Қарақұмық пен тауықты пеште пісіру

0
қарақұмық пен тауық, тауық еті, қарақұмық пісіру

қарақұмық пен тауық, тауық еті, қарақұмық пісіру

  • 1 стақан қарақұмық
  • жарты тауық еті
  • 1 пияз
  • 1 сәбіз
  • шамамен 0,5 литр су
  • 1 түйір сарымсақ
  • тұз бен бұрыш

Қарақұмықты тазалап, жуып алып, тұзды суға 5 минутатй пісіріңіз. Пісірмей жасауға да болады негізі ен осы жолы пісіріп жасадым. Қарақұмық пісіп жатқан кезде, табаға май құйып туралған пияз бен үккіштен өткізілген сәбізді кезек кезегімен қуырыңыз. Майдалап туралған сарымсақ қосыңыз. Араластырып астын өшіріңіз. Енді осы табаға (егер табаңыз пешке қоюға жарамсыз болса, онда басқа ыдысты қолданыңыз) жартылай піскен қарақұмықты суымен бірге салыңыз. Қарақұмықтың үстіне туралған тауық етін қойыңыз. Қалауыңызша тұздап, қара бұрыш қосып қойыңыз. Табаның бетін фольгамен жауып, 200С қызған пеште 1 сағаттай пісіріңіз. 1 сағатта қарақұмықтың суы тартылып, тауық пісетін болады. Тауықтың еті қызарып піссін десеңіз, табаның бетін ашып тағы 5-10 минуттай пісіріңіз. Қалауыңызша дайын қарақұмық жармасына сары май қосып аралстырыңыз. Ас болсын!

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz