Қыз ұзату құттықтау, тілек

0

Бекзаттарым-ай,
Жекжаттарым-ай,
Жекжат болып аулыма кеп жатқаның-ай!
«Бала бақытын қыздан іздейді,
Қыз бақытын түзден іздейді» жеген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден — өтті, сіздерге – жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді» дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік – Сіздерде, құдалар!

Қазақ қызын қашанда қадір тұтқан. Қасиетке балаған. Төрін ұсынған. Себебі, қыз — өріс. Қыз – кие. Қыз – ұлтының ұяты. Қыз – халқының шырайы. Қыз — өмірдің бастауы. Қыз – тіршіліктің тірегі.
Бұл қасиеттер қыз ғұмырдың пешенесіне әуел бастан-ақ бұлжымастай етіп жазылғандай. Ал сол ақ үрпек балапанын аялы алақанынан ұшырарда қай ата-ананың болмасын көңілі тоқып, жан тебіренісіне түсері хақ. Сосын өзегін жарып шыққан балапанына: «Құтты орныңа қонып, бағың ашылсын!» деп Жаратқаннан тілек тілеумен болады.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ