Туған күн құтты болсын, қарындасым

0

Коммерсант көршімнің туған күніне
Туған күн құтты болсын, қарындасым,
Әр уақытта қалталарың қалыңдасын,
Жүректің қалауымен тапқан бақыт
Сенен басқа ешкімді сағынбасын.

Әрі әнші, әрі коммерсант қарындасым,
Көңілің ешқашанда ортаймасын.
Тілеймін сапарыңа мен сәттілік,
Товарларың қымбаттырақ сатылғанын.

…. жасты сыйлапты тағдыр бүгін,
Қуанышпен өте берсін әр бір күнің.
Бақыт қонып басыңа, дәулет артсын
Қуат беріп, төксін саған күн нұрын.

********

Нарболат Мұрсәлімбаев

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ