БАЛАБАҚШАДАҒЫ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ

0

Қазақ халқы қай уақытта болмасын,ұрпақ тәрбиесін ұлттың тағдыры, ұлттың болашағы деп білген.Сондақытан тәрбие мәселесіне көңіл бөліп, оған тиімді әдіс-тәсілдерді қолданып,қарастыру әрбір ұжымның тапқырлығы мен іскерлігін, ізденімпаздығы мен шығармашылығын талап етеді. Адамға ең бірінші білім емес,тәрбие берілуі керек.» Тәрбиесіз берілген білім, адамзаттың қас жауы»-деген ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фараби-ойын әрбір ұстаз,әрбір тәрбиеші,әрбір ата-ана өздеріне қағида ретінде ұстанса нұр үстіне нұр болар еді.Оқу мен тәрбие бір-бірінен бөлек алынып, қаралмайтынын күрделі процесс.Сондықтанда мектеп жасына дейінгі балаларға үлгілі тәрбие берудің маңызы зор.Кішкентай сәбилеріміз ата-анасының, тәрбиешісінің,достарының мінезінен жүріс тұрысынан,сөйлеген сөзінен, істеген  ісінен үлгі алуға тырысады.Осыған орай Мағжан Жұмабаев өзінің ұлағатты бір сөзінде былай деген болатын:»Баланы тәрбиешінің дәл өзіндей қылып шығармай,келешек заманына лайық қылып шығару керек». Мағжан атамыз  айтқан даналық ойы бүгінгі күні білімді ұрпақ керек екенін айқындайды.Өйткені елдің ертеңгі тірегі жастар.Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс.

Қазіргі таңда тәрбиешілер қауымына үлкен жауапкершілік артылып отыр. Бала тәрбиесі тек тәрбиешінің емес, баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаныңда, Мектептің де,мақсат мүддесі біреу,ол заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.  Бүлдіршіндеріміз балабақшада бірінші өз-өзіне қызмет етуді үйренеді. Тәрбиеші көмегімен жуынып,киініп,сүртінеді,бір-біріне көмектеседі. «Рахмет, кешір, өтінемін сөздерін айтуды үйренеді.Топтағы ойыншықтарды жинау, оларды күтіп ұстау, топты  таза ұстауды үйренеді.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қажет ермек саз, тақтайша, қылқалам т.б. заттарды дайындауға көмектеседі. Серуен кезінде гүлдерді қопсыту, шөптерін жұлу, ойын алаңын таза ұстауды үйренеді. Міне,осылайша біз бүлдіршіндерімізді тазалыққа, әдептілікке, кішіпейілділікке, еңбекке шақырып баулимыз. Әрине әрбір жасалынған істен кейін «жарайсыңдар балалар!» Тобымыз немесе ойын алаңымыз қандай сәнді болып қалды,бәрекелді!» — деп айтуымыз шарт. Себебі осы сөздерді есту арқылы жасаған еңбектерінің  дұрыс екеніне көз жеткізеді.» Т.Рибоның айтуынша баланың шығармашылық қабілетті тәжірбиелігіне байланысты дамиды» -деп тұжырымдайды. Мектеп жасына дейінгі кезең қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуның 4 ерекше кезеңге бөлуге болады. 2 жастан 6-7 жасқа дейінгі аралық.

1 кезең — баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты, бір заттан басқа бір затты көре бастауы.

2 кезең — қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы.

3 кезең-ойындағы рөлдеррге байланысты өзгеру.

4 кезең-бала қиялының өзіндік,көркемдік,шығармашылықтың басталуы, бейнелерді, қайта құруы жасауы.

Тәрбиешіге тағы бір артылған міндет осы кезеңдерде баланы шыңдай түсу. Себебі мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял қоғамдық тәжірбиені меңгерудегі алғы шарттары болып келеді. Өйткені балалар қоршаған ортаны адамгершілікті эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды.

Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Бала қиялының дамуы біртіндеп шамасына қарай қабылдауынан басталады. Қиялда болатын барлық образдар қаншама таңғажайып болып көрінгеніменде баланың өмірден көрген, білгенінен негізделеді. Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Жас ұрпаққа білім беруді жетілдіру  мәселесі толасыз күн сайын өзгеріп тұрған әлеммен бірге жүрері анық. Балабақшада берілетін тәрбие барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын. Бала бойындағы жақсы қасиеттермен, мүмкіндіктерді алып, олардың өнегелі болып өсуіне балабақша ошағының тигізер әсерінен маңызы зор. Баланың бойында адамгерішілік, патриоттық тәрбиені қамтамасыздандырудың негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді. Ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, өз отбасына, балабақшасына, туған қаласына,көмекшісіне сүйіспіншілікпен, қамқорлықпен қарау,табиғатты аялау. Қазақ халқының салт әстүріне қызығушылықпен қарау, мемлекеттік рәміздермен таныстыру. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Тәрбиенің алтын бесігі балабақшамыздағы сәбиімізді адам баласына тән қасиеттерге, адамгершілікке тәрбиелеуден жалықпайық.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ