Кәді, саңырауқұлақ және көкбұршақ қуырмасы

0
Саңырауқұлақ,көкбұршақ қуырмасы

Саңырауқұлақ,көкбұршақ қуырмасы

  • кәді
  • жарты кг саңырауқұлақ
  • жас көк бұршақ
  • 2 қызанақ
  • тұз бен қалауыңызша түрлі дәмдеуіштер
  • 1 пияз бен көк пияз

Бұл астың бір жақсы жері, бәрі бір табаның ішінде піседі. Ағылшындар айтқандай one-pot dish. Жоғарыда да айтқанымдай қарапайым ас болды, бірақ тойымды әрі дәмді. Сонымен:

Алдымен пиязды жарты шеңберлеп турап алдым да, майға қуырдым. Пияздың түсі өзгере бастаған кезде, жарты шеңберлеп туралған саңырауқұлақтарды қостым. Осы кезде аздап тұз қостым. Кәділерді жартылай аршып, ірі төртбұрыштарға турадым. Саңырауқұлақтардың түсі қоңыраңқырай бергенде кәдіне қостым. Енді табаның үстін жауып, кәділердің көлемі өзгергенге дейін пісірдім (осы жерде айта кетейін, шам қақпақты табалар сондай ыңғайлы!). Көкбұршақ пен қызанақтарды турап қостым. Дәмдеуіштер мен тағы аздап тұз қосып бәрін қызанақтың суына бұқтырдым. Қасына күріш пен Greek Yogurt табылса .. мм, дәмді.

aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz