Күзде қандай аураулардан сақ болған жөн?

Адам ағзасы әсіресе күз мезгілінде әлсірей түсіп, вирустар мен бактериялардың шабуылына төтеп беруге қауқарсыз болады. Дегенмен, суық мезгілде де түрлі аурудың алдын алуға болады. Сонымен, күз мезгілінде қандай дерттерден сақтанып жүрген дұрыс?

Ойық жара ауруы

Күзде асқазандағы ойық жара мен он екі елі ішек аурулары асқынуы мүмкін. Мұның себебі күн тәртібінің жаңаруы, дұрыс тамақтанбау, авитаминоз, эндокриндік жүйенің бұзылуы, күйзеліс болуы мүмкін.

Асқынудың алдын алу үшін диета сақтап, газдалмаған минералды суды көп ішуге тырысыңыз.

Суық тигізу және құлақ ауруы

Күз мезгілінде түрлі маусымдық инфекциялар пайда болады: ОРЗ, ангина, фарингит, бронхит, ларингит, трахеит.

Ағзаға көметкесу үшін иммунитетті халықтық медицина арқылы иммунотүрленістермен күшейту керек.

Тұмау

Күз мезгіліндегі ауыр дерттер вирусттық инфекциялар арқылы келеді. Соның бірі - тұмау. Тұмауды жұқтырып алмас үшін, адам көп топтасқан жерлерге жиі бармауға тырысып, жеке гигиенаны қатаң сақтаған жөн әрі иммуниетті көтеріп отыратын амал-әрекеттерді жасағаныңыз абзал.

Цистит

Бойдан суық өткізіп алу - күзде ең жиі болатын жағдай. Цистит кіші дәреттің аз мөлшерде, үзік-үзік, қиындықпен шығуымен сипатталады. Аурудың жіті кезінде дәрігер ұсынған емдік курсты толық қабылдаған жөн, болмаса ауру созылмалы түрге өтіп кетеді.

Циститтің алдын алу үшін жыныс ағзаларын ұдайы жуып керек. Жеке бастың тазалығын сақтап, қабынған ауруларды дер кезінде емдету қажет. Денеге суық тигізуден (суық суға шомылудан, не болмаса қыста жеңіл киінуден), қалбырланған не тұзы басым тағамдардан аулақ болған жөн. Циститті үй жағдайында емдеу міндетті түрде емдеуші дәрігердің бақылауында жүргізілуі тиіс.

Күз мезгіліндегі жүрек аурулары

Күзде жүректің ишемиялық ауыруының қозуы, қан қысымының құбылуы, стенокардияның ұстауы мүмкін. Мұның барлығына ауа райының күрт өзгеруіне байланысты.

Күзгі тері аурулары

Бұл ауруды тудырушылар патогендік микроорганизмдер, вирустар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін. Дерматоздың дамуына бойдан суықтың өтуі, салқын тигізу әсер етерді.

Аурудың алдын алу мақсатында диета сақтап, ұйқы режимін бақылау керек. Сонымен қатар, күйзелістерден аулақ болуға тырысыңыз.

Маусымдық гипотиреоз

Гипертиреоз – қалқанша безінің гармонын әдеттегіге қарағанда көп бөле бастауы. Гипотиреоздың симптомдары: қатты шаршау, негізсіз көңіл күйдің құбылуы, салмақтың артуы, жиі тоңып, дірілдеу, миалгия мен буын ауырулары.

Жоғарыдағы белгілер біліне бастаса, міндетті түрде эндокринолог-дәрігерге қаралу керек. Профилактика ретінде теңіз өнімдерін жиі жеп, йодталған тұзы бар тағамдармен тамақтану керек.

Күзгі жүйке аурулары

Күз - күйзеліске оңай ұшырауға болатын мезгіл. Адам көңіл күйіне күнің күңгір тартуы, ультракүлгін сәулесінің азаюы мен көшедегі лай-батпақ та кері әсер етуі мүмкін. Сол себепті де бұл мезгіл невроз, психоз, ұйқысыздыққа себеп болады.

Адам өз-өзіне көтеріңкі көңіл күй сыйлап жүруге тиіс. Қызықты хоббимен айналысу да депрессиядан аулақ болуға көмектеседі.

Пікір қосу