Жаңа жыл сүйгеніме смс құттықтау, тілек

0

Сүйіктіме

Аппақ қар үлпілдей жауып тұр. Баспалдаққа түссе, еріп кетеді. Кенеттен қарға айналып, алыста жүрген сенің қолыңа түсіп, еріп кетер ме едім! Сағынышым менің, жаңа жылыңмен!

Өзің де бір ардақты жан екенсің,
Армандарың алып шыңға көтерсін!
Дақ түспесін жүрегіңе ақ қардай,
Жаңа жылың жаңа бақыт әкелсін!

Бақытың лағыл тастай төбеңде мәңгі сөнбесін! Сүйікті де қымбатты жандарың қасыңнан бір сәтке кетпесін!

Аман болсын отбасың,
Жамандықтан сақтасын.
Жаңа жылдың түнінде,
Бақыт ашсын қақпасын!

Кең аспаннан қар жауады жапалақтап. Қар аппақ, сенің ақ көңіліңдей, сүйіктім! Қар алақанға келіп, жылулықтан ериді — бұл менің сені құшағыма алуым! Ерінге түскен қар, ыстық демнен балқиды — бұл менің саған деген ыстық сезімім! Жаңа жылыңмен, Жаным!

Жаңа жылға ірі жұлдыздары төгілген көкжиекті сыйлаймын саған, алтыным! Сол жұлдыздармен бірге күн кешіп, ертегі әлеміндегідей таңғажайыпты бірге тамашалайық, менің ең жарық жұлдызым!

Сені жылдардың ішіндегі Жаңа 20** жылыңмен құттықтаймын! Жаңа Жыл саған жаңа қуат, жаңа бақыт, жаңа табыс әкеліп, жағымды жаңалықтарымен таң қалдырсын!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ