Шотландиялық дәмді ыстық көже

1
ыстық көже, ыстық сорпа, дәмді көже, шотландиялық көже, шотландяилық сорпа

ыстық көже, ыстық сорпа, дәмді көже, шотландиялық көже, шотландяилық сорпа

  • 300 гр сиыр еті
  • 2 стақандай жасыл бұршақ
  • бір уыс брокколи
  • көк пияз
  • сарымсақ
  • томат пастасы
  • тұз, бұрыш
  • 50-70 гр күріш

Етті мұздай суға салып қайнатыңыз. Көбігін алып тастауды ұмытпаңыз. Тұздаңыз. Сарымсақ пен көк пияздың ақ жағын турап, майға қуырыңыз. Дайын көк бұршақтан қосып бәрін бірге қуырыңыз. Томат пастасын қосып, талғамға қарай тұздап бұрыштаңыз. Піскен етті сорпасынан шығарып, тураңыз. Туралған етті және қуырылған бұршақты сорпаға қойып пісіріңіз. Дәмін көріңіз, керек болса тағы тұздаңыз. Брокколиді қатты майдалатпай тураңыз да, күрішпен бірге сорпаға қосыңыз (күріш сортына қарай кейін не брокколиден бұрын қосыңыз. Мына жақтың күріштері мега тез піседі екен). Сосын көк пияздың жасыл жағын турап сорпаға қосып, ыстықтай сервис жасаңыз ) Ас болсын!

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
Sabina

Жасыл бұршақты қалай дайындаймыз?

wpDiscuz