Картоп салатын әзірлеу

1

0bbd0b0d182

Бізге қажет болады:

— 5 ірі картоп
— ақжелек
— аскөк
— ірі қызыл бұрыш
— сумак
— жарты лимон суы
— зәйтун майы
— 1 кіші пияз
— 1 жартылай ащы бұрыш
— 1 орта қызанақ

Картоптарды қабығымен тұзды суда пісіріңіз. Осы кезде аскөк, ақжелекті майдалап тураңыз. Пиязды майдалап турап, сумакпен бірге араластырып қойыңыз. Бұрышты да майдалап тураңыз. Піскен картоптарды аршып, ірілеп тураңыз. Қалған заттарға қосып, майдалап туралған қызанақпен бірге араластырыңыз. Соус жасап қосыңыз. Ол үшін бір кеседе қызыл бұрыш пен аздап тұзды (картоп тұзды суда піскені үшін) лимон суымен араластырыңыз. Ең соныңда зәйтун майын қосып, дайын соусты салатқа құйыңыз. Араластырып сервис жасасаңыз болады. Бірақ 1-2 сағатқа тоңазытқышқа қойып сервис жасасаңыз, соус жақсылап сіңіп, салаттың дәмі ұлғая түседі. Асыңыз дәмді болсы!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
Сулу

Рахмеет❤

wpDiscuz