Ким-чи салаты

1

img_7749

Бізге қажет болады:

— 1 кг Қытай қырықжапырағы
— 2 ас қасық тұз
— 1 литр суық су
— 0,5 литр қайнаған су

Тұздық үшін:

— 3 ірі сарымсақ
— 1 ас қасық имбирь ұнтағы (мен қоспадым)
— жарты кішкентай пияз
— бір уыс көк пияз
— 1 ас қасық қызыл ашты бұрыш
— 1 ас қасық қант
— 1 ас қасық тұз
— 2 ас қасық томат

Қырықжапырақтың жапырақтарын бір бір етіп бөліп алыңыз да, салқын тұзды суға салып 8 сағатқа қойып қойыңыз. Қырықжапырақ тұздалып жатқан кезде жағымсыз иіс болатының алдын ала айтқан болайын. Қырықжапырақ тұздалып болған соң, салқын суда шайып, ірі ірі етіп тұраңыз. Бөлек ыдыста тұздық үшін қажет заттардың тұралатының майдалап тұрап, қосатының қосып қайнаған сумен араластырыңыз. Тұздықты қырықжапырақпен жақсылап араластырыңыз. Ауызы тығыз жабылатын ыдысқа нықтылап қойып, үстін жауып, салқын жерде 2 күндей ұстаңыз. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
Aitolkyn

қытай қырықжапырағын қайдан сатып алуға болады

wpDiscuz