Түрік гөзлемесі

0
Түрік гөзлемесі

Бүгін редакциямызға Алма Нұралиева есімді аспаз қыздан «Түрік гөзлемесін» дайындау туралы рецептісі келіпті. Бір сәт бауырлас халықтардың асханасына бет бұрайық 🙂

Түрік гөзлемесі

Ингредиенттері:

  • Қаймақ -1 стақан
  • Ұн — 2 стақан
  • Фарш — 400 гр
  • Тұз
  • Сұйық май
  • Пияз

«Түрік гөзлемесін» пісіру әдісі:

Алдымен ұн мен қаймақтан қамыр илеп, оны 10 минутқа бетін жауып қойып қоямыз.

Сол уақытта фарш пен пиязды тұздап, суытып қоямыз.

10 минуттан кейін қамырды жұмыртқа көлеміндей етіп бірнеше бөлікке бөліп, әр бөлікті өте жұқа етіп жаямыз.

Сөйтіп оларды құрғақ табаға екі жағын аунатып пісіреміз. Дайын қамыр лаваш сияқты болуы тиіс.

Дайын лаваштардың ортасына піскен фаршты жайып салып, оны төрт бұрышты етіп бүктейміз де, жағылған табаға салып, үстін майлап аударып отырып пісіріп аламыз.

Гөзлеме дайын!

image-01-05-15-11-13

АС БОЛСЫН! 🙂