Жаңа жыл мерекесіне банан тортын дайындаймыз

0
банан торты

Құрамы:

  • Жеміс шырын 150г
  • Жұмыртқа 2дана
  • Өсімдік майы 160мл
  • Майлылығы төмен сүт 160мл
  • Банан 2дана
  • Ұн 300мл
  • Үгітілген шоколад немесе какао
  • Разрыхлитель 1 ас қасық
  • Сода 1 ас қасық

Глазуріне :

  • Сары май 60мл
  • Сүт 2 ас қасық
  • Кішкене ванилин
  • Қант ұнтағы 3стакан
  • Үгітілген шоколад 3 ас қасық
  • Банан 1 дана
  • Лимон шырыны

Банан тортының дайындалуы:
Үлкендеу ыдысқа шырынды , жұмыртқа , қант, сүт , өсімдік майы және банан барлығын араластырамыз. Ал екінші ыдысқа ұн мен шоколад сода және разрихлителді араластырыып, екі қоспаны біріктіріп араластырамыз. Пешке табаны майлап қамырымызды құйып тортымызды пісіреміз.
Тортымыз піскенше глазурін дайындап аламыз. Ванилин мен сары майды араласытырп оған қант ұнтағы мен үгітілген шоколадты қосамыз.
Тортымыз піскен соң суытып бетіне глазурін айналдыра жағып, бананымызды дөңгелектеп турап , лимон шырынына бір бірден салып торттың бетіне қойып шығамыз. Бананды лимон шырынына салуымыз сонда бананымыз қарайып кетпейді. Және де торт бетін бананмен қоса өз қалауыңызша әсемдеп қойуыңызға болады.

Ақпарат көзі: http://tagamdar.kz/920-zha-a-zhyildyi-banan-tortyi/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz