Тауық етіне көкөністер қосып тағам жасаймыз

0
тауық еті, тағам жасау, көкөністер, тауық еті мен көкөніс

тауық еті, тағам жасау, көкөністер, тауық еті мен көкөніс

Бұл тамақ расында да өте ыңғайлы. Әсіресе көп түрлі тамақ пісіру керек болған кезде, олардың бәрін пісіруге үлгермей жатқан кезде… табылған ақыл болмақ . Тамақ пеште пісе бергенше салатты да жасап, сорпаны да пісіріп үлгересіз. Аз машақатты, дәмді тағам түрі. Жүгері, көк бұршақ қосып тауықпен де, етпен де талай жасап жүрсем де, рецептті аспаздыққа жазу бүгінге бұйырған екен.

— 1 кг тауық
— 5 картоп
— 2 қызанақ
— 2 болгар бұрышы
— 1 сарымсақ
— 1 сәбіз

Көкөністердің бәрін аршып, ірілеп тураңыз. Тауықты жуып, бөлшектеңіз. Тұз + қызыл бұрыш + майдаланған сарымсақ қосып, бәрін жақсылап араластырыңыз. Пеш үшін арнайы ыдысқа қойып, үстін фольгамен немесе “рукав”-пен жауып, 220С ыстықта пісіріңіз. Тауықтың суы аздап тартылғанда астын өшіріп, сервис жасаңыз. Ас болсын!

Дереккөз: aspazdik.com

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz