Еттен рулет жасаймыз

0
ет фарш

ет фарш

Бізге қажет болады:

— жарты кг фарш
— қара бұрыш, тұз
— 2 піскен жұмыртқа
— 2 піскен кішігірім сәбіз
— 1 жұмыртқаның ағы
— 1 тілім нанның жұмсағы
— жарты стакан су

Етті бұрыштап, тұздаңыз. Нанды суға жібітіп, сүзіп алыңыз да, етке қосыңыз. Араластырыңыз. Ыдысқа фольга төсеп, еттің жартысын төсеңіз. Піскен жұмыртқаны аршып, бүтіндей ортасына қойыңыз. Сәбізді аршып, ұзынша етіп жұқалап тұраңыз да, жұмыртқаның айналасына қойыңыз. Еттің екінші жартысын жұмыртқалардың үстінен жауып, шеттерін бүгіңіз. Еттің үстіне жұмыртқа ағын жағыңыз. Фольганы нықтап жауып, 220С ыстық духовкада 30-35 минут пісіріңіз.

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
wpDiscuz