Гүлді қырыққабат қосылған салат

0

img_0130

Бізге қажет болады:

  • гүлді қырыққабат
  • үш түсті бұрыштар
  • 2-3 түйір сарымсақ
  • 1 ас қасық сірке
  • зәйтүн / сұйық май
  • аскөк пен көк пияз

Гүлді қырыққабатты тұзды суда пісіріңіз. Қалаған үлкендікте бөлшектеңіз. Бұрыштарды төртбұрыштарға турап қосыңыз. Бір табаға 1-2 ас қасық майды қыздырып, майдалап туралған не болмаса үккіштен өткізілген сарымсақтармен араластырыңыз. Сарымсақтарды салатқа қосыңыз. Сіркемен араластырыңыз. Аскөк пен көк пиязды майдалап турап қосыңыз.

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz