Өзбекше самса жасау

8

Құрамы:

Қамырына:

  • Ұн – 4 стакан
  • Жұмыртқа – 1 дана
  • Жылы су – 1 стакан
  • Сары май – 100 гр
  • Тұз

Салмасына:

  • Қой еті
  • Қой майы
  • Пияз
  • Тұз, бұрыш
  • Дәмдеуіштер дәміне қарай

Самса дайындау тәсілі:

Жылы суға жұмыртқа, тұз, сары май қосып, жаймен ұнды салып қамыр илейміз.
Қамырымызды үш бөлікке бөліп, бетін жауып, 20-30 минутқа қойып қоямыз.

Енді салмасына дайындап аламыз. Қой еті мен майын майдалап тураймыз. Пиязды майдалап турап, тұз бен бұрыш қосып, дәміне қарай дәмдеуіштер қосуыңызға да болады.Барлығын жақсылап араластрамыз.

Қамырымыздың бір бөлігін алып, жайямыз да арасына ерітілген сары майды жағамыз.Келесі екі қамырымызды да дәл осылай жайып, арасына май жағып майы сіңгенше сәл тұрамыз.

Енді қамырымызды рулет ұқсатып ораймыз. Қамырымызды бірнеше бөліктерге бөліп үсті үстіне қойып, шетінен қамырымызды дөңгелектеп жаямыз.
Әр қамырымызға салмасын салып, дөңгелектеп, немесе үшбұрыш етіп жабыстырамыз ол енді өз қалауыңызда.

Енді табамызды алып, майлап самсаны салып, самса бетін жұмыртқаның сарысын жағып бетінен мак себемізде пешке салып пісіреміз. Самсамыз дайын.

Отправить ответ

avatar
Janil Abildaeva

Ммм оте дамди жумсак болатын сиякты

anar

вкусно!!!!!!!

Nurbigul

Ute damdi

danawka

Ademi eken ote jaksi samsa boladi eken!!!

исахан арай

мен дайындасам қамыры қатты болып қалады.

Анар

Самса теста жумсак болу керек па неше рет ысу керек

ардагул

Мен дайындасам тестасы қатты болып қалады

Батима

Катып кетпеу ушин нестеуге болады???

wpDiscuz