2017 жаңа жыл құттықтау

0

Жаңа 2017 жылыңызбен!
Жұмыста табыстылықты, жүректе тыныштықты, денсаулықта мықтылықты, дастарханда молшылықты тілеймін.

Жаңа 2017 жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт-береке болуын тілейміз.

Сізді Жаңа 2017 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа 2017 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2017 жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.

Жаңа Жыл Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін!

Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!

Келді тағы жаңа 2017 жыл
Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді

Құрметті достар!
Сіздерді Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Жаңа 2017 жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін!
Жаңа 2017 жыл мерекелі, берекелі болып, мерейіңіз үстем, беделіңіз биік, абыройыңыз асқақ болуына тілектеспін!
Ізгі ниетпен, кандас бауырларың!

Жаңа 2017 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа 2017 жыл бақыт, шаттық, қуаныш, құт-береке әкелсін! Жаңа 2017 жылда ырыстарың көп болып, табыстан табысқа жете беріңдер! Жаңа 2017 жылдағы жоспарларың іске асып, тілектерің орындалсын!

Жаңа 2017 жылың жаңа нұр ала келсін
Қуанышқа құшағың тола берсін.
Ескі жылың есіркеп көкейіңде
Қимас шақтың бірі боп кала берсін!

Жаңа 2017 жыл! Жаңа күн! Жаңа өмір! Бұл күн болмастағы боядың барлығын үміттен, қуаныштан, махаббаттан алып, айналаға нұр болып шашылады, Осы шашылған нұр әрбіріміздің шаңырағымызға шуақ болып турайды. Қай -қайсымыз болсақта осы мерекелік кештен келесі Жаңа 2017 жылға дейін жүрегімізге есте қалатындай бір сезімді себелейміз, ол сезім бізді келесі жылға дейін үмітпен жетелеп отырады. Жаңа 2017 жыл әрбір шаңыраққа құт, береке, ырыс алып келсін!

Барша қазақстандықтарды жаңа 2017 жылдарымен құттықтаймын! Жаңа 2017 жылда жаңа бақыт, жаңа табыс әкелсін! Еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, ауыз біршілігіміз берік болып, жарқын болашаққа деген сенім нық болсын!

Жаңа Жыл — бірлік пен татулықтың жылы болсын! Әр отбасы үшін ырыс пен береке жылы болсын. Мен барша Қазақстандықтарды Жаңа Жылмен құттықтаймын. Аспандарымыз ашық, денсаулықтарымыз мықты болсын!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ