ХИМИЯДАҒЫ КЕЙБІР ТАҚЫРЫПТАРДЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ

0

Химия пәнінен «Кальций және оның қосылыстары» тақырыбында сұрақ-жауап, зертханалық тәжірибе, топтық және тірек-хабарлармен жұмыс, дифференциялау әдісімен өткізілген панорамалық сабақ.

Сабақтың мақсаты.

Білімділік: а) периодтық жүйедегі орны бойынша кальций атомының құрылысы, қасиеттері, оның қосылыстары, күнделікті өмірде қолдану салаларымен таныстыра отырып, алған білімдерін жадында сақтау, ойлау қабілетін дамыту; ә) тіл шеберлігін, білімге құштарлығын, дүниетанымдық көзқарасын арттыру.

Тәрбиелік: химия пәні талап ететін ұқыптылыққа, төзімділікке, ұйымшылдыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Дамыту: химиялық заттармен жұмыс істей білу дағдысын дамыту, өмірден көрген деректерді пайдалана білуіне және шығаруашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.

Сабактың жабдықтары: спиртшам, ұстағыш, кәрден табақша, стакан, сүзгі, қағаз, сіріңке қорабы, қарындаш өзегі, зертханалық қасық, араластырғыш.

Реактивтер: СаО, ғаныш СаS04.2О, НСl, ВаС12 ерітінділері, СаС12, лакмус, су.

Сабақтың жоспары:

  1. Қайталау — оқу анасы.
  2. Білгенге — маржан.
  3. Сен оқысаң, мен тоқығам.
  4. Ізденген жетер мұратқа.

Сабақтың жүргізілу барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: а) оқушыларды топ деңгейлерін ескеріп, 3 топқа (оқушылық, эвристикалық, шығармашылық) бөлу, тапсырмалар жазылған үлестірмелерді тарату, әр топ екі партадан біріктірілген үстелдерге жағалай отырғызылады, әр топтың алдына қажетті зертханалық жабдықтар, реактивтер қойылады;

э) сабақтың ұстанымы, жоспары таныстырылады;

б) жинақылық, зертханалық тәжірибеде қьшқыл, сілтімен жұмыс істеудің сақтық ережелерін еске салу.

Жаңа сабақ түсіндірілер алдында сынып оқушылары түгел қатыстырылып, өткен сабақтармен байланысты «Кальций» сөзжұмбағы ұсынылады.

 

Сөзжұмбақ

1.Жер  қыртысының  негізі.  2.Тіршілік тірегі.  3.«Металдар»  патшасы. 4.Улы элемент. 5.Францияның құрметіне аталған элемент. 6.Жұмсақ металл. 7.Аса жеңіл металл.

        1              
        2              
      3                
  4                    
5                      
6                      
7                      

Жаңа сабақ:

Сабақ тақырыбы тақтаға жазылып, әр топтың алдындағы үлестірме қағаздағы тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізілді.

I бөлім. Қайталау — оқу анасы

 

I топқа. 8-сыныптағы «Д.И.Менделеевтің заңы мен жүйесі» тақырыбынан   алған  теориялық білімдеріне сүйеніп, кальций элементіне сипаттама беріңдер (Периодтық жүйе пайдаланылады).

 

II топқа. Кальцийдің химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакция теңдеуін жазыңыздар. (Жылжымалы тақта пайдаланылады).

Жылжымалы тақтада:

  1. Са + Сl ® 4. Са + О2 ®
  2. Са + S ® 5. Са + НСl®
  3. Са + Н2®                                6. Са + Н2О®

 

IIIтопқа.СаС12 балқымасын электролиздеу тендеуін құрыңыздар.

II бөлім. Білгенге маржан

I топқа. Кальцийдің өздеріңіз білетін, күнделікті өмірде кездестіріп жүрген қандай қосылыстарын білесіндер? Солар жөнінде әңгімелесіңдер.

II топқа. Мына айналуларды жүзеге асырыңыздар.

СаО®Са(ОН)2®СаСО3®Са(НСО3)2

IIIтопқа. Реакциялардыңмолекулалықжәне иондықтендеулерін құрыңыздар:

а) Са(ОН)2®СаСО3

ә) СаСО3®Са(НСО3)2

б) Са(НСО3)2®СаСО3

Осы тапсырмалар бойынша әр топ өздерінің білімін ортаға салды, әрі қарай мұғалім толықтырды.

Маңызы.

Адам ағзасы – 1 кг

Тәулігіне – 0,5

Са2+                              қан ұю

Са3(РО4)2                    сүйек, тіс

Қышқыл                      сілті

                                                                         100 г сыр немесе 0,5 л сүт

Тағамдар

сүт сүзбе сыр жұмыртқа

Мұғалім тірек-хабарларын пайдалана отырып, кальцийдің адам ағзасы үшін маңызы, кальцийдің табиғатта тарауы, физикалық қасиеттері, қолданылуы, қосылыстары жайлы әңгімелейді.Кальцийдің тарылуын әңгімелегенде өз облысымыздың кальций (СаСО3), фосфорит (Са3(РО4)2) минералына бай екені айтылды. Фосфорит өнеркәсібінде кеңінен пайдаланылады, одан құнды минералды тыңайтқыштар алынады.

Әктас — көп тараған органикалық шөгінді жыныс. Әктастың үш түрі бар. (5-сынып, табиғатгану материалдарын еске түсіру)[1, 184-б.].

Құрамы

Кальций 1808 ж. ағыл.ғалымы Г.Дэви ашты. IV период Са40 ІІ топ,

Негізгі топша

2е8е8е2е

1s22s22p64s2

 

 

Таралуы

 Алынуы.

CaCl2®Ca2+ + 2Cl

Ca2+ + 2e ®Ca01

2Cl — 2e ® Cl2      1

ерітінді

CaCl2(ер)                    Ca¯ + Cl2­

 

 

Физикалық қасиеттері                Химиялық қасиеттері

Са                                                                  +Cl2                           t   CaCl2

Ar = 40                                                         +S                               t    CaS

d = 1,55 г/см3                                    +HCl                               CaCl2+H2

t0 балқу = 8510С                               Са       +H2O                              Ca(OH)2+H2

                                                                         +H2                            t    CaH2

              t                                                          +O2                            t    2CaO

 

 

 

Қолданылуы

                                                             Подшипник

Кальций гипохлориді:(хлорлы әк)

Ca(OH)2+ 2Cl2®Ca(ClO)2+CaCl2+H2O

Ca(ClO)2+ H2O + CO2® CaCO3 + 2HClO

2HClO ® 2HCl + O2­

 

 

 Қосылыстары

 

 

бор — тіс пастасы, бор, замаска.

СаСО3              кәдімгі әктас — ұлутас, құрылыс, әк.

мәрмәр — театр, мәдениет, метро станцияларын әдемілеуге, ескерткіш, аурухана ваннасы, колжуғыш, операция бөлме-лерінің қабырғасы, үстелі.

Әктас қалай пайда болады?

Бор – мұхит пен теңіздерде тіршілік ететін ұсақ ағзалардың қабыршақтары мен қаңқаларынан пайда болады. Бор дәуірінде түзілген. Тау түзілу кезінде әктас қабаттары жер бетінде тұтас жота болып көтерілген. Ақтау жотасы осылай пайда болған. Ұлутас неоген дәуірінде түзілген. Әсіресе ұлутасқа Үстірт бай.

Мәрмәр керісінше, әктастың жер қойнауына батып, тереңдегі магма ошағына жақындап, жоғары температура мен қысымның әсерінен жымдасуынан пайда болған[2, 146-б.].

Зертханалық тәжірибелер:«Кальций қосылыстары, қасиеттері, оларды танып білу».

I топқа. Ғанышты қалыпқа құю (СаSO4.2О).

IIтопқа.СаО ® СаSO4.20 айналуы.

IIIтопқа.«Кальций тұздарын ажырата білу».

Әр топ зертханалық тәжірибелерінің қорытындысын қысқаша дәптерлеріне жазып, баяндайды.

Тірек-хабарын пайдалана отырып, кальцийдің табиғаттағы айналымы әңгімеленеді.

Бекіту:

  1. Әк суын қалайсақтаукерек: ашық ыдыста ма? Са(ОН)2-нің химиялық қасиеттерін ескеріп, дәлелді жауап беріңіздер.
  2. Тотығу дәрежесі 2-ге тең. 8 г металл сумен реакцияласқанда 4,48 л сутегі (қ.ж.) бөлінді. Металдың Аr анықтап, оны атаңыздар.

Шығарылуы:

8гIII4,48 л

Ме + 2 Н2О®Ме(ОН)2 + Н2

х г22,4 л

8 : 4,48 -х : 22,4

х =40 г (Са). Жауабы: Аг=40 (Са).

3-тапсырма: СаС12— кальций хлориді балқымасының электролиздеу тендеуін құрыңдар.

4-тапсырма:Реакциялардың иондық теңдеулерін құрыңдар:

1.Са(ОН)2®СаСО3;

  1. СаСО3® Са(НСО3)2
  2. Са(НСО3)2® СаСО3[3, 98-б.].

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ