Мақал-мәтелдер олардың тәрбиелік мәні

0

Балаларға терең ой салып, көрке, образды сөйлеуге жаттықтырып, сөздік қорын дамытады.Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін, даналық ойларын мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырған. Бала тәрбиесіндегі мақал-мәтелдерді тақырыптық жүйемне топтап ұсынған. Мысалы: «Оқу білім бұлағы», «Еңбек», «Достық-жолдастық», т.б балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардың тілін ширатуды көздейді.

Еңбек ету, білім алу, жақсы азамат болып өсу үшін тәрбиенің де жақсы болуы керктігі мақал- мәтелдерде толық қамтылады.

Мысалы:» Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен несі бар.», т.б Мақал-мәтелдердің адал, достық, жақсы жолдастыққа баулитын, адамгершілікке жат мінезден аулақ болуға да тәрбиелейтін тұстары да баршылық. «Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық», «еңбек түбі зейнет» т.б. Бала тәрбиесіндегі басты мәселенің бірі- еңбек ете білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету десек, мақал-мәтелдерде бұл назардан тыс қалмаған.

Мысалы деп, оның арты абырой-атаққа, ойлаған мақсатқа жетуге бастайтынын көрсетеді. Қорыта келе, мақал-мәтелдердің терең мазмұны мен тәрбиелік мәнін аша отырып, біз өз жұмысымызда пайдалануды жөн көрдік. Мақал -мәтелдерді тек жаттап алып қана қоймай, оның мағынасын түсіндіріп, одан баланың өзіне қорытынды жасауға мүмкіндік туғыздық.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ