Дәмді Omelet rice жасаймыз

0

13

Бізге қажет болады:

Ішіне:

— тауық
— пияз
— сарымсақ
— томат пастасы
— тұз бен бұрыш
— аздап су
— піскен күріш

Сыртына: жұмыртқа + тұз + аздап сүт + кетчуп

Алдыменен майдалап туралған пияз бен сарымсақты қуырып алыңыз да, туралған тауық және тұз/бұрыш қосыңыз. Тауық пісе бергенде томат пастасын қосып, аздап сумен буқтырып аласыз да, піскен күріш қосасыз. Бөлек ыдыста 2 жұмыртқа мен аздап сүт және тұз/бұрыш қосып араластырасыз. Енді табаға жұмыртқаның бір жағын қуырып алып, ортасына күріш қоспасын қойып, шеттерін орайсыз да, ыдысқа теріс аударып төңкересіз. Асыңыз дәмді болсын!

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz