ПЕДАГОГ МУЗЫКАНТТЫҢ ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА МУЗЫКАЛЫҚ-НАСИХАТТАУШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІ

0

Бүгінгі  педагог-музыканттың әлеуметтік білім беру кеңістігінде білім алу жолын тауып, ғылыми тұрғыдан өзінше тұжырым жасау, қажетіне қарай ғылым жетістіктерін күнделікті оқу-тәрбие процесінде пайдалана білуі көкейтесті мәселенің бірінен саналады. Ұстаз өзінің іс-әрекетін үнемі педагогикалық жаңашылдыққа, педагогикалық құндылықтар мен білім беру технологияларын меңгеруге, жеткізуге және жаңаны жасауға бағыттап, мектептегі тың бастамалардың қолдаушысы болуы тиіс. Мектеп мұғалімі жеке тұлға ретінде өзін-өзі шығармашылықпен жүзеге асырған жағдайда ғана зерттеушілік мәдениеті қалыптасады [11].

Педагог-музыкант өзінің кәсіби шеберлігін шындауда өзін-өзі зерттеу, кәсіби іс-әрекетін талдау, оқу-тәрбие жұмысында қолданатын әдіс-тәсілдерінің тиімділігін пайымдау, музыкалық білім мазмұнын жобалау, болашақ нәтижелерді талдау сияқты толып жатқан іскерліктерін үнемі жетілдіріп отыруы тиіс. Мұндай іс-әрекет    мазмұны     музыка    пәні     мұғалімінің    әдіснамалық мәдениетінің сипатын танытады.

«Әдіснамалық мәдениет» ұғымына музыка пәні  мұғалімнің музыкалық-педагогикалық   зерттеудің   амалдары   мен   әдістерін меңгеруін және оларды әдебиеттерге әдіснамалық талдау жасауда, практикалык оқу-зерттеу, музыкалық-педагогикалық іс-әрекеттеріндегі жаңа ситуацияларда шығармашылықпен қолдана білуін жатқызамыз. Әрине, ғалым-педагогтің    әдіснамалық мәдениеті мен музыка пәні мұғалімінің әдіснамалық мәдениетінің арасында елеулі айырмашылықтар бар екендігін айтып өткен жөн. Егер   зерттеуші ғалым әдіснама негізінде және ғылыми-педагогикалық білімге қол   жеткізсе, мұғалім оны практикада пайдаланушы болып табылады. Педагог-музыканттың әдіснамалық мәдениетті игеруі дегеніміз —  оның педагогиканың әдіснамасы негізінде педагогикалық міндеттерді шешу, педагогикалық құбылыстарды,  оның ішкі  және  сыртқы байланыстарын танып білуі. Педагогтың әдіснамалық мәдениеті оның оқу-тәрбие процесін жобалау және құрастыру,  педагогикалық міндеттерді  пайымдай отырып, шығармашылықпен шешімін таба білуінен көрініс табады. Әдіснама   проблемасына   қатысты   кейінгі   кезде   «әдіснамалық талдау»   ұғымы   жиі   қолданылып   жүр.   Әдіснамалық   талдау қайсыбір әдіс емес, ол — түрлі деңгейдегі музыкалық-педагогикалық проблемалардың шешімін іздестіруге, алынған    нәтижелерге негіздеме беруге бағытталған принциптер, әдістер, зерттеу құралдарының жиынтығы.

Әдіснамалық талдау дегенді жеке түсінуде ең алдымен оның негізі ретіндегі «рефлексия» ұғымын пайымдау қажет. «Рефлексия» латын тілінде кейінге қайта үңілу, «ойлану, өздік бақылау» деген ұғымды білдіреді. Философияда рефлексия — адамның өз әрекеті мен оның заңдарын пайымдауға бағытталған шығармашылық іс-әрекет формасы ретінде қарастырылады.

Ал педагог-музыканттың кәсіби рефлексиясын Э. Б. Абдуллин айтқандай, оның «өзін-өзі жасауы», яғни кәсіптік тұлғалық сапасы, іс-әрекеттері, қызығушылығы, қажеттіктерін, талпыныстарының қандай екендігіне және музыкалық білім мазмұнына, музыкалық процестерге сыни тұрғыдан    қараудағы    бағыттылығы    деп түсіндіруге болады.

Сонымен, музыка пәні мұғалімінің әдіснамалық мәдениетті иеленуі    дегеніміз — оның меңгерген әдіснамалық білімін педагогикалық   ситуациялардың шешімін іздестіру процесін қолдана білу іскерлігі. Оның ең маңызды бөлшектері болып тәрбие    процесін    жобалау    және    құра    білу;    педагогикалық міндеттерді пайымдау, қалыптастыру және оны шығармашылықпен шеше   білуі   есептелінеді.   Әдіснамалық   мәдениеттің   осындай жинақталған жақтарын меңгеруі мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің жоғары деңгейін қамтамасыз етіп, оны шығармашылықты тұлға ретінде сипаттайды. Әдіснамалық мәдениет мынандай іскерлік арқылы көрініс алады: проблеманы көре білу және оның нақты материалмен арақатынасын белгілеу, жорамал ұсыну және оның жүзеге   асырылуы   жолдарын   ойша   шамалау,   педагогикалық міндеттің шешімін оңтайлы бірізділікпен іздестіру.

Музыкалық-педагогикалық   зерттеу   жұмысы   музыка   пәні мұғалімінің ең күрделі, қорытынды еңбегі болып табылады.

Болашақ музыка пәні мұғалімін тәрбиеленудегі ең басты проблема оларды білім ала білуге үйрету. Ал оның шешімі рефлексияны меңгеруде ғана мүмкін болмақ. Э. Б. Абдуллин рефлексиялық іс-әрекеттің логикалық жүйедегі алғашқы талдау, дамытудың (өздік дамудын) бағдарламасын құрастыру, бағдарламаны жүзеге асыру, жинақтап қорыту сияқты логикалық байланыстағы үш торабын атап көрсетеді [12].

Алғашқы талдау торабында музыка пәні мұғалімінің музыкалық-педагогикалық практикада немесе арнайы әдебиеттерді зерделеуде кәсіптік қабілеттер мен жеке тұлғалық сапа-қасиеттердің деңгейлерін талдау және әр түрлі музыкалық-педагогикалық іс-әрекеттерді жүзеге асыру іскерлігі; оқушылардың музыкалық дамуына педагогикалық жетекшілік ету іскерліктерінің қалыптасу дәрежесі барысында пайда болған қарама-қайшылықтарды пайымдау қасиеттері қалыптасады.

Рефлексивтік талдаудың екінші торабы — жеке тұлғалық кәсіби жетілуге және оқушылардың музыкалық дамуына бағытталған даму бағдарламасын құрастыруды қарастырады .

Үшінші торабы — рефлексияның көмегімен жеке түлғалық кәсіби сапа-қасиеттердің, іскерліктердің, қабілеттердің қалыптасуына және музыкалық-педагогикалық болмысының жаңғыруына көмектесетін даму процесі болып табылады.

Төртінші торабында музыка пәні мұғалімінің алғашқы өздік талдауды қорыту, даму бағдарламасының жүзеге асуы және өзінің кәсіптік іс-әрекетінде рефлексиялық талдау нәтижелерін іс жүзінде қолдануы сияқты рефлексиялық іс-әрекетінің басты міндеттері жүзеге асырылады. Музыка пәні мұғалімі осы аталған кезеңдерде музыкалық-педагогикалық іс-әрекетін алғаш бастаған кезеңдегі, қобалжуы, кедергілерден қорқып-үрейленуінен бастап, кездесетін басқа да қиыншылықтардың себебін тап басып, қарама-қайшылықтарды жеңе білу дәрежесіне жетеді.

Сонымен, әдіснамалық талдау іскерліктері мүғалімнің өз іс-әрекетін болжау және сол болжамдарды кері байланыстар орнату негізінде оңтайлы нәтижемен жүзеге асыруына қол жеткізеді. Кері байланыс мұғалімнің өз жұмысындағы сапалық көрсеткіштер туралы тұрақты деректер алуын, оқу-тәрбие процесіне түзетулер ендіруін қамтамасыз етеді. Өз кезегінде оңтайлы нәтижеге жету амалдары жаңа педагогикалық-теориялық қорытындылар жасауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде музыкалық білім беру педагогикасының жүйе қызметін барынша тиімді болжауға негіз болатын жаңа музыкалық білім беру педагогикасының теориялық тұжырымдамасы анықталады.

Музыканы оқыту педагогикалық процесте жүзеге асырылады. Процесс — prozessus — латын тілінде алға қарай жылжу, өзгеру деген ұғымды білдіреді. Осыған байланысты ол музыкалық білім берудің, тәрбиелеудің және жеке тұлғаның жалпы дамуы міндеттерін шешуге бағытталған тәрбиенің субъектілері мен объектілерінің даму үстіндегі өзара әрекеттестігі болып табылады[13].

Музыканы оқыту процесінде оқушылардың музыкалық ойлау қабілеттері, дүниетанымы, практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптастады. Оқушы тек музыкалық білімдерді меңгеріп қана қоймайды, оның дүниені тануға, түрлі музыкалық құбылыстарды пайымдауға, өз бетімен білім толықтыруға, меңгерген білімдерін практикада қолдануға талпынысы, қажеттіктері дамиды. Оқытушы болса, ол тек жалаң білім берумен шектелмейді, оқыта отырып тәрбиелейді, оқушылардың білім алуға деген қажеттіліктерін, музыкалық қабілеттерін дамытады, жаттығулар мен тапсырмалар беріп, білімділік деңгейлерін бақылайды. Бір сөзбен айтқанда, музыкалық-педагогикалық процеске басшылық жасайды.

Музыканы оқыту процесі өзіне тән компоненттерімен сипатталады. Олар: музыканы оқыту (музыкалық білім, музыкалық іскерлік, музыкалық дағдылар), музыканы оқыту мақсаты, музыкалық білім мазмұны, музыканы оқытудың әдістері және құралдары, музыканы оқытуды ұйымдастыру, музыканы оқытудың нәтижелері.

Музыканы оқыту тар мағынасында оқушылардың музыкалық білім, іскерлік, дағдыларын меңгерту деп анықталса, кең мағынада музыкалық білім, іскерлік, дағдыларды меңгертумен бірге, олардың музыкаға деген     эмоционалды-құндылықты тәжірибесі  мен музыкалық  шығармашылық іс-әрекеттері  тәжірибесінің қалыптасуын айтамыз.

Бүгінгі таңда музыкалық білім берудің мақсаты оқушылардың рухани, адамгершілік, эстетикалық, көркемдік мәдениетінің қалыптасуы деп түсіндіріледі

Жалпы білім беру жүйесіндегі музыка сабақтарында окушылардың музыкалық іс-әрекеттерінің негізгі үш түрі жүзеге асырылады. Олар: музыкалық-тыңдаушылық; музыкалық-орындаушылық (вокалды-хормен ән салу және музыкалық аспаптарда ойнау); музыкалық-шығармашылық және импровизациялау түріндегі музыкалық-сазгерлік шығармашылық іс-әрекеттері. Мектептегі музыка сабақтарында аталған іс-әрекеттердің әрқайсы өзіне тән міндеттерді орындауға бағытталады.

Музыкалық-тыңдаушылық      немесе       тыңдап–қабылдау процесінде музыкалық — орындаушылық,  музыкалықшығарымпаздық, импровизациялау сияқты музыкалық іс-әрекеттер қатысып отырады, яғни музыка тыңдау, қабылдау басқа іс-әрекеттердің қай-қайсысының болмасын негізі болып табылады.

Мәселен, әнді үйрену үшін әуелі тыңдалады, ал оны орындауда әуеннің интонациясы мен мәнерлілігіне ден қоя назар аударылады. Музыканы тындау процесінде оқушылардың музыкалық шығармаларды толыққанды қабылдауға қажетті дағды, іскерліктерін қалыптастырудың, музыкалық шығармашылық қабілеттерін, музыкалық талғамы мен қызығушылығын қалыптастырудың маңызы зор.

Педагог-музыканттың алдына мынадай талаптар қойылады:

  1. Сабақтарды әртүрлі сыныптарда өткізуді жоспарлай алуы керек;
  2. Мұғалімінің кәсіби іс-әрекетінің негізгі мақсаты – педагогикалық процесті біртұтастықта меңгеру керек.
  3. Мұғалім оқушыларды оқулықтармен, оқу жоспарларымен, оқу әдістемеліктерімен міндетті түрде танысу керек.
  4. Мектептегі музыка үйірмелерімен, олардың жоспарларымен және жұмыс мазмұнымен танысу болу керек.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ