадан қолдан жасалатын есірткі заттарының негізгі түрлері:

Марихуана (каннабис)-түрлі сортты сораның  келтірілген гүлденген ұшар басы мен жоғары жағындағы жапырақтары.

Гашиш  (анаша) – түрлі сортты сораның гүлденген ұшар басының аталығын  (пыльца) ұнтақтау, себу, суға қайнату,сығу арқылы дайындалған қоспа.Дайындау тәсіліне байланысты ол ұнтақ , таблетка, әр түрлі түйір, қысып нығыздалған                  ( сперосованный) тақта түрінде болады, түсі -сұрғылт-жасыл, қоңыр болады.

Гашиш майы-есірткі әсері бар заттарды алу мақсатымен сора бөліктерін әр түрлі еріткіштерімен өңдеп, кейін сол еріткіштерді қайнатып, бумен шығару арқылы дайындалады.Ол қара-қоңыр түсті, сораның иісі бар қоюерітінді түрінде болады.

Мактан қолдан жасалатын есірткілердің  негізгі түрлерінің бірі –шикі апиын, ол мактың қауашағынан ағатын қоюланған сүт шырыны, әдетте қарақоңыр түсті болады. Оны қайнату немесе басқа тәсілдермен де өңдеуге болады (түсі қара-қоңырдан қара-сұрға дейінгі түйірлер,ерітінлер және т.б.). Оларға мак шөбі-мактың  қауашақтары мен сабақтары  (тұтас, бөлшектенген, престелген); экстрациялық апиын есірткі алкплоидтарын су немесе еріткіш арқылы алып, кейін қайнатып шайырландыру арқылы дайындалады; мак шөбінің суы немесе тұнбасы (көкнар) жатады.

Кокаин (көкнар) — “кока” атты оңтүстік америкалық өсімдігі жапырақтарынан алынатын табиғи алкалоид. Әдетте ол ақ немесе сарғыш түсті таза ұнтақ түрінде, кейде қосынды түрінде, ал кейде ақ, сары және қоңыр түсті жартылай мөлдір қатты гранулар болып табылатын “крэктың” негізі ретінде кездеседі.Көкнар дегеніміз ұйқы апиынын піспеген кезінде  кескенде ағатын қатқан шырын.Көкнар сыртқы түрі жағынан қатқан шырын күйінде  болады,ал кейде ұнтақ қара-қоңыр түсті, тілге ащы болып келеді. Кептірілмеген көкнардың түсі бозғылт қоңыр әрі иісі жаман болады. Көкнардың құрамында 25%  дейін алколойдтар бар. Олар морфин, кодеин, тебалин, папаверин және наркотиндер. Бұл алколойдтармен қатар көкнардың құрамынан басқа да смолалар камедилер, майлы қышқылдар және басқалар кездеседі.Көкнар өсімдігінен алынатын есірткі заттары. Бұл топқа  мыналар жатады: апиын сабағының  концентраты, апиын сабағының экстрактысы және тұндырмасы, ұйқы апиыны.

Құрамында есірткі бар медициналық препараттарға апиын тұнбасы,морфин, кофеин, ноксирок  т. б. Жатады. Олар флакон, ампула,ұнтақ таблетка түрінде болады.

Қазақстан Республикасында соңғы уақытта бұрын кездеспеген жаңа есірткі заттары заңсыз айналымына пайда болды. Бұл синтетикалық есірткі заттары және өсірілген жаңа есірткілер[4].

Героин – ацетилендіру арқылы алынатын морфинның туындасы, түсі ақтан қара – қоңыр түске дейін, ұнтақ түрінде кездеседі. Героин заңсыз айналымда глюкоза,қант,крахмал,ұн, тальк. Кальций карбогпты сияқты инертті толықтырғыштар қосындысында,  сонымен қатар фармацевтикалық препараттар қосындысында  кездеседі. Әсері морфиинен 5-6 есе белсенді,ол аса қауіпті  есірткілердің бірі болып табылады, өйткені адам оған өте тез әдеттенеді. Героиннды медициналық мақсатпен қолдануға тыйым салынған. Соңғы жылдары заңсыз айналымда амфетаминдер кең етек жайып келеді. Амфетамин тобына химиялық құрылысы бойынша амфетаминнің туындысы болып  табылатын және орталықнерв жүйесінің стимуляторы болып табылатын синтетикалық заттар жатады.Олардың кейбіреулерінің психотроптық және галюциногендік әсер бар.

Нашақорлық ұлтымыздың генофондына ғана емес сонымен бірге қоғамымыздың тұрақтылығы мен мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігіне де қауіп төндіруде. Табиғаттың тылсым үкіміме, адамзаттың тойымсыз, озбыр пейіліне қарай ма, әйтеуір бір қырып жоятын апат шығып жатады.

Оба, чума, сүзек, зілзала, рапрессия, соғыс, атом, бомбасы,СПИД тағысын-тағылар. Міне осының бәрін басынан өткізген адамзаттың басына тағы да бір қара бұлт үйрілді. Ол “есті алатын -өлім” деген қорқынышты атауға ие болған әйгілі-героин.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ