МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚТАҒЫ ЕРІК ДАМУ ЖОЛЫНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ.

0

Ерік – бұл адамның өз мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы түрде басқара білуі. Ол мақсатқа жетудегі кедергілерді жеңуге көмектеседі. Кедергілер қаншалықты көп болса және адамның мақсатқа жетуге деген құштарлығы күшті болған сайын, ерік әрекетте бұлшық еттік және жүйкелік қысымның соншалықты жоғары болғандығын талап етеді. Бұл қысымды адам, ерікті күш жұмсау ретінде бастан кешіреді. Ерік жігерлік қысым жағдайын адам өз әрекетін, тежеу және өзінің басқада сырттай сезімдерін білдіруден тежелу кезінде де бастан өткізеді. Табандылық, қалауыңнан бас тару, қоғамдық мәні бойынша анағұрлым жоғарғы мотивтерге төтеп беру де ерікті қысымды, күш жұмсауды, яғни шынайы ерікті әрекетті талап етеді.

Адам мақсатқа жетудегі мүмкін деген жолдары мен амал-тәсілдерін қарастырады, әр жолдағы қозғалыс, іс-әрекеттерін, кездесуі мүмкін кедергілерді, оларды жеңудің жолдарын  ойластырады, әрбір тәсілді, оның нәтижелілігін және өз мүмкіндіктеріне сәйкестігін алдын-ала бағалайды.

Әрекеттің мақсатын таңдау, және оған жетуге деген талпыныс жеке тұлғаның жалпы бағыттылығымен; қызығушылығымен, бейімділіктерімен, көзқарас және сенім жүйесімен байланысты.

Ерік жергілік әрекеттің соңы үнемі қандай да бір сезімнен аяқталынады. Осылайша, ерікті іс-әрекет сөздік ойлау ес, қиял және басқа да психикалық процестердің пайдаланылуын талап етеді.

Алайда В.К.Котырло өзінің «Мектепке дейінгі жас баланың ерікті мінез-құлқының дамуы» атты кітабында «Ересек адамның еркінің сипаттамасын алып кішкене баланың ерікті мінез-құлқына ауыстыра салуға болмайды» деп жазған.

Баланың мінез-құлық жалпы адамгершілік заңдылықтарына бағына отырып психикалық дамудың жасерекшелік заңдылықтарына да тәуелді.

Ал мұндай жағдайда баланың ерікті мінез-құлық дегеніміз не? Олай болса әдебиеттерге жүгінейік.

Еріктің пайда болуы мен дамуының негізі М.Сеченовтың психологиялық рефлекторлы табиғаты туралы ілімінде берілген. Ерікті «Ми мен моральдық сезімнің әрекеттік жағы» ретінде анықтай отырып Сеченов, ал бір затқа байланысты басқаратын өзіндігі жоқ қандайда бір агент емес екендігін атап өткен.

Сеченовтың жағдайы ерікті іс-әрекеттер – ол өмірлік қажеттіліктердің әсерімен жатталған әрекеттер екендігі туралы айтады. Басқаша айтқанда ерік қозғалыстың туындауына себеп болады,ал қозғалыстың өзі және оның орындалуы алдыңғы орындалу тәсілдері мен анықталынады.

Л.С.Выготский ерікті мінез-құлықты механикалық және мәні жағынан әлеуметтік ретінде қарастырған, ал бала еркінің даму көзін баланың өзін қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасынан қарастырған. Осының барысында ол еріктің әлеуметтік бейімділігінің жетекші рөлі баланың ересектермен қарым-қатынасында деп есептеген. Алдымен ересектер сөздің көмегімен баланың мінез-құлқын ретке келтіреді, содан соң үлкендердің талаптарының мазмұнын түсіне отырып бала өзінің сөйлеу тілінің көмегімен өзінің ерік жігерлік даму жолында алға қарай маңызды қадам жасай отырып, өз мінез-құлқын реттейді. Сөйлеу тілін меңгергеннен кейін, сөз бала үшін тек қарым-қатынас құрамы ғана емес, сондай-ақ өз мінез-құлқын (іс-әрекетін) ұйымдастырудың құралы болады. Выготскийдің ойынша генетикалық жоспарда ерік – бұл өз мінез-құлық процесін меңгеру кезеңі[1].

С.Л.Рубинштейннің ойынша балаға туғаннан инстинктивті және шартсыз рефлектаорлы, көзқарастар тән. Ерікті әрекетті орындау үшін бала ең алдымен өз тәні мен оның ағзаларын меңгеруі керек, яғни ерікті қозғалыстарды үйренуі керек.

Бұл баланың өз импульсивті және рефлекторлы қозғалыстарын белгілі бір көрнекті нәтижелермен байланыстыру мөлшеріне байланысты болады: алдымен қол кездейсоқ ойыншыққа тиіп кетеді, сонансоң осындай бірнеше қозғалыстардан кейін, ол ойыншыққа тартыла бастайды, — еріксіз қозғалыстар ерікті қозғалысқа айналады. Осы меңгерілген ерікті қозғалыстар өз кезегінде қалағаныңды іске асыруға бағытталғанын анағұрлым күрделі ерікті қозғалыстардың пайда болуы үшін негіз болып табылады. Осылайша, тек қозғалыс ғана емес, әрекет болып табылатын ерікті акттің пайда болуы ерікті мінез-құлықтың ізашар дамуына дайындалынады.

Егер дамудың бастапқы даму кезеңдерінде балалық ерік-жігер – бұл эмоционалды сезімдердің үйлесімі болса, ал нәтижесінде бала сол мезетте қалауын жеңуін білдіретін кейбір өзін-өзі ұстауға қабілетті бола бастайды.

Бастапқы 1-ші жылдың өзінде-ақ ерікті қозғалыстар, ең алдымен жармасып ұстау, әсіресе іздестіру қозғалысы үдемелі дамып отырады. Ерікті қозғалыстар бұрынғы болған әсерлердің негізінде іске асырылады, осылайша балалық шақ – бұл ерікті қозғалыстардың қалыптасуы кезеңі болып табылады.

Әрі қарай біз келесі жағдайларды қарастыра аламыз: ерік балаға туа берілген емес, ол өмір барысында тәрбиенің әсерімен қалыптасады. Дамудың әртүрлі кезеңдерінде балалардың ерікті әрекеттерінің талдауы ерік жігердің жеке тұлғаның жалпы даму пррцесінен бөлек өзбетінше қалыптаспайтындығын көрсетеді. Көптеген ғалымдардың еңбектері (Сеченов И.М., Павлов И.П., Быков К.М.) баланың еркінің дамуы шартты рефлекстердің пайда болу процесін білдіреді, ал ерікті әрекеттің табиғаты адамның өзін қоршаған әлеммен өзара қатынасының ерекше формасы ретіндегі генетикалық қарастырылуы барысында ашылады.

Запорожец А.В., И.М.Сеченовтың сезіну мен қозғалыстың үйлесімдігі туралы іліміне сүйене отырып, еріксіз қозғалыстар мен әрекеттердің негізінде қалыптасқан ерікті қозғалыстар мен ерік жігерлік әрекеттердің пайда болу процесін сипаттап берген.

А.В.Запорожец өзінің «Ерікті қозғалыстардың дамуы» атты (таңдаулы психологиялық еңбектерінің. Т.2.) кітабында былай деп жазған: «Ерікті қозғалыстардың проблемасы ерік жігер проблемасымен заңсыз түрде жиі араласатын болғандықтан бұл мәселелер бірбірімен байланысты болса да мүлдем әртүрлі мәнге ие екендіктерін атап кету керек. Ерік жігер көлемі тек қозғалыстармен ғана шектеліп қоймайтындығын айтпағанның өзінде (ерікті есте сақтау, зейін т.б. орын алады) осы аталған проблеманың мазмұнын ажырату үшін анағұрлым терең негіздер бар. Ерік жігер психологиясы үшін анағұрлым маңыздысы әлеуметтік, ең алдымен моральдық талаптардың оның әрекеттерін анықтайтын белгілі бір жеке тұлғаның өнегелік мотивтер мен қасиеттерге айналуы болып табылады.

Өз кезегінде Д.БЭльконин баланың дүниеге келгеннен бастап ересек жасқа дейінгі дамуы – оның қоғамның мүшесі ретінде, жеке тұлға ретінде қалыптасу процесі туралы жазған.

Мектепке дейінгі балалық шақтың қай кезеңінде маңызды мезеті қиыншылықтарды жеңе білу болып табылатын еріктің ретті бастамасын іздеуге болады.

Еріктілікті (ерікті реттің жоғарғы формасы ретінде) кеңестік бірқатар психологтар мотив пен мақсаттың сәйкестілігі емес, олардың қатынастары кіретін іс-әрекеттің ерекше құрылымының сипаттамасы ретінде қарастырады.

Дамыған ерік жігердің астарында жеке тұлғаның жоғарғы бағыты үшін төмендегісін жеңе отырып қиын жағдайларда өзін-өзі меңгере білуін, яғни адамгершілікті мінез-құлықтың жоғарғы, құндылығын іске асыруын түсіне отырып, — осы өзін-өзі меңгеруді анағұрлым қарапайым мінез-құлықтық әрекетін дайындайтындығын ұйғару қиын емес. Сондықтан мектепке дейінгі балалық шақтың әртүрлі кезеңдеріндегі ерікті мінез-құлықтың жастық ерекшеліктерін, оның даму динамикасын, мақсатқа жетумен оның жолындағы қиыншылықтарды жеңу мотивациясының алатын орнын зерттеу өте маңызды.

Адамның еркі міндетті түрде оның іс-әрекетінде байқалады, яғни оның жүйкелік және бұлшық еттің қысымының жұмысында байқалынады, өйткені адам қалған мақсатына жету жолында әртүрлі қиыншылықтарды жеңуі керек  сырты (арақашықтық, жолдың қиыншылықтары) және ішкі (дене әлсіздік, қаламау. Міне сондықтанда ең алдымен бала өзінің тәнін меңгеруді үйренеді. Балаға өз денесін басқару өте қиынға түседі. Бастапқыда бұл өзін-өзі сырттай бақылауды талап ететін ерекше тапсырма – бала тек өзінің қолына, аяғына кеудесіне қарап отырған кезде ғана қимылсыз болады, мұны олар басқарудан шығып кетпесін деп бақылайды. Тек содан кейін ғана балалар біртіндеп бұлшық еттін түйсінудің (сезінудің) негізінде өз денесінің жағдайын басқарады.

Яғни ерікті қозғалыстың туындауы үшін бала орындайтын қозғалыс сигналдық мағынаға ие болуы керек. Тек осындай жағдай да ғана бұрын болмаған қимыл қозғалыстар сезілетіндей болады. Олар ерікті қозғалыстың пайда болуына дайындайды.

«Қимыл-қозғалыстың сезінерлігі олардың еріктілігінің міндетті бірлігі ғана емес, сондай-ақ олардың аса қажетті алғышарты болып табылады. Ерікті басқарылымға айналмас бұрын қозғалыс сезінерлік болуы тиіс», — деп жазды А.В.Запорожец.

Біртіндеп сөйлеу тілін меңгеру және баланың мінез-құлқын реттеудегі сөйлеу тілінің рөлін көтеру баланың ерікті іс-әрекетінің дамуынының маңызын құрайды[2].

Бала сөйлеу тілін жақсы түсінетін болса да, және оны өзін қоршаған адамдарын қарым-қатынастарына кеңінен қолданса да, мектепке дейінгі балалық шақтың бастапқы кезеңінде әліде болса сөз формалары нұсқаулар бойынша қандайда бір күрделі әрекеттерді орындай алмайды. Үлкендердің нұсқауы оны қандай да бір істі бастауға немесе аяқтауға ғана ынталандыра алады. Ал баланың өз сөйлеу тіліне келетін болсақ, ол бұл кезеңде әрекетті немесе оның нәтижесін ғана білдіреді, бірақ әлі де болса әрекетті жоспарлап реттеуге келмейді. Бала сөзбен әрекеттің мақсатын белгілей алады, бірақ ол ешқашан белгілеген ісінің (әрекетінің) қалай орындалынатынын сөзбен анықтай алмайды.

Орта мектепке дейінгі жас бала үшін үлкендердің сөз нұсқаулары анағұрлым тұрақты мағынаға ие болады. Нұсқауды алып, мағынасын түсінген соң олар бірден әрбір қозғаоысқа жеке нұсқауды қажет етпей ақ әрекетті дұрыс орындай бастайды. Баланың өз сөзі істі жоспарлауға және оны басқаруға пайдаланыла бастайды («Арманның суретін саламын. Алдымен көп ағаштар саламын, сонансоң қоян және түлкінің суретін саламын»). Осының барысында бала өз іс-әрекетін бағыттай отырып дауыстап сөйлей реттеуі әліде толық жетіле қоймаған. Балалардың әрекеттерінің мақсаты мен мотивтік өзбетінше ұстау кезіндегі сезінетін қиыншылық осымен түсіндіруге болады.

Жоғарғы мектепке дейінгі жас бала үлкендердің салыстырмалы түрде күрделі сөздік нұсқауларын орындау біліктілігін меңгереді. Өз іс-әрекетін сөзбен жоспарлау барысында ол көбінесе дауыстап өз іштей басқарады. Алайда қиын жағдайларда тіпті үлкен мектепке дейінгі жас балалар өздерін сырттай-дауыстап сөйлей отырып басқарады.

    Бала еркінің даму проблемасы баланың іс-әрекетінің үлгілік мотивтің қалыптасуы мәселесі тығыз байланысты. Егер кішкене баланың мінез-құоқы қабылданатын жағдайдың тікелей ерекшелігі бойынша анықталынатын болса, онда мектепке дейінгі жас баланың іс-әрекетін реттеудегі үдеп отыратын ролді балаға қоршаған орта қоятын талаптар мен ережелер атқарады.

     Бала қоғамдық мазмұнын түсінеді, өзін қоршаған адамнан қарым-қатынас жасау процесінде бағынуға мәжбүр болатын құндылық нормаларын түсінеді. Белгілі бір жағдайларда осы қоғамдық талаптардың мәні баланың ішкі талаптарының мазмұнына айналады және бала оны сыртқы көмекті қажетсінбей, өз ынтасы бойынша, тәуелсіз өз бетінше әрекеттерінде басшылыққа ала отырып іске асыра бастайды.

     Бала мінез-құлық ережелерін меңгергеніне байланысты үнемі өзін-өзі қалағандай ұстай алмайтындығын түсіне бастайды. Сондықтан үлкендердің мақұлдау және тиым сөздеріне құлақ асып «болады және болмайтындығын» аулақ болуға ынталандыратын міндеттемелер туындайды.

Өз мінез құлқын басқару баланың түйсіну объектісі болады. Бұл оның дамуындағы жаңа сатыны объектісі басқа адамдармен қарым-қатынас жүйесіндегі баланың алатын орны және өз мүмкіндіктері болып табылатын жеке сананың қалыптасу сатысы білдіреді. Жеке сананың пайда болуы органикалық тұрғыда өз мінез-құлқын ерікті түрде басқарудың қалыптасумен байланысты. Алайда мінез-құлықты саналы түрде басқару мектепке дейінгі балалық шақта қалыптаса бастайды. Ерікті іс-әрекеттер байқаусыз имульсивті іс-әрекеттермен қатар өмір сүреді кіші мектепке дейінгі жас баланың мінез-құлқы толығымен имупльсивті іс-әрекеттен тұрады, еріктің байқалуы тек уақыт өте осыған аса қолайлы жағдайларда ғана байқалады [3].

Орта мектепке дейінгі жас балаларда осындай көрсеткіштердің саны артып отырады бірақ олар мінез-құлықта әліде болса маңызды орын алмайды. Тек үлкен мектепке дейінгі жас бала салыстырмалы түрде ұзақ ерікті күш жұмсауға қабілетті болады.

Бала өз қабылдауын есте сақтауын басқара бастайды. Есте сақтау мен еске түсіру процестерін басқару бала өз алдына арнайы мақсат қойып мысалы: ұнаған тақпақ, ертегіні еске сақтай бастағанда, яғни 4жасына таман мүмкін  болады.

Ойлау әрекетін басқару орта және үлкен мектеп дейінгі жас балаларда байқалады. Мысалы: Сөз жұмбақ шешуге тырыса отырып олар біріншісімен екіншісіне жүйелі түрде ауыса отырып әртүрлі нұсқау шешім пайдаланған кездер.

Осылайша мектепке дейінгі жас баланың мінез-құқында өзгерістер болады: іс-әрекеттерін ерікті түрде, тек іс-әрекеттері ғана емес толық мінез-құлқын ерікті түрде басқару мүмкін болады.

Мектепке дейінгі жас балалардың ерікті мінез-құлқы мен қасиеттерінің дамуы үшін үлкендердің бағасы өте маңызды. Осы бағалаудың негізінде балаларда өздерінің нені жақап жасай алатындықтары және нені мүлдем жасай алмайтындарын түсініп қабылдайды. Ересек адамның баға беруі әсіресе 4-5 жастағы балалар үшін өте маңызды. Балалар үлкендер жақтырмайтын істерден тиыла отырып олардың жағымды көз қарасына бөленуге тырысады.

Сондай-ақ мектепке дейінгі жас балаларда сана сезім дамиды — өзі қандай, қандай қасиеттерге ие, оған деген қоршаған адамдардың көзқарасы қандай және мұндай көзқарас не үшін туғандағанын ойланып түсіну. Сана сезім әсіресе өзін-өзі бағалауда ерекше байқалады, яғни баланың өз жетістіктері мен сәтсіздіктерін, өз қасиеттері мен мүмкіндіктерін бағалауы.

Өзін-өзі дұрыс бағалай үшін бала алдымен өзі сырттан бақылай алатын басқа адамдарға баға беріп үйренуі тиіс. Ал бұл бірден іске аса қоймайды. Осы кезеңде өз құрбыларын бағалай отырып, бала ересектердің өздері яғни олар туралы пікірлерін қайталайды. Осы жағдай өзін-өзі бағалауда да байқалады («Мен жақсымын, өйткені анам солай дейді»).

Баланың басқа адамдарды, олардың істерін және қасиетін өзбетінше бағалауы бастапқыда оның өзінің осы адамдарға деген қарым-қатынасына тәуелді болады. Бұл жеке алғанда ертегілер мен әңгімелеріндегі кейіпкерлердің іс-әрекетін бағалаудан байқалады. Жақсы, жағымды кейіпкердің кез келген іс-әрекеті жақсы болып бағаланылады, ал жамандікі – жаман болып бағаланады. Алайда кейіпкерлердің қасиеттері мен іс-әрекетінің бағасы біртіндеп, оларға және жағдайды түсіну мен сол қасиеттер мен іс-әрекеттер шынайы мағынасына қарай құрыла бастайды.

Мінез-құлық нормалары мен ережелерін меңгеру мөлшеріне байланысты. Олар бала басқа адамдарды бағалау барысында пайдаланатын өлшемдерге айналады. Алайда бұл өлшемдерді өз-өзіне қолдану анағұрлым қиынырақ болады. Баланы баурап сол немесе басқа істе жасауға интермелейтін, сезімдер, баладан жасалған іс-әрекеттердің шынайы мәнін жасырады, оларды алаламай әділ бағалауға мүмкіндік бермейді. Мұндай баға беру тек өзінің іс-әрекеттерін, өз мүмкіндіктері мен қасиеттерін басқалардың іс-әрекет, қасиеттерімен салыстыру негізінде ғана мүмкін болады. Өзін басқалармен салыстыра білу біліктілігі үлкен мектепке дейінгі жас балаларда дамиды және ол дұрыс өзіндік баға берудің негізі болып табылады. Оның мазмұны нормаларына бағынудан көрінетін баланың практикалық біліктілігі мен моральдық қасиеттерінің күйі болып табылады [4].

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ