5 қазан — Ұстаз күні құттықтау

0

Мұғалім – мамандық, ұстаздық – қасиет. Яғни, ұстаз болу – адам бойындағы ұлы қасиеттердің бірі. Ендеше, осынау үлкен ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша адалдық танытып, бар саналы ғұмырын осы салаға арнаған, ұстаздарға қандай мақтау, мадақ айтсақ та артықтық етпейді.

Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы деген сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Ата-анадан кейінгі балаға білім беріп, тәрбие үйрететін сол ұстаз.

Құтты болсын мерейтой, ұстазымыз,
Орындалсын ойға алған арманыңыз.
Болашаққа білім мен жол сілтеген
Еңбегіңе біз мәңгі қарыздармыз.
Басыңызға бақ ұялап, бақыт қонсын,
Береке-ынтымақпен орта толсын.

Ұстаздар – тыншымайтын еңбеккерлер,
Жемісті жерге екпеген, елге еккендер,
Адамзат ұрпақтарын тәрбиелеп,
Зердесін болашақтың зерлі еткендер.

Ғажайып дүние сырын ұқтырып, білім берген, үлкен өмірге ақ жол тілеп аттандырған Ұстаздарымызға мәңгі тағзым.

Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты. “Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шәкірт шығатыны сөзсіз.
Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.
Білім көшін жылжытып келе жатқан ұстаздар қауымына құрмет арта бермек! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз!

Жалпы медицина факультетінің ұстаздарына және деканат ұжымына шығармашылық табыс, қажымас қайрат, зор денсаулық тілейміз.

Ақ жүрекпен сезіп «Ұстаз бақытын»,
Шәкіртімен өткен барлық ғұмыры.
Сізге арнаймыз тілектің ең жақұтын,
Даңқыңыздың биік болсын тұғыры.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ