Сүзбе қосылған дәмді құймақ

5

Құймақ жасау үшін бізге қажет болады:

  • Жұмыртқа — 3 дана
  • Қант — 2 шәй қасық
  • Ас содасы — 0,5 шәй қасық
  • Тұз — 1 шәй қасық
  • Сүт (аздап су қоссаңыз құймақ тез күйіп кетпейді)
  • Ұн
  • Сұйық май — 1 ас қасық
  • Сүзбе
  • Қаймақ
  • Сары май

Дайындалу әдісі: 

Тостағанға жұмыртқа, қант, ас содасы, тұзды салып әбдан миксермен араластырамыз. Артынан сүт/су құйып тағы араластырып, ұн қосамыз. Барлығын бір қалыпты массаға келтіргеннен соң бір ас қасық сұйық май қосамыз.

Дайын болған сұйықтықты қызып тұрған табаға ас қасықпен құйып, төмендегі суреттегідей кішігірім құймақ жасаймыз.

Таба қызғанда бір шәй қасық сұйық май қосып жібергеніңіз абзал!

Дәмді құймақ

 Құймақтардың барлығына сары май жағып шығамыз. Артынан сүзбені аздаған қаймақпен және қантпен араластырып, құймақтардың арасына саламыз.

Дәмді құймақ

Асыңыз дәмді болсын!

Дәмді құймақ

Асханада болған RakishevaA 🙂 

Отправить ответ

avatar
Өмешова Балауса

жылдам ари тез карапайым коп шыгынды кажет етпейди керемет

Омешова Балауса

жылдам ари тез карапайым тамаша

Динара

жасап кору керек екен. Дәмді сияқты.

mapkia

Даиындауга онаи екен.

mapkia

Ок

wpDiscuz