Манты жасау

1

Құрамы:

Салмасына:

  • 300г қой еті
  • 30г қой майы
  • 7-8 дана пияз
  • Қара бұрыш, қызыл бұрыш, тұз

Қамырына:

  • 1 жұмыртқа
  • 1 стакан ұн
  • 0,5 ст су
  • 1 шәй қасық тұз

Манты дайындау рецепт:
Қой еті мен майын еттартқыштан өткізіп аламыз. Пиязымызды майдалап турап етке қосып тұз, бұрыштарды сеуіп, жақсылап араластырып қоямыз. ЕНнді қамырымызды дайындап алайық. Жұмыртқаны ыдысқа жарып, оған су , тұз ұнды салып, жақсылап қамыр илейміз.
Мантаваркамыздың астынғы табағына су құйып пешке қоямыз. Енді қамырымызды жайып, формасын келтіріп кесіп, дөңгелектеп немесе төртбұрыштап кесуге де болады. Дайын қамырларымызға салмасын салып мантымызды бүгеміз. Манты табаларын малап мантыларымызды нығыздап саламыз да бетін майлауды ұмытпаңыз. Мантымызды отқа қоямыз. Мантымыз жартты сағаттан соң дайын болады. Дайын мантымызды алып , тарелкаға салып аскөкпен сәндеп дастарханға қоямыз.

Отправить ответ

avatar
Saltanat

оте тамаша манты

wpDiscuz