Қазақстандағы ұлттар достығы

0

Түрлі ұлттардың мәдени сыйластығымен  Ел бірлігін сақтау титульді ұлттың ғана мүддесін көздеумен шектелмейтіндіктен, Қазақстанда тұратын барлық этностардың ана тілдерін, мәдени мұралары мен дәстүрлерін еркін дамытуға аса көңіл бөлінген.Әр ұлттың өзінің ата – дәстүрі, салт санасы болатыны сөзсіз.

Ол өз ұлтын тәрбиелікке, адамкершілікке баули отырып, тұрмыстық дәстүрлері мен ұлттық нақыл сөздерін сақтап қалу үшін қажет. Ал біздің тәуелсіз мемлекетімізде жүз отыздан астам ұлт мекендейтіндіктен мемлекетіміздің дамып, өркендеу жолын ұстанған бағытында өзара келісім арқылы ұлттар татулығын сақтау, бейбітшіл және ынтымақты жол. Бірлік – деген қасиетті ұғым. Еліміздің берекесі гүлденіп, өсуі осы бірлікпен тығыз байланысты. Сондықтан бірлік, сыйластық бір отбасына ғана емес, тұтас елге, мемлекетке де тікелей қатысты.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев: «Қиындық атаулыны жеңетін бір – ақ күш бар, ол – бірлік, ендеше жеріңді қорғау үшін бірлік қаншалықты қажет болса, тәуелсіздік жемістерін, бүгінгі қол жеткізген табыстарымызды сақтап қалу үшін ол сондай қажет».Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында өзге Республикаларында қантөгістер мен қақтығыстар болып жатқанда, татулық пен бірліктің арқасында жас мемлекетімізді жасақтап, өтпелі кезеңнен шығынсыз өттік емес пе?, Қазақстанның болашағы тек қана халықтардың ынтымағында» — деген бағдар сілтеді.

Елдегі ұлтаралық келісім мен жарастық мәселелеріне үлкен ықпалын тигізіп келе жатқан ұйымдарының бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады. Он бес жылдан бері қызмет атқарып келе жатқан осы қоғамдық институт халықтар мен ұлттардың біртұтастығын сақтауды қамтамасыз етудегі басты міндеттерді тиімді түрде шешіп келеді. Бұл ұйымның алдына қойған мақсат-міндеттерінің бірі – нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге қатысына, қандай әлеуметтік топқа жататындығына қарамастан республика азаматтарының құқықтары мен бостандықтарының теңдігін, халықтар достығы мен ұлтаралық келісімді нығайту мен сақтау болса, бұл міндеттер табысты түрде іске асып келеді.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ