Алғашқы қоңырау 1 қыркүйек құттықтау

0

Көздеген мұрат — мақсаттарына қол жеткізіп, армандарың орындалсын. Келешегің кемел, болашағың нұрлы болсын. Жұртқа жұғымды, елге сүйкімді қалпыңнан айнымай, алда талай асу белестерді бағындыра бер.

Жалғанда жамандық көрмей, өмірің уайым қайғысыз өтсін.

Мектепті жақсы бітіріп, жоғары оқу орнына түсіп, биік белестерден көрін. Нұрлы жол, думанды шақ тілейміз.
Кеудеңе күн орнасын. Ата – ананың қуанышы, шаңырағыңның шуағы бол. Жұлдызың жансын.

Білім нәрімен сусындап, ақылды азамат, отан сүйгіштік рухтарың мықты болуын тілейміз. Азаматтық жігерлерің мұқалмасын. Асқар шыңдарды бағындырыңдар. Қонар тұғырларың биіктей берсін.

Әулетіміздің кішкентайын мектеп табалдырығын аттаған қуанышты күнімен құттықтаймыз. «Тарыдай болып кіріп, таудай болып шық» дей отырып, сабағың «4» пен «5»-ке оқуын тілейміз.
Ата-анаңның мейірім-шапағатына бөленіп, жарқыраған алтыны, еркетай елігі, ақ сәуле шашқан арайы болып, аман-есен жүрсін. Барлық ізгі армандары орындалып, өмір жолы ашық, болашағы жарқын болып, егеменді еліміздің де білікті Азаматы болып өсе берсін.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ