Диаспора сөзіне түсініктеме

0

Диаспора – гректің «шашырау» деген сөзінен шыққан ұғым. Яғни, б.э.д 586 ғасырда Навуходоносором II патшаның Иерусалимді жаулап алып, жойыттарды күштеп жұмыс істету үшін Вавилион көшіріп әкетуінен кейін, Палестина жерінен сырт аймақтарда тұратын еврейлердің жиынтық санын білу үшін өмірге келген термин. Осы термин-сөз кейіннен жаңа жерлерге келіп қоныс тепкен, этникалық азшылық басқа да діни және этникалық топтарға байланысты айтыла бастады. Қазіргі күні саяси ғылымда «диаспора» түсінігі этникалық саясаттың алты категориясының біріне жатады және «жаңа жерлерге келіп қоныс тепкен,өмір сүріп жатқан және өзін қабылдаған мемлекет аясында әрекет ететін, бірақ өзінің атажұрт мемлекетімен сентиментальдық және материалдық күшті байланысы бар этникалық азшылық топ».

Кеңес үкіметінің отарлау саясаты салдарынан қазақ диаспорасы Қазақстаннан Қытайға, Ресейдің ішкері жағына, Орта Азия мемлекеттеріне, Ауғаныстан мен Иранға өтіп, сөйтіп жер-жаһанға тұтас жайылып, тарап кетті. Қазіргі күні әлемнің 45 мемлекетінде 5 миллиондай қазақ ұлтының өкілдері тұратын көрінеді.Диаспора – мемлекеттің ішкі және сырт саясатын жалғастырып тұрған ішкі саясат нысаны және халықаралық қатынастар субъектісі болып табылады. Сондықтан, қазіргі саяси ғылымда диаспоралардың халықаралық қатынастарға әсерін зерттеуге деген қызығушылық үлкен. Осы саланың көптен бері зерттеп жүрген Г.Меңдіғұлова, ең бастысы, диаспоралар мәселесін зерттегенде үш компонентті бір-бірінен ажырағысыз қарастыру керек дейді. Ол қазақ диаспорасы, Қазақстан мемлекеті және отандастар тұрып жатқан шетел мемлекеті. Қазақ диаспорасының тұрмыс-тіршілігі Қазақстан мемлекетінің халықаралық қатынастардағы сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ