Туған күн

0

Туған күн,
Гүл сыйлаған, дос қаумалап,
Шалқисың бәйгеге қосқандай ат.
Өзіңнің құрметіңе өмірдегі,
Айтылар не бір тілек, тостар ғажап.

Жалт етіп өте шығар бір жыл тағы,
Жоталар қол жетпеген қынжылтады.
Бір сәтке күйкі тірлік ұмыт болып,
Босатар бұғауынан мұң құрсауы.

Тілекке,
Ырза болып марапатқа
Боласың отырғандай дара таққа.
Бойыңа туған күнің қуат құйып,
Алады шомылдырып рахатқа.

Серпіліп ішкі әлемің құлазыған,
Қанасың кәусәр пейіл бұлағынан.

Туған күн
Бірер сағат төрде отырып,
Тірліктің дәм татасың шуағынан!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ