Картопты рулет салаты

1

картоп рулет

Бізге қажет болады:

  • 4-5 картоп
  • көк бұршақ
  • шұжық
  • 4-5 корнишон қияры
  • 2 жұмыртқа
  • аскөк

Картоптарды аршып, тұзды суға пісіріп алыңыз. Картоптар піскен кезде (артық суы бар болса оны төгіп) жарты стакандай сүт пен үлкен қасық сары май қосып пюре жасаңыз. Жұмыртқаларды пісіріп алыңыз. Жұмыртқаларды, шұжық пен корнишондарды төртбұрыштап тураңыз. Арнайы “пленка”ға картоп пюресін қойып, жайыңыз.  Картоптың үстіне бұршақ және алдын ала туралғандарды қойып, рулет етіп пленкаға ораңыз. Тоңазытқышқа кем дегенде 1 сағатқа қойып қойыңыз. Картоп форманы жақсы ұстауы керек. Аскөкті майдалап тураңыз. Енді рулетті аскөкке  малып (?), тілімдеп кесіңіз. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
Тойка

Картопты рулет салаты оте катты унады))

wpDiscuz