Жаңа жылдық тәттілер

1

Құрамы:

  • 1 ас қасық сары май
  • 1 плитка қара шоколад
  • 4 ас қасық сұлы жармасы
  • 2 ас қасық қант
  • Жаңғақ

Жаңа жылдық кәмпиттердің жасалуы:

Су буында шоколадымызды ерітіп аламыз. Еріген соң арнайы кәмпиттерге арналған формаларға құямыз. Құйған соң біраз суығанын күтеміз.

Енді табаны алып, баяу отта сары майды ерітеміз де оған қантты қосыпараластырамыз. Қант еріген соң жаңғақты және сұлы жармасын саламыз. Барлығын баяу отта жаймен араластырып тұрамыз.

Бұл қоспамызды формадағы шоколадтың үстінен әр қайсысына құйып шығамыз. Үстін өз қалауыңызша жаңғақтармен немесе ақ шоколадты ерітіп сәндеуіңізге болады.

Дайын кәмпитерімізді тоңазтқышқа қоямыз.

Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz

Отправить ответ

avatar
Arujan

не деген торт адеми екен

wpDiscuz