Лимон дәмді кекс дайындау

2
лимон кекс

лимон кекс

Бізге қажет болады:

— 250 гр жұмсартылған сары май
— 200 гр қант
— 50 гр қант пудрасы
— 4 жұмыртқа
— 150 гр ұн
— 125 гр крахмал
— 1 ш.қ. разрыхлитель
— 2 лимон цедрасы

Глазурь үшін:
— 200 гр қант пудрасы
— 4 ас.қ. лимон шырыны

Ұн + разрыхлитель + крахмалды елеп дайындап қойыңыз. Сары майды түсі ағара бастағанға дейін миксермен араластырыңыз. Қант пен қант пудрасын қосып ары қарай араластырыңыз. Енді бір-бірден жұмыртқаларды қосыңыз. Әр жұмыртқадан кейін жақсылап араластырып тұрыңыз. Миксер жылдамдығын азайтып, ұн қоспасын қосыңыз. Ең соныңда лимон цедрасын қосыңыз. Кекс формаңызды майлап, қамырды құйыңыз. Қамырдың үстін тегістеп, алдын ала қыздырылған 170С духовкада 1 сағаттай пісіріңіз. Жылы кекстің үстіне глазурь (лимон шырыны + қант пудрасы) құйып, суытыңыз. Асыңыз дәмді болсын!

лимон кекс

Ақпарат көзі: http://aspazdik.com/

Отправить ответ

avatar
жулдыз

маған ұнады дәмді болып шығатынына сенімдімін

Айзат

оте жаксы болган

wpDiscuz