Бас бет Ресми мерекелерге құттықтау Жаңа жыл құттықтау, тілек

Жаңа жыл құттықтау, тілек

Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2017 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2017 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2017 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

Жаңа 2017 жылың жаңа нұр ала келсін Қуанышқа құшағың тола берсін. Ескі жылың есіркеп көкейіңде Қимас шақтың бірі боп кала берсін!

Жаңа 2017 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2017 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2017 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!