ХХ ғасырдағы балалар әдебиетінің дамуы

0

ХХғ басындағы азды көпті өлең жазып, кітап бастырып, халық арасында атағы шыққан шығармаларында ағартушылық бағыт көзқарас ұстаған ақын жазушылар: Ақмолла Мұхамедияр, Әбубәкір Шоқанов Кердері, Мақыш Қалтаев, Нұржан Наушабаев, Көппев, Байжанов, Мұсабек Байзақов. Ағартушы ақын жазушылардың негізгі шығармалары заман халық дүниетірлік туралы халықтың тұрмыстық хал жайы мұң тілегі туралы. Олар бұл шығ.ларында ескіліктің феодалдық қоғамның кей жағын сынап мінейді. Жақсыны жаңаны дәріптейді.

Б. Соқпақбаев. Менің атым Қожа. Қожаның бейнесі.Қожа — Шын аты Қожаберген. Бір сыныпта екі Қожа болғандықтан, шатастырмас үшін оны «Қара Қожа» деп атайды. Кейде келемеждеп, «Қара Қожа» деудің орнына «Қара Көже» дейді. Фамилиясы Қадыров. Бір кезде «Қадырұлы» деп те жазып жүрді. Шашы қайратты. Бойы — орта бойлы, әжесі «әкең тәрізді сұңғақ боласың» дейді. Мектепте дәрігер өлшегенде бір жүз отыз тоғыз сантиметр шыққан. Жасы он екіде. Бесінші класты бітірген. Арманы: оқу бітіріп, ер жету, университетке түсу. Жазушы болу.

Бұл повестте кішкентай Қожаның мектеп жасындағы бастан кешкен әр түрлі қызықты оқиғалары жайлы баяндалады. Ол қанша бұзықтық жасаса да жақсы адам болуға талпынысы бар. Қожа өзінің мінезін, тәртібін өзгертуге тырысады

Бір ақын не жазушының балалық кезінен естелік

Оллаһи, мақтанғаным емес, достарым, шындықты айтып отырмын — әттең жазушы болсам деген арман менің көкейіме ерте ұялады. Үшінші, төртінші кластарда оқып жүргеннің өзінде-ақ ақындық даңқым мектептен асып, бүкіл ауылга жайылды, «ақын бала» атана бастадым.

Бұл сөз бастапқы кезде менің жаныма тікендей қадалушы еді. Сосын мен мынандай ойға келдім. Адам деген өседі ғой. Мен көне-көрнеу шарықтап өсе бастадым. Өлеңдерім класс, мектеп қабырға газеттерінде тоқтаусыз жарияланатын болып алды. Тіпті мен өзім ұсынғанды қойып, олар өздері жалынып сұрайтын дәрежеге жеттім. «Май туралы бір өлең жазып бере қойшы»,- дейді. «Неше шумақ болсын?» «Төрт шумақ», «Жарайды». Сабақ үстінде отырып-ақ жазып тастаймын. «Тәртіп жөнінде бір өлең жазып бере қойшы «. «Класта қалғып отыратындар жөнінде бір сықақ өлең сүйкеп жібермес пе екенсің? Бірақ бастан-аяқ жағымсыз болып жүрмесін. Әуелі қалғымай сергек отыратын бір баланы сипаттап ал». Мінекей, осы секілді заказдар отряд, класс қабырға газеттерінен қарша борап түсетін болды.

Адамды, меніңше, арман жетелейді алға қарай. Мен енді өлеңдерімнің типография әрпімен теріліп, жұрт ақша төлеп, сатып алып оқитын нағыз шын баспасөзде жариялануын аңсай бастадым. Шіркін, қандай тамаша болар еді. Айталық, мектепке «Пионер» журналының жаңа номері келе қалды. Балаларға таратып беріп жатыр. Сол кезде журнал бетін бұрынырақ ашқан біреу: «Ау, мынаны қараңдар. Қожаның өлеңі басылыпты!»- деп айқайлап жіберді… Иә, менің өлеңім. «Қожа Қадыров» деп, тайға таңба басқандай айқын жазылған.

Шіркін-ай, дәл осындай жағдай бола қалса, Жанар қайтер еді? Менің талантыма, өскенде әйгілі ақын-жазушының бірі болатындығыма оның көзі жетер еді-ау. Сосын ол маған, мүмкін, басқаша қарар еді.

— Енді мен тағы бір қулыққа бастым. Әлгі «Пионерге» жіберген өлеңдерімді қайта көшірдім де, «Қазақстан пионері» газетіне айдадым. Мүмкін соларға ұнап қалар. Жоқ, бұл әдісімнен де түк шықпады. Жіберген өлеңдерімді олар да жаратпады.

Бұған жасыған мен жоқпын, қайта ширыға түстім.

Менің бір риза болатыным — өлең жіберген жердің қай-қайсысынан да жауап келеді. «Жалпы алғанда, ақындық қабілетің бар көрінеді. Бірақ әлі де болса көп ізденіп, көп оқып, үйренуің керек»… деген тәрізді үміт ұшқынын тастайжазған жылы жауап алсам, төбем көкке екі елі жетпей қалады. Шекесіне редакция маркасы қондырылған мұндай хаттарды балалардың бәріне мақтанып көрсетем. Білсін менің кімдермен байланысым бар екенін.

Ал кей хаттардың сөзі қаталдау да, аяусыз боп келеді. Аты мәлім ақынның бірі өткен күзде «Саған өлеңмен бас қатыруға әлі ерте сияқты. Өлеңдеріңнен өзіндік ештеңе таба алмадым «,- деп жазыпты. Бұл мен үшін төбемнен тас құлағанмен тең болды. Осы секілді ұнамсыз жауап алсам, оны өзгелерге көрсетпек түгіл, мектептегі ақындық даңқыма нұқсан келтірер деп, табанда жоямын.Ақырыредакциялардың қай-қайсынан да көңілім қалып болды. Соларга өлең жіберем деп, конверт, марка сатып алып, қанша ақшам қарап болды десеңші. Одан да соның бәрін жиып, конфет алып жесем ғой, мықтап бір жырғамас па едім.Мейлі, баспаса баспай-ақ қойсын. Оған бола мен арман еткен нысанамнан,сірә да, жалтармаспын. Солардың ызасынан енді міне өлеңді қойып, соқталдай повестъ жазғалы отырмын. Бәрі кітаптағыдай болу үшін оқиғаларды тарау-тарауға бөлемін де, әр тарауға ат қоямын. Өтірік ештеңе қоспаймын

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ