Қош келдің Жаңа жыл!

0
Жаңа Жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа Жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін.
Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.
Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!

 

Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!

 

Жаңа 2014 жыл құтты болсын!
Отбасылық бақыт, береке, саулық әкелсін!

 

Жаңа 2014 жылыңыз құтты болсын!
Денсаулығыңыз мықты болсын. Алға қойған барлық мақсаттарыңыз орындалсын!

 

Жаңа 2014 жылыңызбен!
Жұмыста табыстылықты, жүректе тыныштықты, денсаулықта мықтылықты, дастарханда молшылықты тілеймін.

 

Жаңа 2014 жылыңызбен!
Жұмыста табыстылықты, жүректе тыныштықты, денсаулықта мықтылықты, дастарханда молшылықты тілеймін.

 

Жаңа 2014 жылда барлық тілектердің орындалуын, сәттіліктердің жалғасуын, тыныштық пен құт-береке болуын тілейміз.

 

Сізді Жаңа 2014 жылыңызбен шын жүректен құттықтаймыз. Баршамыз жаңа 2014 жылмен бірге ізгі жаңалықтардың келуін күтеміз. Келер жаңа 2014 жыл Сіздің барлық істеріңіз бен бастамаларыңызға ақ жол ашып, мол табыстар ала келсін, жетістіктерге толы болсын. Сізге зор денсаулық, қуаныш пен шаттыққа толы ұзақ ғұмыр, отбасыңызға бақ-береке, ашық аспан, шуақты күндер тілейміз.

 

Жаңа Жыл Сіздерге мықты денсаулық, баянды бақыт, жаңа жетістіктер және татулық әкелсін!
Керегелеріңіз кеңейіп, шаңырақтарыңыз биіктей түссін!
Әрбір жаңа бастамаларыңыз тек қана жеңіс пен сәттілікке үлесе берсін!

 

Келді тағы жаңа 2014 жыл
Қуантуға біздерді
Құтты болсын қуаныш
Құттықтаймыз сіздерді

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ