Қыз ұзату құттықтау — тілек

0

Құрметті қонақтар, қадірлі ағайын-туыстар!

Бүгін біз үшін көңіл аса алабұртқан күн. Көңіл – қызымыз теңін тапты, отауын тігіп жатыр деп, қуаныштан шалқиды, көңіл – әлпештеп өсірген қызымызды қимастықтан толқиды. Бұл – қызұзатқан әрбір ата-анаға тән, осында отырған талайыңыз бастан кешкен сезім. Осындай сәтте балаңның дүниеге келген кезінен бастап өмірде өткеннің бәрі кино сияқты көз алдыңа келеді екен. Дүниеге ұрпақ келді деп ата-аналарымыздан бастап бәріміз қуанғанымыз, Қызылордадағы туыстарға сүйінші хабар айтқанымыз, баланың тәй-тәй басқаны, былдырлап сөйлегені, «ата», «әже», «мама», «папа» деген алғашқы сөздері ыстық, ортақ қуанышымыз болған еді.

Қазақтың салты бойынша алғашқы бала үлкендердікі саналады емес пе. Қызымыз екі жақтың – отағасының Қызылордадағы ата-анасының, Алматыдағы менің ата-анамның еркелеткен ортақ қыздары болды. Бүгінгі қуанышқа қатысып, міне, баталарын беріп отыр. Олардың енді шөбере сүйген қызықтарын көруін тілейміз.
Енді бірер сөзді құдаларға арнайын. Құдағи қызымызды өзінің қызындай қарсы алады деп сенгіміз келеді. Қызымыздың қадамы құтты болып, үйлеріңізге ырыс ала кірсін. Екі баламыздың қызықтарын бірге тойлап жүрейік, біз де ата-әже болайық.

Тойшы қауымға айтарымыз, келген қадамдарыңыз құтты болсын. Той сіздерге жұғысты болсын, ылғи тойда кездесіп жүрейік.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ