Қырық 40 жас туған күнмен құттықтау — тілек!

0

Ат жалын тартып қамал бұзатын 40 жасқа келген туған күніңіз құтты болсын!
Сіз талап пен жігер жетелеген өмір өрісінде өзгелерден озып дараландыңыз. Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел-қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектеспіз. Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, отбасыңыз берекелі, әр күніңіз мерекелі болсын!

40 деген көнбейтін жас құрыққа,
40 деген ұнайтын жас бар жұртқа.
Қамал алған құтты болсын жасыңыз,
Өрлей берсін өрге қарай тасыңыз.

Қырық жасқа толғаның –
Қырдан асып қалғаның.
Арманыңды жалға мың,
Бақ сыйласын алды күн.

Өмір мәнін шын ұқ та,
Қиялға өрле қырықта.
Өсиетін бабалар
Ешқашанда ұмытпа.

Қызығы көп қырықтың,
Өмір алға басты анық.
Гүлі жайнап үміттің,
Жүр әрдайым жас болып.

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ