Қырыққабат қосылған салат

0

img_7859

Бізге қажет болады:

— 1 кішкентай жас қырыққабат
— 2 қызанақ
— 2 қияр
— жарты лимон
— 2 ас қасық зәйтун майы
— жарты ас қасық тұз
— 2 ас қасық “кебекті” бұрыш
— ақжелкен мен аскөк

untitled

Қырыққабатты ірі төртбұрыштарға тұраңыз. Қияр мен қызанақты да ірілеп тұраңыз. Аскөкті да тұрап қосыңыз. Ақжелкеннің жапырағын қолмен үзіп қосыңыз. Енді, ең маңыздысы – соусы: зәйтун майына тұз, бұрыш, жарты лимон суын қосып жақсылап араластырыңыз. Осы қоспаны салатқа қосып, араластырыңыз. Соустың салатқа жақсы сіңуі үшін, дайын салатты 5-10 минутқа тоңазатқышқа қойғаныңыз абзал. Ас болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz