Жан әпке туған күн құтты болсын!

0

Әрбір ісіне адалдықты ту етіп, жеке басының ақыл-парасатымен кейінгілерге үлгі бола білген сүйікті Әпкемізді мерейлі жасымен құттықтай отырып, отбасының берекелі, бала-шағасының аман болуына, денсаулығы мықты қалпында ұзақ жасауына тілектеспіз. Әпке, елге сыйлы, туыстарыңызға бауырмал, әрдайым көпшіл қалпыңыздан айнымаңыз!

Жан Әпке, қашаннан-ақ жаны жақсым,
Шыққандай жанарыңнан жадырап күн.
Ең алғаш сен туып, қуантыпсың
Жандарын біздің үлкен шаңырақтың.

Естияр боп тірлікте баянды кем,
Еркелетіп бәрімізді аялап ең.
Жарың кетті бақиға, сен қамықпа,
Бұл күнде таласуда немерелер құшаққа кең.

Балаларың – мәңгілік қуанышың.
Ұстаздық бақытың бар – жұбанышың.
Бір сені саф алтыннан кем көрмейміз.
Нағыз алтын жарқырап тұрады шын!

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ