Кунжутты тауықты соя соусына қосып дайындаймыз

2
Кунжутты тауық,соя соусы,

Кунжутты тауық,соя соусы,

— 300 гр тауық филесі
— 1 ас қасық соя соусы
— 1 жасыл болгар бұрышы
— жарты жартылай ащщы қызыл бұрыш
— 1 ас қасық ұн
— 1 ас қасық кунжут
— аздап тұз
— майдалап туралған көк пияз
— жартыдан аз лимонның суы
— жарты стакан су
— 1 ш.қ. қант
— 1 ш.қ. кептірілген сарымсақ ұнтағы
— аздап ащщы қызыл бұрыш
— 1 ш.қ. картоп крахмалы

Тауықты қатты майда да емес, ірі де емес орта үлкендікте тураңыз. Соя соусымен араластырып, 15 минутқа демделуі үшін қойып қойыңыз. Бөлек ыдыста ұн + кунжут + тұз дайындап қойыңыз. Тауыққа ұн қоспасын қосып араластырыңыз да, аз майда 25-30 минуттай қуырыңыз. Тауық піскенге дейін. Ол уақытта соус дайындаңыз: лимон суы + су + көк пияз + қант + сарымсақ араластырыңыз. Пісейін деген тауыққа соус қосып, 5-10 минут буқтырыңыз. Ең соныңан крахмал қосып араластырыңыз да, астын өшіріп 3-4 демдеп, сервис жасаңыз. Қасына күріш пісірсеңіз де болады.

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
Жалғас Ертай

тәтті екен.

wpDiscuz