Пекин қырыққабаты қосылған салат

0

Пекин қырыққабаты кәдімгі қырыққабатқа қарағанда едәуір “шырынды” (ор. сочный), жапырақтары да нәзіктеу. Көп витаминдерді ұзаққа дейін сақтайды.  Салат жапырақтары сияқты түрлі салаттарға жақсы келеді. Бүгін сол пекин қырыққабатынан қарапайым бір салат рецепті.

Бізге қажет болады:

  • пекин қырыққабаты
  • 1 қиыр
  • жарты тәтті сары бұрыш
  • 2 тал аскөк
  • 10 шақты қара зәйтүн
  • зәйтүн майы
  • тұз бен қара бұрыш

Қияр мен тәтті бұрышты ұзыншаларға тураңыз. Қырыққабатты майдалап турап, тұздаңыз да, артық судан сығып алыңыз. Қырыққабатты туралған қияр мен бұрышқа қосып,  шеңберлерге туралған қара зәйтундармен араластырыңыз. Енді қара бұрыш қосып, зәйтун майымен араластырыңыз. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпараткөзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz