Үйлену тойға тілектер, құттықтау сөз

0
Кеш жарық, тойға жиналған қауым! Құрметті құда-құдағилар, құда болып төрге шыққандарыңыз құтты болсын! Құдаларыңыз мыңжылдық болсын! Құдалықтарыңыз мыңжылдық болсын.
Ал, жас жұбайлар, құрған шаңырақтарыңның босағасы берік болсын!
Қазақта жақсы сөз бар: «Тату үйге тақсырет жоламас», — деген. Тату-тәтті, бақытты өмір сүріңдер! Абыройдан ақ отау тігуге талпыныңдар!
Өмір сүрудің екі негізі бар екен:
Біріншісі – үйретуден аянбау;
Екіншісі – үйренуден жалықпау.
Міне, осы қағиданы басшылыққа алсаңдар, иншалла, бақытты боласыңдар деп ойлаймын.
Той ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін! Тойларың құтты болсын!

 

Таудан құлаған егіз арна қосылды – аяғы теңіз болғай! Бауда ойнаған екі құлынымыз бір ноқтаға бас сұқты – аяғы сегіз болғай!
Біздің ұлымыз – Сіздікі, Сіздің гүліңіз – Біздікі!
Барша гүлдің сыйлайтын ляззаты бір – сұлулық. Ұл-қыз – перзент, ортақ немере сүйіп қуанышымызды бір етелік!
Көзіміздің ағы мен қарасы – қос қошақанымыздың бақыты үшін келіңіз: түйісу болсын, соңынан сүйісу болсын! Құшақ жайып, төс қағысайық, қымбатты құдалар!
Бір пәлсапа: «Іздеушілер көп болғанымен, тапқандар – табылмайды», — деген екен. Бүгінгі төрде отырған қос ғашық бір-бірін тапқан бақытты жандар екенінде күмәніміз жоқ. Олай болса, отауларың мәңгі нұрға бөленіп, сол нұрдың жарығы өмірлеріңе жол көрсетіп жүрсін! Шуақ шашқан шаңырақтарың биіктей берсін, үбірлі-шүбірлі болыңдар!
Ұлы сезім екі жасты ептеді, жалындаған екеуіне беттеді! Ырыс-дәулет үйлерінен кетпесін, ашу-дұшпан қанша қуса жетпесін! Ата-ана көздің жасын сықпасын, келін шырақ тапқан тиынын тықпасын! Үзілмесін бұл үйдегі тойларың, егіз тапсын қорадағы қойларың! Бала берсін етегіне жастардың, көзі шықсын көре алмаған қастардың! Тастай батып, судай сіңсін бұл келін, тапқын бес қыз, алты-жеті ұл келін!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ